Қазақ тілінен мәтіндер жинағЫ (техникалық мамандықтарға арналған)



Pdf көрінісі
бет5/36
Дата17.11.2023
өлшемі0.74 Mb.
#483516
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
2017. Мәтбек, Мәтіндер жинағы (техника). Жинақ

 
 
 



ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АВИАЦИЯНЫҢ ДАМУЫ
Қазақстандағы авиацияның дамуы 1926 жылдан басталады. 
Осы жылы Қызылорда аэропортының құмдауыт алаңынан ал-
ғаш болып аспанға ПО-2 ұшағы көтерілді. 1929 жылы Қызыл-
орда – Мәскеу әуе жолы орнықты. Алматы – Мәскеу тұрақты 
әуе қатынасы 1940 жылы ПС-84 ұшағы арқылы жалғасты. 1970 
жылы әуе жолының ұзындығы 75 мың км-ге жуықтады. Әуе 
жолы ол кезде Қазақстан астанасы – Алматыны одақтас респуб-
ликалар астаналары және ірі өнеркәсіпті қалалармен байланыс-
тырды.
1977 жылдан дыбыстан жылдам ұшатын ТУ-144 жолаушы 
алып ұшағы КСРО-да тұңғыш рет Алматы мен Мәскеуді жал-
ғастырды. Республикамыздың аудан, облыс орталықтарының 
өзара әуе жолымен байланысы орнады. Республика әуе жолда-
рының ұзындығы 1975 жылы 80,0 мың км болды. Бұл сол кездегі 
жалпы одақтың әуе жолдары ұзындығының 11%-ы еді. Онан 
кейінгі жылдары ұшақ паркі сапа жағынан жаңартылып, сан жа-
ғынан өсе түсті. Республиканың әуе жолдарында Ан-24, Ил-18, 
Ил-62, Ту-134, Ту-154, Як-134, Як-40 ұшақтары жолаушыларға 
қызмет ете бастады. Жаңа техникалардың қолданылуына байла-
нысты аэропорттар жүйесі едәуір ұлғайды. 
Ұшақтарды қондыру әрі қозғалысын басқарудың радио-ра-
диолокациялық пен жарыққа негізделген техникалық құралда-
рын қайта құру және жаңарту жөнінде көп жұмыстар атқарыл-
ды. 1990 жылдардан бастап тәуелсіз Қазақстан Республикасы 
қалаларын дүниежүзінің көптеген қалаларымен байланыс-
тырады. Астанадан тәулігіне – 150, Алматыда 200-ден аса әуе 
кемелері ұшады. 
 
 
Авиация өнеркәсібі 
Авиация өнеркәсібі – өнеркәсіптің арнаулы конструкторлық 
және өндірістік тәсілдермен авиация техникасын жасайтын са-
ласы. ХХ ғасырдың басында авиация техникасын игерудегі 
елеулі жетістіктер ұшу құралдарын көптеп шығаруды талап етті. 


10 
Әсіресе І дүниежүзілік соғыс ұшу құралдарын әскери мақсатта 
кеңінен пайдаланудың мол мүмкіндіктерін ашып берді. Соғыста 
аэростаттармен қатар, ішінде зеңбіректер орнатылған, бомба 
салынған шағын ұшу аппараттарының қолданылуы авиация өн-
дірісін өрістетуге кең жол ашты. Еуропаның көптеген елдерінде 
жаңа авиация зауыттары салынды.
Ауыр ұшақтар жасаудан Ресей 1-орын алды. Авиаконструк-
тор Игорь Сикорский жасаған (1913) төрт моторлы «Илья Муро-
мец» ауыр ұшағы 800 кг бомба, 5 – 6 зеңбірек, 8 адам көтере-
тіндіктен өте тиімді болып шықты. Су бетіне қона алатын ұшақ-
тармен қатар, француздардың «Фраман», «Вуазен», «Ньюпор» 
ұшақтары, ағылшынның «Сопвич», немістің «Фоккер» ұшақта-
рының осы кезеңде көптеп шығарылуы авиация өнеркәсібінің 
өркендеуіне пәрменді ықпал жасады. 1914 жылы Франция 540 
ұшақ, 1100 авиация қозғалтқышын шығарды. 1917 жылы Ресей-
де шағын 15 авиазауыт жұмыс істеді. Чехословакия, Польша, Қы-
тай, АҚШ, Англия мен Франция жаппай ұшақ жасай бастады. 
1930 жылдардан бергі жерде АҚШ-та, Ресейде, Германияда, Ан-
глияда, Италияда реактивті қозғалтқыш жасауға басты көңіл 
бөлінді. 1937 жылы турбореактивті қозғалтқыш жасалды. 1939 
жылы неміс фирмалары шығарған сұйық отынды реактивті қоз-
ғалтқыш шығарды. Мұндай қозғалтқыш орнатылған ұшақтар-
дың жылдамдығы сағатына – 3000 – 3500 км, ұшу биіктігі – 
30000 м, қашықтығы 10000 км-ден асты. Әуеде жанармай құйып 
алатын алыс сапарға ұшатын аппараттар жер шарының қалаған 
қиырына бара алатын болды. ІІ дүниежүзілік соғыс кезінде 
(1939 – 1945) авиация өнеркәсібі ерекше қызу қарқын алды. 
Әскери авиация Германия мен Жапония сияқты басқыншы- 
лық саясатын ұстанған елдердің қолындағы аса қуатты қаруға 
айналды. Олар авиация өнеркәсібін дамытуды мықтап қолға
алды.
Кеңес өкіметі кезінде экономикалық тұйықтықта ұсталған 
Қазақстанда авиация өнеркәсібін өркендетуге мүмкіндік болма-
ды. Әйтсе де ұшақтардың корпусын, моторын, қозғалтқыш-
тарын және басқа да маңызды тетіктерін жасауға Қазақстан ме-
талы пайдаланылды. Ондай тетіктердің көбісі Алматы, Қара-
ғанды, Шымкент, Петропавл, Арқалық, Өскемен қалаларындағы 


11 
зауыттарда жасалады. Қазір Қазақстан әскери авиация құрал-
дары мен азаматтық авиация ұшақтарын, негізінен, Ресейден 
алады. Қазақстан азаматтық авиациясы соңғы жылдары жолау-
шылар таситын бірнеше «Боинг» ұшағын Америкадан сатып ал-
ды. Қазір авиация өнеркәсібі АҚШ, Канада, Англия, Францияда 
жақсы дамып отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет