Қазакстан республикасы қҰрылыс нормалары қалалық ЖӘне ауылдық елдімекендерді жоспарлау және салу сн рк 01-01-2019



бет25/31
Дата07.10.2023
өлшемі125.48 Kb.
#480109
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   31
72 ! 3.01-01-2013 07 @04 AB@ 8B5;LAB2 463-503

9-параграф. Электрмен жабдықтау және байланыс құралдары

185. Электр желісі мен құрылыстарының жобалары құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес келетін Қазақстан Республикасының электр қондырғыларын орнату қағидаларының талаптарын қанағаттандыру қажет.


186. Қалалар мен ауылдық елді мекендерді элекрмен жабдықтау кезінде аудандық энергия жүйесін ескеру қажет. Аудандық энерго жүйесіне қосылу мүмкін емес немесе жөнсіз болған жағдайда электрмен жабдықтау жеке электр станцияларынан қамтылады.
Қалаларды электрмен жабдықтау кем дегенде екі тәуелсіз электр энергиясы көздерінен жүзеге асырылуы қажет.
187. Кәсіпорындарды, ғимараттарды және байланыс, радиохабар және теледидар хұрылыстарын, өрт сөндіру және қорғау дабылнамасын, инженерлік жабдықтау жүйесін диспетчерлендіруді орналастыру белгіленген тәртіп бойынша бекітілген салалық нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес жүзеге асырылуы қажет.


10-параграф. Инженерлік желілерді орналастыру

188. Ғимараттарға, құрылыстарға, жас көшеттерге және олардың өзара орналасу жеріне қатысты жерасты жүйесін орналастыру кезінде ғимараттар мен құрылыстардың іргетасы негізінің жуып-шайылу мүмкіндігін, жақын орналасқан жүйелер мен жас көшеттердің бұзылуынболдырмау, сондай-ақ жүйе жөндеу жұмыстарына қалалық көлік қозғалысына қиындық туғызбайтындай мүмкіншілік қамтамасыз ету.


Инженерлік желілерді есеп айырысу кезеңіне сәйкес дамуын есепке алып кешенді жүйе ретінде жобалау қажет.
189. Жерасты инженерлік желілерді жаяужолдардың астындағы көлденең бағыттағы көшелер мен жолдардың немесе ордың немесе тоннельдің бөліп тұратын жолақтарға сйкес орналастыру қажет. Қызыл сызық пен құрылыс сызықтарының арасындағы жолаққа төмен немесе орташа қысымды газ желілерін және кабель желілерін (күш беретін, байланыстар, дабыл жүйесі, диспетчерлендіру және т.б.)орналастыру қажет.
Жерасты инженерлік желілердің астында орналасқан көшелер мен жолдардың жүргінші бөлігін қайта жөндеу кезінде олардың бөлуші жолақтар мен жаяужолдың астына шығарылуын ескеру қажет. Тоннельдерді орналастыру кезінде жүргінші бөлікте қолданылған желілерді сақтауға және жаңасын салуға рұқсат етіледі.
190. Тоннельдерге (өту коллекторларына) жерасты инженерлік желілерді тосеуді бір уақытта жылу желілерін, су құбырын, кабельдерді (байланыс және 10 киловатт дейінгі кернеулігі бар күш) орналастыру қажет болған жағдайда алдын ала ескеру қажет. Тез жанғыш заттарды тасымалдайтын газ құбыры және мұржаларды бірге төсеуге жол берілмейді.
Күрделі топырақты жерлерде құрылыс жасау кезінде инженерлік желілерді Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсан № 936 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі туралы Ереженің 16-тармағы 489-тармақшасына сәйкес әзірленетін және бекітілетін талаптарына сумен жабдықтау мен кәріздің сыртқы желілері және имараттары, жылу желілері бойынша мемлекеттік нормативтер сәйкес ескеру қажет.
Жер бетіндегі жылу жүйелерін егер жерасты төсеу мүмкін емес болған Ескерту жағдайда немесе қала құрылыс ісін реттеу кезіндегі реттеу туралы уақытша шешім қабылдаған жағдайда рұқсат етіледі.
Жаяу жүретін немесе көлік жүретін тоннель құру үшін инженерлік желілерді төсеу кезінде тоннельдің қабырғасымен тығыздап ортақ коллекторлар орналастыруға рұқсат етіледі.
191. Өз арасында инженерлік желілерді қиюда вертикал (күндізгі) қашықтықты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсан № 936 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі туралы Ереженің 16-тармағы 489-тармақшасына сәйкес әзірленетін және бекітілетін өнеркәсіптік кәсіпорындардың бас жоспарлары бойынша мемлекеттік нормативтер талаптарына сәйкес қабылдау керек.
192. Өндірістік кәсіпорындар мен өндірістік тораптардың аумағында инженерлік желілерді көлденең орналастыру кезінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсан № 936 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі туралы Ереженің 16-тармағы 489-тармақшасына сәйкес әзірленетін және бекітілетін өнеркәсіптік кәсіпорындардың бас жоспарлары, газ тарату жүйелері, сумен жабдықтау мен кәріздің сыртқы желілері және имараттары, жылу желілері бойынша мемлекеттік нормативтер талаптарын сақтау қажет.
193. Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтығы, қоймалжың газы бар құбырлырды өндірістік кәсіпорындарға және селитебті аумақтардағы қоймаларға төсеуге рұқсат етілмейді.
Магистралды құбырларды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсан № 936 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі туралы Ереженің 16-тармағы 489-тармақшасына сәйкес әзірленетін және бекітілетін магистралдық құбыр жолдары бойынша мемлекеттік норматив талаптарына сәйкес елді мекенді аумақтардан тыс төсеу қажет. Қонысты аумақтарда мұнай өнімдерін төсеу үшін басшылыққа алу қажет.
194. Ішкі тоқсандық инженерлік құрылыстарды жобалау кезінде қала құрылыс жағдайын есепке ала отыра типтік шешімдерден жеке жобалауға өту талаптарын басшылыққа алу қажет. Бұл жағдайда тұрғын және қоғамдық ғимараттарға дейінгі минималды арақашықтық санитарлы-эпидемиологиялық бақылаудың өкілетті мүшесімен келісу бойынша бекітіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет