Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі



бет43/96
Дата22.02.2023
өлшемі1.11 Mb.
#469915
түріСабақ
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   96
аза cтан Республикасы білім ж не ылым министрлігі

Бірінші деңгей – ынталы-өнімді немесе енжарлық. Әр жолы қандай да бір елігу, ынтамен анықталған, сырттан берілгенді бастамасыз қабылдау әрекеті.
Екінші деңгей – эвристикалық. Бұл деңгей белгілі бір деңгейде инттелекті бастаманың көрінуімен сипатталады. Бұл интеллектік бастама не ішкі фактор, не әрекеттік объективті бағасымен ынталандырылмайды. Шығармашылық – барлық әрекеттің сапа белгісі, ал шығармашыл мұғалім – барлық реформаның негізгі кейіпкері.
Мұғалімнің қызметінің нәтижелі болуы шығармашылықпен тығызбайланысты. Онсыз шеберлікке жету мүмкін емес. Ол үшін оның өзіндік «мені» болуы қажет. Тек ынтымақтастық жағдайда ғана ондай мүмкіндік туады.(Г.С.Костюк, В. Янтос, Г.А.Цукерман). Болашақ педагогті ашық өз пікірін айтуға, мәселеге сын көзбен қарауға, сын айтып бағалауға уйрету қажет. Канада психологі Г. Селье шығармашылықтың үш типін көрсеткен: тапқыштар, идеялардың генераторлары, энциклопедистер, сыншы–ғалымдар. Бір адамда бұл қабілеттер сирек кездеседі. Бұл қабілеттерді дамыту үшін оқу-тәрбие процесінде студенттерге еркіндік беріп, топтың пікіріне бағындырмай (ноноконформдық) өз пікірлерін айтуға ұмтылдыру қажет. Ол үшін дискуссия , мақалаларға пікір, сын айту , конкурстар т. б. түрлерін қолдану маңызды. Ол үшін оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда төмендігідей жағдайлар жасау: қарым-қатынас жасауда бағаламау, сынамау, сабақта стрестік жағдай тудырмау, оқытуда ашық жағдай тудыру, конформизімді болдырмау.
А.Маслоу,К.Роджерс шығармашылыққа ие болу үшін мұғалімде төмен-дегідей қасиеттері болуы маңызды деп есептейді:
-өзінің мүмкіндігін толық көрсете алу (самореализация);
- қызметке шексіз берілу, жетілдіруге ұмтылу;
- өзі болу, ашықтық, әлеуметтік рөлдің маскасын пайдаланбау;
-проблемаларды, шындықты дұрыс қабылдау, шешудің жаңа жолдарын іздестіру;
- өзін және басқаларды қандай болса солай дұрыс қабылдау;
- өзіне сенімділік, еркіндік, өзінің потенциалына суйену;
- қызметіне сын көзбен қарай білу, рефлекссияға қабілеттілігі;
- икемділігі, шын ниеттілігі, ақкөңілдігі, эмоционалдығы;
- жаңалыққа ашықтық;
- динамикалық өзгермелігі, өзгеруге дайындығы.
Педагогикалық өмір үнемі өзгерісте болып тұрады, сол өзгерістерге қарай педагог өзі де өзгеріп, өзін жетілдіріп тұруы керек. Педагогтың шығармашылық дамуы оның жеке даралық кәсібі мәдениетінің қалыптасуына мүмкіндік туғызады.
Педагог үнемі өзін -өзі анықтап, өзін -өзі дамытып, өзінің мүмкіндігін толық көрсете білуі қажет. Сондықтан ол білуі керек:
- өзінің қабілетін, ерекшеліктерін;
- өмірлік, кәсіби мақсатты қоя, таңдай білу;
- түрлі жағдайларды жоспарлай, шешім қабылдай білу;
- мәселені шешудің түрлі әдіс , тәсілдерін табу;
- өзін бағалай білу, рефлекссияға қабілеттілігі.
И.Харламов мұғалімнің педагогикалық шығармашылығын оқу-тәрбие әрекетіне әр түрлі әдістемелік түрлендірулерді енгізіп, оқу және тәрбие тәсілдері мен әдістерін рационалдау арқылы жүзеге асырады. Кәсіби әрекеттің жоғары деңгейі ретінде ғалым педагогикалық жаңашылдықты атап көрсетеді. И.Харламовтың пікірінше, жаңашыл мұғалімдер педагогикалық үрдістің жаңартушысы болып табылады. Сонымен қатар жаңа бағдарламалар құрады, оқу-тәрбие мәселелерін шешуде жаңа идеялар ұсынады, жаңа технологиялдар құрастырады.
В.Загвязинский педагогикалық шығармашылықтың әлеуметтік маңыздылығын, жаңалығын және икемділігін бағалайды. Ол педагогикалық шығармашылықты өзінің объективті мағынасы мен мәніне байланысты жаңа-лықтарға,өнертапқыштыққа және жетілдіруге бөледі. Соған сәйкес шығарма-шылық әлеуеттің үш деңгейі жайлы айтылады.
1.Аса көлемді және жаңашыл педагогикалық шешімдер–бұлар жаңалықтар. Олар әрекетті және соған кіріскен адамды жетілдірудің жаңа мүмкіндіктерін көруге көмектеседі.
2. Шығармашылық әлеуеттің екінші деңгейі- басқа түрге айналдырумен, педагогикалық жүйелердің кейбір элементтерін құрастыру, білім беру және тәрбиелеудің шарттары, құралдарымен, әдістерімен байланысты болып келеді.
3. Оқытушы әлеуетінің үшінші деңгейі – бұл жетілдіру, яғни, білім беру және тәрбиелеудің белгілі әдістері мен құралдарын жетілдіру, нақты шарттарға бейімдеу.
Тұлғаның шығармашылық тұрғысынан өзін-өзі жүзеге асыру шығар-машылық сипаттағы әрекетке алғы шарт ретінде қарастырылады.
Әр жастағы, дайындығы мен табиғаты әр түрлі балаға білім мен тәрбие беруде белгіліні өзгертіп, ал жаңадан жаңаны тудырушы суреткерлік шығар-машылықтың белгісі. Ескілікті елемей жаңа жолмен жүруге бағыт алу, біртүр-лілікті қабылдамау, ойлап табу, тудыру, жасап көру – жаңашыл мұғалімнің күнделікті кәсіби жағдайы. Шығармашылық–мәселені белгілі тәсілдермен шешуге болмайтын жағдайда туындайды. Дегенмен, бұл қисынсыз әрекет емес. Жаңа тапқыр шешім қабылдауға әкелетін әрекет - әр түрлі деңгейде, бірнеше кезеңдерден тұратын күрделі психологиялық үрдіс. Осы мәселені зерттеген ғалымдар педагогикалық шығармашылық төмендегідей кезеңдерден тұратынын анықтаған:
-педагогикалық ойдың пайда болуы;
- түпкі ойды талдау;
- педагогикалық ойды әрекетке айналдыру;
-шығармашылықтың нәтижесін талдап бағалау туралы пікір айтқандар: В.А. Кан-Калик, Н.Д. Никандров.
-жаңалықты көру;
- педагогикалық өнертапқыштықты құрастыру, модельдеу;
- жетілдіру (В.И. Загвязинский).
Бұл кезеңдерде қызығушылық, интеллект, қажетті білімді тез арада меңгере білу, байқампаздық, ойлау операцияларын іске қоса алу, тапқырлық, интузиазм, табандылық, еркіндік пен өзіне деген сенушілік сияқты тірек сапалардың болуы шығармашылық әрекетті нәтижелі етеді.
Әрекет теориясының психологиялық негізін жасаған ғалымдар: Б.Г.Ананьев, А.И.Леонтьев, А.Р.Лурья, С.Л.Рубинштейн, Л.С.Выготский. Оған төмендегідей сипаттама берген. «Әрекет-іс-қимыл бірлігі, саналы түрдегі, мақсатқа жетуге бағытталған тікелей жасалатын, еркін ниеттілік, белсенділік. Әрекетте адам субъект ретінде танылып, оның жасампаздығы, іскерлігі, қайраткерлігі қалыптасады». Осы авторлар әрекеттің төмендегідей ішкі құрылымдардан тұратынын белгілейді: қажеттілік және мотив, мақсат, құрал, амал-тәсіл, нәтиже, рефлексия.
Шығармашылықты әрекет ретінде қарастыру адам дамуының мүмкіндігінің шексіздігін танытады. Білім алушының үздіксіз білім алу жолындағы белсен-ділігі туралы Ю.Н. Кулюткин, А.В. Даринский, т.б. атап өткен.
Шығармашылық сөзсіз мұғалімнің өзінің дарындылығын, жасампаз-дығын қалыптастырады. Педагогикалық шығармашылыққа байланысты зерттеулер аз емес, бірақ жаңа субъект-субъектілік парадигма жағдайында шығармашылық адамның өзін-өзі өзгерте алуы ретінде қарастырылады.
Мұғалімнің шығармашылық әлеуеті көп бөлікті және көп факторлық құбылыс. Ол педагогикалық тәжірибеде субъективті және объективті жаңаны құруға бағытталған педагогтың білім мен біліктілігін, тұлғалық және кәсіби сапа мен қабілеттерін сипаттайды. Шығармашылық әлеует құрылымында оның барлық бөліктерінің ішкі бірлігі сақталған.
Шығармашылық әлеуетті жүйе ретінде қарастыра отырып И.Мартынюк пен Л.Москвичева оның құрылымын шығармашылық әрекетке қабілеттілігі мен дайындығы ретінде қарастырады. Дайындық, алдымен, қабілеттілік көкейкестілігін қамтамасыз ететін ішкі құрылым мен механизмі, екіншіден, шығармашылық өзіндік тіршілікке деген әлеуметтік-психологиялық жағдай ретінде қарастырылады. Ғалымдардың негізгі зейіндері шығармашылық әрекетінің өлшемдік жағына бағытталған. Өлшемдер дегеніміз–бағалау, пікір негізі болатыны белгі. Өлшемдерді анықтау үрдісінде біз олардың айқындалуы мен негізделуінде келесі талаптарды ескереміз:
- өлшемдер тұлғаны қалыптастырудың негізгі заңдылықтарын бейнелеу керек;
- өлшемдер көмегімен барлық зерттелетін жүйелер бөліктерінің арасында байланысты4 орнатылуы;
- сапалық көрсеткіштер сандық көрсеткіштермен бірлікте болуы;
- өлшемдер пайда болуына байланысты берілген өлшемдердің аз немесе көп деңгейде анықталатынын байқауға болатын бірқатар сапалы көрсеткіштер (белгілер) арқылы ашылуы;
- өлшемдер уақыт және мәдени-тарихи кеңістікте өлшенетін сапаның динамикасын көрсетуі керек.
Мұғалімнің түрткісі мен креативтілігінің өзара байланысын қарастырудың қорытындысы инновациялық әрекет тиімділігін қамтамасыз ететін түрлі құндылықтары бола тұрып, инновациялық педагогикалық үрдісті үйлестіруді қажет етеді.
Қандай типтегі тұлға шығармашылықта мұратына жетеді десек, ойы ұшқыр, ақылы алғыр болуы керек екендігі ғылымда дәлелденген. Ең бастысы, шығармашыл тұлғада шығармашылыққа деген тұрақты қажеттілік, тұрақты сұраныс болып, өз ісінен қанағат табу сезімі болуымен көрінеді. Осыған байланысты «адам идея, жаңалық аштым деп ойлайды, ал шын мәнінде олар адамды ашады»- деген К.Г.Юнгтің сөзі дәлел бола алады. Білімнің гуманистік парадигмасы тұрғысынан қарасақ, тұлғадағы шығармашылық басқа адамдарда жоқ, немесе аз мөлшердегі жекеліктерді дамытады. Таза жаңалықта жаңа «адам» туады, оның қабілеті кескінделеді.
Біліктілікті арттыру ісінің әлемдік тәжірибесі мазмұндық, процессуалдық, жеке адамның сұранысын қанағаттандыруға бағытталған тәсілдеріне негізлелген. Бірінші жағдай дәріскердің мазмұнды тыңдаушысына жеткізуді мақсат етеді, екінші тәсіл – оқыту үрдісін білім алушының өз әрекеті арқылы ұйымдастыруды көздейді, ал соңғысында оқыту білім көтерушінің сұраныстарына сәйкес ұйымдастырылады.
Мазмұндық тәсілде дәстүрлі оқыту жүйесінің белгілері басым болса, ал процессуалдықта - әрекеттік тәсіл андрогогикалық оқыту үлгісінің талаптарына сәйкес болып келеді. Соңғы жол тәжірибеде кеңінен тарай қойған жоқ, себебі білім көтеруді бізде топтар, ағымдар бойынша ұйымдастыру үрдісі қалыптасқан.Бұл үш тәсілдің талаптарына сай келетіні – мұғалімді субъектілік жағдайға қоятын, белсеңді танымдық әрекетке негізделген, тұлғаға бағытталған – оқытудың андрагогикалық үлгісі.
Тұлғалық – бағдарлы оқыту – адам бойындағы адами қасиеттерді іздеу, табу, олардың әрі қарай дамуына барынша қолдау көрсету. Оның өзін-өзі жүзеге асыру, ретке келтіру, дамыту, өзінің тұлға ретіндегі болмысын жасаудың механизмдерін меңгеруін қамтамасыз етеді.
Педагогтың шығармашылығының компоненттеріне жатады: оның көзқарасы, құзырлылығы, қиялы, икемділігі, рефлексияға қабілеттілігі, тапқырлығы, даралығы, мәдени, әлеуметтік және педагогикалық тәжірибесі.

құзырлылық

білім

қиял

елес

икемділік

рефлексияға қабілеттілік

тапқырлық

даралық

ерік

көзқарас

сезімнің ерекшелігі

ойдың тереңдігі

интеллект



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   96




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет