Қазақ тілінің сөзжасамы А. Б. Салқынбай – ф.ғ. д., профессор І. Сөзжасам – тіл білімінің жеке саласы



бет28/62
Дата15.02.2022
өлшемі0.82 Mb.
#455393
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   62
Дәріс -әдістемелік оқу құралы. 1-басылым

Туынды сөздердің Синтагматика – сөйлеуде

синтагматикалық қатынасы не жазу мәтінінде жүйелі

орналасқан тілдік

бірліктердің арасында пайда болатын қатынас. Синтагматикалық қатынас дыбыстардың, сөздердің, сөзжасамдық тұлғалардың, сөз тіркестерінің сыңарлары арасында, сөйлемдердің құрамының бір-бірімен байланысы арасында көрініс табады. Тілдік бірліктер арасындағы синтагматикалық қатынастарды ерекше бөліп қарастыру Ф. де Соссюр мен Бодуэн де Куртене еңбектеріне тән. Синтагматикалық талдаудың екі түрлі тәсілі бар: валенттілік талдау (көрші тұрған тілдік бірліктердің мағыналық қатынасы) және дистрибутивті талдау (бірліктердің лексикалық және грамматикалық мағынасын ескермей, мәтіндегі бірліктердің қоршаған ортасын зерттеу).

Синтагматикалық және парадигматикалық қатынас тілдің жүйелі құрылым екенін көрсететін негізгі фактор. Синтагматикалық қатынас сөйлеу не жазу кезіндегі тілдік бірліктердің көлденең бағыттағы бірінен кейін бірі байланысып келе алу қабілетін, байланыса алу қасиетін айқындайды.

Синтагматикалық қатынас сөзжасамдық жүйеде де нақты көрініс табады. Бұл заңды да. Сөзжасамдық тұлғалардың бір-бірімен қосарлануы, тіркесуі, жалғануы, бірігуі нәтижесінде жаңа атау жасауы үшін синтагматикалық қатынастың орындалуының өзіндік ерекшелігі бар. Сөзжасамдық тұлғалардың белгілі тәсіл арқылы жаңа атау жасауы үшін, мағыналық, тұлғалық, ұғымдық жақындығы, синтагматикалық қатынасқа түсе алуы, тілдік нормаға сай болуы қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   62




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет