Қазақ тілінен мәтіндер жинағЫ (техникалық мамандықтарға арналған)


("Қазақстан". Ұлттық энциклопедия / Бас.ред. Ә.Нысанбаев. – Алматы:  "Қазақ энциклопедиясы" Бас редакциясы, 1998. –1-т. – 58-59 бб.)



Pdf көрінісі
бет6/36
Дата17.11.2023
өлшемі0.74 Mb.
#483516
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
2017. Мәтбек, Мәтіндер жинағы (техника). Жинақ

 
("Қазақстан". Ұлттық энциклопедия / Бас.ред. Ә.Нысанбаев. – Алматы: 
"Қазақ энциклопедиясы" Бас редакциясы, 1998. –1-т. – 58-59 бб.) 
 
 
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КӨЛІК ЖҮЙЕСІ 
 
Қазақстандағы көлік (транспорт) өте маңызды рөлге ие. Ел-
дің үлкен аумағы (2,7 млн км²), халық тығыздығының азды- 
ғы, өндіріс және ауыл шаруашылық орталықтарының бы-
тыраңқы орналасуы, сонымен қатар әлемдік нарықтардан алшақ-
та орналасуы көлік жүйесінің дамуын Қазақстан үшін маңызды 
етуде. 
Қазақстандағы теміржол көлігі 
Қазақстан үшін теміржол көлігінің маңызы өте зор. Қазақ-
станда теміржол барлық жүк тасымалы айналымының – 68%-
ын, ал жолаушы тасымалының 32%-ын қамтамасыз етуде. 
Қазақстан теміржолының ұзындығы 15 мың км-ден асады. 
Қазақстанның теміржол жүйесін көршілес елдермен 16 темір 
жол торабы байланыстырады (11-і – Ресеймен, 2-еуі – Өзбек-
станмен, 1-еуі – Қырғызстанмен, 2-еуі – Қытаймен). Қазақ- 
стан мен Ресейдің теміржол жүйелері бір-бірімен тығыз байла-
нысты. 
Қазақстанның көлік жүйесін дамыту стратегиясы аясын- 
да 2017 жылға дейін 1400 км теміржол жаңадан салынбақ және 
бұрыннан бар 2700 км темір жолды электрлендіру жоспар-
лануда. 
 
 


12 
Автомобиль көлігі
2011 жылдың мамырына сәйкес Қазақстанда 3 264 400 жеңіл 
автокөлік тіркелген. Қазақстанның автокөлік тас жолдарының 
ұзындығы 96 мың км-ден асады. Қазақстан арқылы жалпы ұзын-
дығы 23 мың км болатын 5 халықаралық автокөлік бағыттары 
өтеді. Автокөлік магистарлдары: 
Алматы – Астана – Қостанай (М-36 трассасы), Челябинскіге 
шығады; 
Алматы – Петропавл, Омскіге шығады; 
Алматы – Семей – Павлодар (М-38 трассасы), Омскіге шы-
ғады; 
Алматы – Шымкент (М-39 трассасы), Ташкентке шығады; 
Шымкент – Ақтөбе – Орал (М-32 трассы), Самараға шы-
ғады. 
2009 жылы Қазақстан аумағында «Батыс Еуропа – Батыс 
Қытай» автомагистралінің құрылысы басталды. Оны 2015 жылы 
аяқтау жоспарланды. Жолдың жалпы ұзындығы 8445 км-ді құ-
райды, оның 2787 км-і Қазақстан аумағы арқылы (Ақтөбе, Қы-
зылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстары) өте-
ді. Жолдың асфальтбетонды жабынының қалыңдығы – 80 см, 
автомагистральдың күрделі жөндеусіз жұмыс істеу мерзімі –
25 жыл, шекті қозғалыс жылдамдығы – 120 км/сағ. Жобада 
кейбір өзендер үсті арқылы көпірлер, екі деңгейлі жол айрық-
тары, жол-қолданбалы комплекстер, аялдама алаңдары, мал өт-
кізу орындары, электронды таблолар қарастырылған. Құрылыс-
пен бір мезгілде трасса бойындағы кейбір аудандарда жаңа жол-
дар салынып, ескі жолдар жөндеуден өтпек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет