Қазақ тілінің сөзжасамы А. Б. Салқынбай – ф.ғ. д., профессор І. Сөзжасам – тіл білімінің жеке саласы


Туынды сөздердің құрамындағы мағыналық рең



бет17/62
Дата15.02.2022
өлшемі0.82 Mb.
#455393
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   62
Дәріс -әдістемелік оқу құралы. 1-басылым

Туынды сөздердің құрамындағы мағыналық реңді айқындау қажет болады. Ол үшін туынды сөздердің өзін денотаттық (заттық) және сигнификаттық (ұғымдық), коннатациялық (бейнелік) ұғымды білдіретін атаулар деп бөліп алған жөн. Денотаттық атаулардың туынды мағыналарын айқындау қиынға түсе қоймайды. Олай болуы оның заттық қасиетімен байланысты. Жаңадан пайда болған ұғым зат не құбылысқа қатысты болғандықтан, оның ерекшелігі таңбалық сипаты арқылы айқын көрінеді. Мысалы: Сары+арқа – Сарыарқа, Ұлы+тау - Ұлытау, Жеті+су - Жетісу, ақ+бөкен - ақбөкен, қой+шы - қойшы, бас+тық - бастық, бас+қарма – басқарма, т.б.

Ал сигнификаттық мағына “түйсік арқылы қабылданып, жалпыланған субъективті бейнені” (М.Оразов) білдіретіндіктер, туынды сөздің құрамында пайда болған екіншілік мағынаның белгісін анықтау оңайға түсе қоймайды. Бұл, әсіресе, кейбір сын-сапаны, қимыл-әрекетті, т.б білдіретін туынды атаулардың мағыналық құрылымына тән. Айталық, көк-көкшіл, боз-бозаң, биік-біп-биік, жасыл-жап-жасыл, көр-көру-көргіз-көрсет, көрсеткіз-көрсеткізу сияқты сөздердің мағыналық құрылымында туынды екіншілік мағына бар ма, жоқ па деген күрделі сұраққа жауап беру керек.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   62




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет