Қазақ тілінің сөзжасамы А. Б. Салқынбай – ф.ғ. д., профессор І. Сөзжасам – тіл білімінің жеке саласы


І. Себепші негізге қимылдық, қозғалыстық мағына қосатын сөзжасамдық тұлғалар



бет36/62
Дата15.02.2022
өлшемі0.82 Mb.
#455393
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   62
Дәріс -әдістемелік оқу құралы. 1-басылым

І. Себепші негізге қимылдық, қозғалыстық мағына қосатын сөзжасамдық тұлғалар:

-та, -те, (-да, -де, ла, -ле); Бұл жұрнақ кез келген себепші негізге жалғана бермейді. Валенттілік ыңғайына қарай дене мүшелері атауларынан кейін (ауызда, қолда, тісте, жұдырықта, аяқта, баста, көзде, уыста, қолтықта т.б.); еңбек, тұрмыстық құралдары атауларынан кейін (балғала, балтала, үтікте, кісенде, оқтаула, қасықта, тізгінде, тырмала, қақпанда, кілтте, құлыпта, т.б.); қимыл-қозғалыс арқылы іске асырылатын зат атауларынан кейін (ұшта, күште, сабында, жүнде, тұзда, мұзда, күнде, т.б); сындық-сапалық мағынадағы атауларға жалғана келе (тазала, кірле, қызылда, ақта, қарала, көкте, әдеміле, сұлула, ажарла, жақсыла, жаманда, т.б.); өлшемдік мәнді атаулардан кейін (таразыла, адымда, тоннала, қарыста, сүйемде, т.б.); еліктеу, бейнелеу мәніндегі атаулардан кейін (жарқылда, жырқылда, тарсылда, ырсылда, тырсылда, суылда, ысылда, мамырла, митыңда, маңқылда, сусылда т.б.); төл атауларынан кейін (ботала, лақта, қозда, төлде, бұзаула, т.б); сандық мәнді атаулардан кейін (екеуле, үшеуле, төртеуле, онда, жүзде, мыңда т.б.) т.б. атауларға жалғанып, әртүрлі парадигмалық қатар құра алады.

Тіліміздегі ең өнімді СТТ қатарына жататын бұл жұрнақтың құрылымдық сипаты туралы кең ғылыми түсінікті ғалым А.Ысқақов морфологиялық аспектіде тәптіштеп жазған еді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   62




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет