13-тарау. Инженерлік дайындық пен аумақты қорғау бойынша талаптар
195. Инженерлік дайындық бойынша инженерлі-геологиялық шарттардың өзгеруін болжау, қолдану сипаты және жоспарлы ұйымдастырубойынша бекіту қажет.
Қала және ауылдық елді мекендерді құру тұралы жобалауды ұйымдастыру кезінде су басу, су деңгейінің көтерілуі, тасқын, қар көшкіні, жылжыма, опырылу және басқа да табиғи жолмен болған негативті факторлардан қажет болған жағдайда инженерлік қорғанысты ескеру қажет.
196. Көлденең орналастыру кезінде аумақтың жобалық белгілеуін табиғи бедерді, топырақ жамылғысын және ағаш көшеттерін барынша сақтауға, жер эрозиясын болдырмайтын сыртқы суды жылдамдықпен бұру, құрылыс алаңындағы ығыстырушы жерді қолдануды есептегенде жер жұмыстарының минималды жұмысына қарай белгілеу қажет.
197. Тасқын қауiпі бар зонада орналасқан құрылыс ошағын қорғау үшiн орманның барынша сақталуын, ағашты-бұталы өсімдіктердің отырғызылуын, бөгеттерді террасалау, тасқындық қауіпі бар өзендердің жағалауларын бекіту, тасқынның басталу аймағында тоғандар мен бөгеулерді құру, тасқынды бағыттайтын және шығару конусына бұратын бөгеттерді құру әрекеттерін ескеру керек.
198. Жыра құрылуының эрозиялық үдерiстерi әрекет ететін бөлiмшелерiнде беткi ағындының реттiлеуiн, жыра ложасының нығайтылуын, бөктерлердің террасалануы және ағаштардың отырғызылуын ескеру керек. Жеке жағдайларда су ағызатын және дренажды коллекторларды төсеу арқылы жыраларды толық немесе бөлшектік жабуға рұқсат етіледі.
Жыралардың аумағы көлiк құрылымдарын, гараждарды, қоймаларды және коммуналдық объектiлердi, сонымен бiрге саябақтар құрылысын орналастыру үшiн қолданыла алады.
199. Көшкін үрдісінің болу қауіпі бар территорияларда орналасқан қалалық және ауылдық елдімекендерде беткі ағынның реттелуі, топырақты су ағынын ұстап қалу, көшкін ауқымының табиғи контрфорсынан сақтандыру, еңістерді механикалық және физико-химиялық құралдармен тұрақтылығын нығайту, бөктерлерді террасалау, жасыл көшеттерді отырғызу әрекеттерін ескеру керек.Көшкінге қарсы іс-шараларды аудандардың геологиялық және гидрогеологиялық жағдайларын кешендi зерттеу негiзінде жүзеге асыру керек.
Достарыңызбен бөлісу: |