«Авиация персоналына куәлiктер беру» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер «Авиация персоналына куәлiктер беру»



жүктеу 94.33 Kb.
Дата23.02.2016
өлшемі94.33 Kb.


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы «13» қыркүйектегі

№ 1195 қаулысымен

бекітілген

«Авиация персоналына куәлiктер беру»

мемлекеттік қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер
1. «Авиация персоналына куәлiктер беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрi – мемлекеттiк қызмет) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі – уәкілетті орган): 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1 мекенжайы бойынша көрсетеді.

2. Мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1992 жылғы 2 шілдедегі қаулысымен ратификацияланған Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға 1-қосымшасының (Чикаго, 1944 ж.), «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 54 және 14-бабының 16) тармақшасының, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 14 наурыздағы № 138 бұйрығымен бекітілген Авиация персоналына куәліктер беру қағидалары (бұдан әрі – Қағида) негізінде жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттік қызмет стандарты: www.mtk.gov.kz мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылған.

5. Мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны авиация персоналына куәліктер (бұдан әрі – куәліктер) беру не қағаз тасығышта мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында белгіленген қажетті құжаттарды уәкілетті органға тапсырған сәттен бастап – күнтізбелік 30 күн;

2) уәкілетті органда осы стандарттың 11-тармағында белгіленген қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезек күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 20 минуттан аспайды;

3) уәкілетті органда куәліктер алу кезінде кезек күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 минуттан аспайды.

8. Мемлекеттік қызмет тегін болып табылады.

9. Уәкілетті органның жұмыс кестесі:

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген демалыс және мереке күндерінен басқа, күн сайын сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13:00-дан 14:30-ға дейін.

Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылмай және жедел қызмет көрсетусіз, кезек тәртібімен жүзеге асырылады.

10. Мемлекеттік қызмет көрсету уәкілетті органның дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға жағдайлар жасалған, күту және құжат толтыру орындары, қажетті құжаттар тізбесі және оларды толтыру үлгілері, нормативтік құқықтық актілерден үзінділері (үзінді көшірмелері) бар стенділермен жабдықталған ғимараттарда жүзеге асырылады.

Жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсету бойынша сапаға талдау жүргізу, жұмысты одан әрі жетілдіру үшін қоғамдық пікірді зерттеу мақсатында уәкілетті органда жеке және заңды тұлғалар үшін шағымдар мен ұсыныстар кітабы жүргізіледі.



2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
11. Мемлекеттік қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін немесе оның сенім білдірген уәкілетті өкілі уәкілетті органға мынадай құжаттарды береді:

1) еркiн нысандағы өтiнiш;

2) азаматтық авиация ұйымдарының қолымен және мөрiмен расталған объективтi деректерi бар авиация персоналына ұсынымдар;

3) Қазақстан Республикасының азаматтығын немесе Қазақстан Республикасының тұруға ықтиярхатын растайтын құжаттардың көшiрмелерi;

4) екi фотосурет (түрлi түстi, күлгiн, 3,5х4,5 өлшемде);

5) азаматтық авиацияның оқу орнын аяқтағаны туралы құжаттардың көшiрмелерi (ұшу училищесi, авиациялық-техникалық училище, авиациялық институт, авиациялық техникумы, колледж, оқу орталығы):

әуе кемесіне қызмет көрсету жөнiндегi инженерлер мен техниктер үшiн – азаматтық авиацияның авиация-техникалық және ұшу орталығын, авиация институтын немесе әуе кемесі және оның жабдықтарын техникалық немесе ұшуда пайдалану мамандығы бойынша авиация техникумын аяқтау туралы құжаттардың көшiрмелерi;

зертханалар немесе шеберханалар жағдайында құрауыштарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөнiндегi инженерлер, техниктер, механиктер үшiн – азаматтық авиацияның авиация-техникалық және ұшу орталығын, авиация институтын немесе авиация техникумын немесе техникалық колледждi, училищенi немесе техникалық мамандықтар бойынша институтты аяқтау туралы құжаттардың көшiрмелерi;

аса жеңiл авиацияға қызмет көрсету жөнiндегi техниктер үшiн – аса жеңiл авиация техниктерiнiң курстарын аяқтау туралы құжаттардың көшiрмелерi;

6) «Міндетті медициналық тексеріп-қарау өткізілетін зиянды өндірістік факторлардың, кәсіптердің тізбесін, міндетті медициналық тексеріп қарауды өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы № 166 қаулысына сәйкес медициналық қорытындылардың көшiрмелерi (ұшу персоналы, экипаждың қызмет көрсететiн персоналы және ӘҚКД диспетчерлерi үшiн);

7) мамандығы бойынша бiлiктiлiгiн арттыру курстарын уақыт бойынша соңғы өтуi туралы құжаттардың көшiрмелерi:

азаматтық авиацияның оқу мекемесiнде тек теориялық курстардан өткен пилоттар мен штурмандар тренажерлық және ұшу дайындығы актiлерiн қосымша ұсынады;

әуе кемелерінің техникалық қызмет көрсету жөнiндегi инженерлер мен техниктер, аса жеңiл авиация техниктерi, құрауыштарға қызмет көрсету және жөндеу жөнiндегi техниктер үшiн – «Әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсетуге қатысты адам мүмкiндiктерi» курсын өткенi туралы куәлiктiң көшiрмесi, оны өту мерзiмi уәкiлеттi органның құжаттарды қарауға қабылдау күнi сәтiне кемiнде 3 жыл болуы тиiс.

12. Мемлекеттік қызметті алуға өтініш еркін нысанда ұсынылады.

13. Осы стандарттың 11-тармағында санамаланған құжаттар уәкілетті органның кеңсесіне осы стандарттың 1-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша ұсынылады.

14. Уәкілетті орган құжаттарды қабылдау кезінде мемлекеттік қызметті алушыға осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес құжаттарды қабылдау туралы талон береді.

15. Сертификатты уәкілетті органның қызметкері мемлекеттік қызметті алушыға жеке өзіне берілген сертификаттарды тіркеу және есептеу журналында қол қойғызып береді.

16. Мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту үшін негіздеме осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуі болып табылады.

Мемлекеттік қызметті алушыға осы стандарттың 7-тармағында көрсетілген мерзімде бас тарту себептері көрсетіле отырып, жазбаша дәлелді жауап беріледі.

Уәкілетті орган мемлекеттік қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге міндетті. Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, уәкілетті орган көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қарау туралы жазбаша дәлелді жауап береді.



3. Жұмыс қағидаттары
17. Уәкілетті органның қызметі адамдардың конституциялық құқықтарын, қызметтік борышын орындау кезінде заңдылықты, Мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексін сақтауға және сыпайылық, барынша толық ақпарат ұсыну, оның сақталуын, қорғалуы мен құпиялығын қамтамасыз ету қағидаттарына негізделеді.

4. Жұмыс нәтижелері
18. Уәкілетті органның жұмыс нәтижелері осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

19. Мемлекеттік қызмет көрсететін уәкілетті органның жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапасы мен тиімділігі көрсеткіштерінің нысаналы мәні жыл сайын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің бұйрығымен бекітіледі.



5. Шағымдану тәртібі
20. Мемлекеттік қызметті ұсыну сапасы бойынша наразылықтар болған жағдайда, лауазымды адамдардың іс-әрекетіне (әрекетсіздігін) шағым беру тәртібін уәкілетті органның қызметкерлері мына мекенжай бойынша түсіндіреді: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1, электрондық пошта: kga_info@mtc.gov.kz, қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (7172) 24-26-05.

21. Шағым көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, уәкілетті орган басшысының атына мынадай мекенжай бойынша беріледі: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1, электрондық пошта: kga_info@mtc.gov.kz, қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (7172) 24-26-05.

Уәкілетті органның жұмыс кестесі: демалыс және мереке күндерінен басқа күн сайын 9:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін.

22. Дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда, шағым уәкілетті орган басшысының атына мынадай мекенжай бойынша беріледі: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1, электрондық пошта мекенжайы: kga_info@mtc.gov.kz, қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (7172) 24-26-05.

23. Мемлекеттік қызметті алушының көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

24. Шағым еркін нысанда жазылады.

25. Қабылданған шағым жеке (заңды) тұлғалардың өтініштерін есепке алу журналында тіркеледі. Шағымның қабылданғанын растайтын құжат осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шағымды қабылдаған адамның тегі және аты, әкесінің аты, күні мен уақыты, жасалған шағымға жауап алу мерзімі мен орны және шағымды қарауға жауапты лауазымды адамдардың байланыс мәліметтері көрсетілген талон болып табылады.

Мемлекеттік қызметті алушыға шағымды қарау нәтижелері туралы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Републикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңының 8-бабына сәйкес пошта немесе электрондық пошта арқылы жазбаша түрде хабарланады.

26. Уәкілетті органның сенім телефоны: 8 (7172) 24-31-65.

________________________

«Авиация персоналына куәлiктер беру»

мемлекеттік қызмет стандартына

1-қосымша

Өтініштің қабылданғаны туралы талон

1. Өтінішті тіркеу нөмірі ___________________________________________________

   Өтініштің тіркелген күні 201__жылғы «___» ________________

2. _______________________________________________________________________

               (көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрі)

3. _____________________________________________________ қабылданды.

              (мемлекеттік қызметті алушы өкілінің аты-жөні)

4. Қоса берілетін құжаттар саны _____ мен тізбесі:

1)____________________________________________________________________

2) ___________________________________________________________________

3) ___________________________________________________________________

4) ___________________________________________________________________

5) ___________________________________________________________________

6) ___________________________________________________________________

7) ___________________________________________________________________

8) ___________________________________________________________________

9) __________________________________________________________.

5. Қабылдаған:

______________________________/ __________________/ ___________________

(Уәкілетті орган қызметкерінің лауазымы) (қолы) (Т.А.Ә.)


6. Құжатты беру күні (уақыты) және орны: 20___ жылғы «___» __________ ___ сағ.___мин, _______________________________________________мекенжай бойынша.
________________________

«Авиация персоналына куәлiктер беру»

мемлекеттік қызмет стандартына

2-қосымша



Кесте. Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мәнi

Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерi

Көрсеткiштiң нормативтiк мәнi

Көрсеткiштiң келесi жылдағы нысаналы мәнi

Көрсеткiштiң есептi жылдың ағымдағы мәнi

1

2

3

4

1. Уақыттылығы

1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгiленген мерзiмде қызметтi ұсыну оқиғаларының %-ы (үлесi)










2. Сапасы

2.1. Қызметтi ұсыну үдерiсiнiң сапасына қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушының %- ы (үлесi)










3. Қолжетiмдiлігі

3.1. Қызметтi ұсынудың сапасына және оны ұсыну тәртiбi туралы ақпаратқа қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушының %-ы (үлесi)










3.2. Ақпаратқа электронды форматта қол жеткiзуге болатын қызметтер %-ы (үлесi)










4. Шағымдану үдерiсi

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртiбiне қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушының %-ы (үлесi)










5. Сыпайылығы

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушының %-ы (үлесi)









________________________

«Авиация персоналына куәлiктер беру»

мемлекеттік қызмет стандартына

3-қосымша



Талон

_______________________________________________________


(субъектінің атауы)

Өтінімді қабылдаған _______________________________________


                     (маманның Т.А.Ә.)

20___ ж. «__» _________ ___ сағат ___ мин.

Тапсыру мерзімі және жауап алу орны 20__жылғы «___»_______________________дейін, _______________________________________________мекенжай бойынша.


(мөлшері 75 мм х 55 мм)

________________________






©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет