41
1994 жылы Қазақ ұлттық техникалық университеті атына ие
болды.
1999 жылы университетке инженерлік-техникалық маман-
дарды даярлауда ерекше үлес қосқаны үшін белгілі ғылым, ака-
демик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың аты берілді. 2001 жылы
5 шілдеде ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жарлығымен уни-
верситетке ерекше мәртебе берілді.
Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу
университеті тарихы Қазақстандағы
инженерлік білім берудің
бастауы ғана емес, мемлекетіміздің мәдени тарихымен астасып
жатқандығын көрсетеді.
ХХ ғасырдың 30-жылдарында ауыл шаруашылығындағы
тұралаған техника мен экономиканы жетілдіру мен көтеру үшін
елімізде техникалық жоғары білімді мамандарды даярлау мәсе-
лесі қойылды.
Қазіргі кезде университет құрамына 8 салалық институт, қа-
шықтықтан білім беру институты және әскери-істер институты,
Excellence PolyTech жоғары оқу орнынан кейнгі білім институты
кіреді.
Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы
– Қазақстандағы
жетекші жоғары оқу орындардың бірі. Бұл оқу ордасы сәулет,
дизайн, құрылыс, ағаш өңдеу және тағы басқа құрылыс сала-
сындағы мамандар дайындайды.
Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы (ҚазБСҚА) 2001 жылы
Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс
академиясының базасында
құрылды. ҚазБСҚА дербес жоғары оқу орны ретінде 1980 жыл-
дан бері жұмыс істеп келеді. Алайда, оның тарихы өзінің бас-
тауын, негізінен, Қазақ политехникалық институтының өндіріс-
тік және азаматтық құрылыс мамандығына студенттердің ал-
ғашқы тобы қабылданған 1957 жылдан алады. 1961 жылы сәу-
лет мамандығына
студенттер қабылданды, содан былай мына-
дай факультеттер құрылды: құрылыс, сәулет және санитарлық-
техникалық.
1980 жылы осы факультеттер базасында,
одан әрі Қазақ
мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясына (ҚазМСҚА, 1992 ж.)
айналған Алматы сәулет-құрылыс институты (АСҚИ) ашылды.
42
Факультеттің көптеген түлектері сәулеттік тәжірибе орта-
сында және жоғары кәсіпті маман болып өсіп шығады. Олар ҚР
ішінде және одан тыс елдерде белгілі болған «Республика»
алаңының мекеме ансамблі, Республикалық «Офицерлер үйі»,
«АХБК-ның Мәдениет сарайы», «Оқушылар сарайы», Астана
қаласының
Басты жоспарлары, Алматының және т. б.сәулеттік
жобалардың авторларына айналды.
Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы – Қазақстандағы ал-
дыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының бірі. Осы оқу орда-
сынан бірнеше қазақстандық атақты сәулетшілер шыққан.
Достарыңызбен бөлісу: