12
Автомобиль көлігі
2011 жылдың мамырына сәйкес Қазақстанда 3 264 400 жеңіл
автокөлік тіркелген. Қазақстанның
автокөлік тас жолдарының
ұзындығы 96 мың км-ден асады. Қазақстан арқылы жалпы ұзын-
дығы 23 мың км болатын 5 халықаралық автокөлік бағыттары
өтеді. Автокөлік магистарлдары:
Алматы – Астана – Қостанай (М-36 трассасы), Челябинскіге
шығады;
Алматы – Петропавл, Омскіге шығады;
Алматы – Семей – Павлодар (М-38 трассасы), Омскіге шы-
ғады;
Алматы – Шымкент (М-39 трассасы), Ташкентке шығады;
Шымкент – Ақтөбе – Орал (М-32 трассы),
Самараға шы-
ғады.
2009 жылы Қазақстан аумағында «Батыс Еуропа – Батыс
Қытай» автомагистралінің құрылысы басталды. Оны 2015 жылы
аяқтау жоспарланды. Жолдың жалпы ұзындығы 8445 км-ді құ-
райды, оның 2787 км-і Қазақстан аумағы арқылы (Ақтөбе, Қы-
зылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстары) өте-
ді. Жолдың асфальтбетонды жабынының қалыңдығы – 80 см,
автомагистральдың күрделі жөндеусіз жұмыс істеу мерзімі –
25 жыл, шекті қозғалыс жылдамдығы – 120 км/сағ.
Жобада
кейбір өзендер үсті арқылы көпірлер, екі деңгейлі жол айрық-
тары,
жол-қолданбалы комплекстер, аялдама алаңдары, мал өт-
кізу
орындары, электронды таблолар қарастырылған. Құрылыс-
пен бір мезгілде трасса бойындағы кейбір аудандарда жаңа жол-
дар салынып, ескі жолдар жөндеуден өтпек.
Достарыңызбен бөлісу: