Қазақ тілінің сөзжасамы А. Б. Салқынбай – ф.ғ. д., профессор І. Сөзжасам – тіл білімінің жеке саласы



бет19/62
Дата15.02.2022
өлшемі0.82 Mb.
#455393
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   62
Дәріс -әдістемелік оқу құралы. 1-басылым

Сөзжасамдық Сөзжасамдық мағынаның

уәждеме құрылымы күрделі. Ол өзін

құрайтын сөзжасамдық тұлғалардың мағыналары арқылы негізделеді. Кез келген туынды сөздің сөзжасамдық мағынасы құрамындағы тұлғалар мағынасымен белгілі дәрежеде уәжделеді. Төл ұғым негізінде жасалған кез келген туынды сөздің уәжсіз болуы мүмкін емес. Сондықтан да, уәжділік сөзжасам теориясының негізгі ұғымдарының бірі ретінде саналады.

Тіл адам танымының жемісі болғандықтан, туынды сөз мағыналары құрамындағы сөзжасамдық тұлғалардың мағыналарына негізделеді. Тілдің әмбебаптық қасиеті оның жалпы заңдылықтарын негіздей алады. Осы ретте әлемдік тіл білімінде қалыптасқан ғылыми-теориялық ойлардың қазақ тіл білімінде қабылдануының мүдделілігі анық. Қай тілде болса да, атау негізінде жатқан ұғым арқылы уәжделіп, себепші негіздің мағыналық құрылымының мағыналық сыңарлары туынды сөздің семантикасын құрайды. Сондықтан да мотивация (уәждеме) теориясының типологиялық кешені болуы ықтимал. Бұл кешенді зерттеуді қажет ететін күрделі жеке мәселе. Уәжділік барлық қабаттағы сөздерге тән. Айталық, сөздің, атаудың жасалу уәжі бар, фразеологизмдердің қалыптасуында ұлттық негіз басым, сөз тіркесінің жасалуында семантикалық негіз бар, сөйлем құрылысында да сөйлеуге тән валенттілік заңына бағынатын өзіндік уәжі бар. Осының бәрі тілдің негізгі нысаны – сөз болуымен байланысты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   62




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет