Жаттығу№1. «Позитивті ойлау» аңыздың анализі. Мақсаты: Проблемалық жағдайлардың позитивті жақтарын тауып үйрену.
Мен сендерге Шығыстың аңызын айтып бергім келеді: «Бір сұлтан қорқынышты түс көреді. Түсінде оның барлық тістері бірінен соң бірі түсіп қалыпты. Мазаланып, ол өзінің түс-жорушы адамын шақырып алады. Түс-жорушы түсті естіп, сұлтанға хабар айтады: «Мен Сізге қаралы хабар айтамын. Сіз тістеріңізді жоғалтып алдыңыз, енді бірінен соң бірі туыстарыңызды жоғалтасыз». Бұл жорылған түс сұлтанды қатты ашуландырады. Сұлтан түс жорушыны түндікке тастауды бұйырады. Сосын ол басқа түс-жорушыны шақырып алады. Ол түсін естіп: «Мен Сізге жақсы хабар айтамын. Сіз өзіңіздің туған-туысқандарыңыздан жоғары боласыз, олардан көп өмір сүресіз». Сұлтан бақытты болып, түс-жорушыны байытады. Ауылдағылар осыған таң қалады: «Сенің кедей ізашарын айтқанға сен еш нәрсе қоспадың ғой, сонда қалай болғаны ол жазаланды, ал сен марапатталдың?» Түс-жорушы жауап береді:«Біз екеуіміз түсті бірдей жорыдық. Бірақ мәселе айтуда емес, оны жеткізуінде».
Рефлексия.
Жағымсыз қасиеттердің позитивті сипаттауының кестесін толтыру. Мақсаты: жағымсыз қасиеттердің позитивті жақтарын табуға үйрету. Кестеде эмоциялар, тұлғаның сапасы және мінездің аспектісі, дәстүрлік қабылдаулар беріледі. Қатысушыларға осы құбылыстардың позитивті жақтарын табуға тапсырма беріледі. Кесте үйлесімді толтырылады. Толтырылғаннан кейін төмендегідей көрсетілуі мүмкін:
Жалқаулық – жоғарыланған қабілеттерден құтылуға мүмкіндік береді.
Қорқыныш – қатерлі жағдайлар мен объектілерден қашуға мүмкіндік береді.
Қыңырлық – «жоқ» деп айтуға мүмкіндік береді.
Агрессия – эмоционалдық және тура жауап қайтару қабілеті.
Қызғаныш – сүю, жақсы көру қабілеті және сол сәтте өзің сүймегендей ұстау.
Клептомания – бір нәрсені тауып алу.
Жаттығу№2. «Оң және кері нығайту» жаттығуы. Мақсаты: адамның әрекетіне эмоционалды және кері ынталандырудың әсерін, топтағы қатысушыларға сезіндіру. Қатысушылардың бірі есіктің сыртына шығып, ал топ (мысалы оның тақтаны сүрту керектігін) ақылдасады. Кірген қатысушыға тапсырманың мазмұны айтылмайды, ол топтың әсерін тауып алу керек. «Суық», «ыстық» деген ойын ойнайды. Бірінші жағдайда топ ескертумен ықпал етеді, ал екінші жағдайда адамды ду қол шапалақпен марапаттайды. Егер ол жауапқа жақын болса, шапалақ қарқынды болады.
Достарыңызбен бөлісу: |