Бұл құрылыс нормаларын қолдану үшін төмендегі нормативтік құжаттарға сілтеме жасалу керек: Қазақстан Республикасының Орман кодексі 8 маусым 2003 жылғы. Қазақстан Республикасының Су кодексі 9 маусым 2003 жылғы. Қазақстан Республикасының Жер кодексі 20 маусым 2003 жылғы.
Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі 9 қаңтар 2007жылғы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген «Өрт қауіпсіздігіне арналған жалпы талаптар» техникалық регламент № 14 16 қаңтар 2009 жылғы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген «Ғимараттар мен құрылымдарды, құрылыс материалдарының қауіпсіздігіне арналған талаптар» техникалық регламенті № 1202 17 қараша 2010 жылғы.
«Елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыру ережесі», Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы N 121 қаулысымен бекітілген.
3-тарау. Терминдер мен анықтамалар
7. Осы құрылыс стандартын қолдану үшін төмендегі нормативтік құжаттарға сілтеме жасалынуы қажет:
1) автокөліктер тұрағы - түрлі қызметтік бағыттағы нысандарға келушілердің автотранспорттық құралдары уақытша тұратын тұрақ.
2) автокөліктерді сақтау - автокөліктердің тіркелу орнына қарай тұрақты тұрғындарға тиісті автотранспорттардың орналастырылуы.
3) автотұрақ (автомобильдерге арналған тұрақ) - автомобильдерді сақтауға (тұрғызуға) арналған ғимарат (немесе ғимараттың бір бөлігі) немесе арнайы ашық алаң.
4) аз қабатты тұрғын үй - тұрақты тұуға арналған төменгі қабаты мен мансарды бар үш қабаттан биік емес жобаланған немесе аяқталған құрылыс ғимараты. Аз қабатты тұрғын үй бір пәтерлі немесе көп пәтерлі болуы мүмкін.
* Анықтама радиалдық шеңберлі, орамдық-реттік және басқа құрылыстың ұқсас жоспарлық құрылымы кезінде жалпы қалалық орталығында орталық орналысуы бар елді мекендерге жатады.
5) аз қабатты тұрғынжай - аз қабатты тұрғын үй ғимараты, аз қабатты үй немесе жер телімі, басқа да қосымша құрылыстары бар олардың тобы. Бір ғана отбасы бар аз қабатты тұрғынжай иелік деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |