-тас, -тес, -дас, дес, -лас, -лес. Құрамы екі -та және –с тұлғаларынан тұрғандықтан, мағыналық құрылымы да күрделі келеді. –Та, -те тұлғасының сөзжасамдық мағынасына –с формасының ортақтықты білдіретін мәні қосылады. –Тас, -тес сөз тудырушы тұлғасы та+с, те+с (етістік тудырушы жұрнақ+ортақ етіс) жұрнағымен тұлға жағынан бірдей, мағынасы жағынан ұқсас болғанымен, екеуі бірдей емес. -Тас, -тес сөз тудырушы тұлға атауға жалғанып, екіншілік мағына туғызғанда құрамы тұрақты болады да, ажырағанда мағына жасалмайды. Сондықтан да, А.Ысқақов мұндай тұлғаларды құранды жұрнақ деп атаған. Мысалы: көмектес, ақылдас, айлас, мұңдас, құрбылас, достас, сырлас, дәмдес, елдес, пікірлес т.б.
-дат, дет, -лат, -лет. Құрамы –да және –т тұлғаларынан құралған, мағынасы жағынан да күрделі құранды жұрнақ.
Іс-әрекеттің еселену, жиілену семасын туғызады: : тездет, жылдамдат, желдет, селдет, талдат, т.б.
-а,-е. Сөзжасамдық мағына туғызатын бұл СТТ қазіргі тіліміздегі көсемше тұлғасымен тарихи сабақтас, шығу тегі бір, қимыл есімдерінің функциональдық-семантикалық дамуының нәтижесі ретінде танылады.
-а,-е тұлғасы заттық мағыналы сөздерге жалғанып, іс-әрекеттің басталатынын, енді басталғанын көрсетеді.
іс-әрекеттің тез туу, басталу семасы: ата, деме, аса, жаса, біле, тіле;
іс-әрекеттің, қимылдың қозғалысы семасы: ойна, жадыра, өрте, сына, теңе, қина, жина;
іс-әрекеттің қайталану, қосарлану семасы: салдыра, сылдыра, түзе, жарқыра, т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |