Тест « Шиеленістік жағдайда өз қылығын бағалау»
Әдістемелік нұсқау: « Сіз әдетте шиеленістік жағдайда немесе сөз таластыруда өзіңізді қалай ұстайсыз?», – деген сұраққа шын ниетпен жауап беріңіздер. Егер сіз шиеленіске жиі түсіп тұрсаңыз әрбір берілген жауаптың жаңына өзіңіздің мінезіңізге сәйкес баллды қойыңыз.
Олар:
ЖИІ- 3 балл қойыңыз;
Жағдайға байланысты- 2 балл;
СИРЕК- 1 балл.
СҰРАҚ:
« Сіз әдетте шиеленістік жағдайда немесе сөз таластыруда өзіңізді қалай ұстайсыз?»
ЖАУАПТАРЫ:
Қорқытам немесе төбелесем.
Қарсыласымның көзқарасын, өзімдікі деп қабылдауға тырысамын.
Ымыра келу жолдарын іздеймін.
Бұған сенбесем де, өзімді қателестім деуге жол беремін.
Қарсыласыммен кездесуден қашамын.
Не болмаса да, өз айтқанымды орындауға тырысамын.
Қандай да бір жағдайға көніп, ал екінші жағдайға мүлде көнбейтінімді анықтаймын.
Ымыраға жол беремін (достасу жолдары)
Берілемін (сдаюсь)
Шиеленіске түскен тақырыпты ауыстырамын
Өз дегеніме келгенше, ойымды қайталай беремін.
Шиеленістің шығу көздерін анықтап, түсінуге тырысамын.
Қарсыласуға жол беріп, сол арқылы оның жол беруіне итермелеймін.
Достасамын
Шиеленісті әзілге айналдыруға тырысамын.
Тестің жауаптарын өңдеу. 1,6,11 сандарының баллдарын санаңыз– бұл қылықтың «А» типі.
«А» типі –номерлердің суммалық баллы 1,6,11
«Б» типі–номерлердің суммалық баллы 2,7,12
«В» типі–номерлердің суммалық баллы 3,8,13
«Г» типі–номерлердің суммалық баллы 4,9,14
«Д» типі–номерлердің суммалық баллы 5,10,15
«А» типі – бұл «пікірлер мен конфликтің шешілуінің қатаң типі». Өз позицияңызды қорғап, соңына дейін тұрасыз. Не де болса, жеңуге тырысасыз. Бұл жөнін, дұрысын айтатын адам типі.
«Б» типі– бұл «демократиялық» стиль. Сіз келіссөзге келесіз,оймен санасасыз.Пікірталаста екі жақты да қанағаттандыратын шешімдер іздейсіз.
«В» типі– «компромисс» стилі. Басынан сіз ымыраға келуге келісесіз.
«Г» типі–« жұмсақ» стиль. Өз көзқарасыңыздан бас тартып, дайындықпен қарсыласыңыздың көзқарасына келісесіз. Қарсыласыңызды жақсылықпен жоясыз.
«Д» типі– «кету» стилі. Сіздің кредоңыз – «уақытында кету». Жағдайды нашарлатпауға тырысасыз.
Достарыңызбен бөлісу: |