Азаматтық авиацияда ұшуды және авиациялық радиобайланысты радиотехникалық қамтамасыз ету қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы


Істен шығуларды (байланыстың бұзылуын) тексеру актісі



бет5/7
Дата25.02.2016
өлшемі0.85 Mb.
#21583
1   2   3   4   5   6   7

Істен шығуларды (байланыстың бұзылуын) тексеру актісі
____________________________________________________________________
(ҰРТҚ және байланыс объектісінің, авиациялық электр арнасының атауы)

Істен шығу күні (жылы, айы, күні)______________________________


Жұмыс істеу қабілеттігінің бұзылу уақыты___сағат____минут
Жұмыс істеу қабілеттігін қалпына келтіру уақыты___сағат___минут
Істен шығу ұзақтығы_____сағат_____минут

Істен шыққан құралдың (байланыс арнасының) атауы

Зауыттық нөмірі

Соңғы ТҚ-дан кейінгі атқарым

Пайдаланудың басынан бастап атқарым









200_ «__»______ №_____ ұйрықпен тағайындалған мынадай құрамдағы

Комиссия:


Төраға______________________________________
       (тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы)
мүшелері____________________________________
       (тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы)
_______________________________________________________________
(ҰРТҚ және байланыс объектісінің, авиациялық электр арнасының атауы) істен шығуларына тексеру жүргізді.

      Тексеру барысында мыналар анықталды:


      1. Жағдай (оқиға туралы ақпарат, істен шығудың сипаты мен оның салдары, техникалық персоналдың тегі, аты-жөні)
      _________________________________________
      2. Талдау (себептер, тех. персоналдың қатесі, жұмысты ұйымдастырудағы кемшіліктер, және басқа да ауытқулар)
      _________________________________________
      3. Істен шығуды сыныптау (объектінің немесе құралдың істен шығуы, эл. жабдықтаудың бұзылуы, байланыс желісінің зақымдануы, инженер-техник персоналының дұрыс емес іс-қимылы)
      4. Әуе қозғалысына қызмет көрсетуге ықпал __________________
      5. Инженер-техник құрамның іс-қимылындағы бұзушылықтар______
      6. Қорытындылар___________________________
      7. Ұсынымдар______________________________

      Комиссия төрағасы ________________________


      Комиссия мүшелері ________________________

Азаматтық авиацияда     


ұшуды және авиациялық    
радиобайланысты радиотехникалық
қамтамасыз ету қағидасына  
3-қосымша          

Автоматты түрде құжаттауды (жазуды), ӘҚҚ сөз сөйлеу байланыс арналарының қадағалау жабдықтарының ақпараттарын пайдалану мен сақтауды ұйымдастыру және олардың мәліметтерін тарату жөніндегі нұсқаулық Жалпы ережелер

      1. Автоматты түрде құжаттауды (жазуды), ӘҚҚ сөз сөйлеу байланыс арналарының қадағалау жабдықтарының ақпараттарын пайдалану мен сақтауды ұйымдастыру және олардың мәліметтерін тарату бойынша нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) АА ұйымдарындағы ауызекі ақпараттарды және әуе қозғалысына қызмет көрсету бойынша мәліметтерді құжаттаудың, сондай-ақ оларды сақтау және қолданудың негізгі қағидаттарын, әдісі мен тәртібін анықтайды.


      2. Осы Нұсқаулық әуе кемелері ұшуы қауіпсіздігін және тұрақтылығын қамтамасыз етуші қызметтер мамандарына, сондай-ақ авиациялық оқиғаларға тексеру жүргізетін қызметтер мен органдарға арналған.
      3. Нұсқаулық талаптарын орындау АА ұйымдарында авиациялық оқиғаларды тексеру кезінде және басқа да өндірістік мақсаттарда құжатталған ақпараттарды пайдаланатын, объективті бақылау құралдарын қолданумен айналысатын мамандар үшін міндетті болып табылады.
      4. ӘҚҚ ауызекі ақпараттарын және мәліметтерін құжаттау үшін АА ұйымдарының техникалық жабдықталуы деңгейіне қарай мынадай объективті бақылау құралдары қолданылуы мүмкін:
      1) ақпараттарды таспалы магниттік тасымалдағыштарда сақтау арқылы ауызекі ақпаратты жазу үшін ұқсас магнитофондар;
      2) ақпараттарды қатты дискілерде, магнит таспаларда және басқа да ақпарат тасымалдағыштарда сақтау арқылы ауызекі ақпаратты жазу үшін цифрлы магнитофондар;
      3) ақпараттарды қатты дискілерде, магнит таспаларда және басқа да ақпарат тасымалдағыштарда сақтау арқылы берілетін деректерді, сондай-ақ бақылау деректерін жазуға арналған цифрлы құрылғылар;
      4) радиолокациялық станция (кешен) және әуе қозғалысын басқарудың қазіргі заманғы автоматтандырылған жүйесі құрамына кіретін құрылғылар;
      5) Объективті бақылау жабдығын техникалық пайдалану осы жабдықты өндірушілердің пайдалану-техникалық құжаттамасына және АА нормативтік құжаттарына сай жүргізілуі тиіс.
      6) ӘҚҚ ауызекі байланыс арналары ақпараттарын, деректерді тарату және осы Нұсқаулыққа нұқсан келтірмейтін бақылау деректерін құжаттау, сақтау және қолдану барысында басқа да ерекшеліктерді анықтайтын қосымша талаптар АА ұйымы (бөлімшесі) жетекшісінің бұйрығы арқылы анықталады;
      7) ӘҚҚ ауызекі байланыс арналары ақпараттарын, деректер тарату және бақылау деректердің құжаттау тәулік бойы немесе ақпарат көздерінің жұмыс уақыты кезінде жүзеге асырылуы тиіс;
      8) Құжаттауды ұйымдастыру, ақпараттарды сақтау және қолдану үшін жауапкершілік АА ұйымы жетекшілеріне жүктеледі;
      9) Құжаттауды техникалық қамтамасыз етуге, сақтау шарттарына, сапасына және ақпаратты жаңғыртуға жауапкершілік АА ұйымының радиотехникалық қызметі бастықтарына жүктеледі;
      10) Ақпараттарды құжаттау радиотехникалық құралдарға, ӘҚҚ қамтамасыз ететін АА ұйымының лауазымдық тұлғалары жұмысына бақылау жасау үшін, іздеу және құтқару іс-шараларын жүргізу үшін авиациялық оқиғаларды тексеруге және АА ұйымының басқа да өндірістік мақсаттарында пайдалануға арналған.

Радиолокациялық, радиопеленгациялық және жоспарлы ақпараттарды құжаттау

      12. Радиолокациялық, радиопеленгациялық және жоспарлы ақпараттарды құжаттаудың (бақылау құралдары) қазіргі заманғы құрылғылары, әдетте мыналардың құрамына кіреді:


      1) Радиолокациялық кешендер және радиолокациялық станциялар;
      2) ӘҚБ АЖ және ӘҚҚ диспетчерлерінің автоматтандырылған жұмыс орны (АЖО).
      13. Радиолокациялық, радиопеленгациялық және жоспарлы ақпараттарды жазу ақпараттар түсіп жатқан уақыт бойы үздіксіз жүргізілуі тиіс.
      14. Ақпарат жазумен бір уақытта ағымдағы кезең жазбалары жүргізіледі.
      15. Уақыт көрсеткіші нақтылығын түзету автоматты түрде нақты уақыт дабылы құрылғысы арқылы жүзеге асады. Бірыңғай уақыт көрсеткішін автоматты түрде түзету дабылы жоқ болған кезде жүйелік уақыт барысы нақтылығына түзету шұғыл журналға жазба жазу арқылы төмендегідей нысанда қолмен істеледі:
      1) «07.00. Жүйелік сағат 1 минутқа кейін қалған. Ағымдық уақытқа түзету енгізілді. Қолы, күні».
      2) «19.00. Ағымдық уақытқа түзету енгізу қажет емес. Қолы, күні».
      15. Ақпараттарды тасымалдау немесе сақтау үшін қолданылатын барлық ақпарат тасымалдағыштар және жеке жазу құрылғыларының реттік нөмірлері болуы керек.

Ауызекі ақпараттарды құжаттау

      16. Ауызекі ақпаратты құжаттау (жазу) аппараты бөгде адамдардың


кіруіне шек қойылған және температура режіміне сай келетін және қолданыстағы техникалық құжаттама талаптарына сай келетін арнайы бөлмелерде орналасуы тиіс.
      17. Ауызекі ақпараттарды құжаттау аппаратына жазатын арналар тізбесін АА ұйымының (бөлімшесінің) басшысы анықтайды және бекітеді.
      18. Жазуға болатын байланыс арналарының әрқайсысына ауызекі ақпараттарды жазу аппаратының жеке арнасы бекітіледі.
      19. Әрбір жазу құрылғыларында жазу арналарының нөмірі және оларда жазып жатқан байланыс арналарының қысқаша белгісі көрсетілген кесте болуы тиіс.
      20. Ақпараттарды тасымалдау немесе сақтау үшін қолданылатын барлық ақпарат тасымалдағыштардың реттік нөмірлері болуы тиіс.
      21. Бақылауға жататын ауызекі ақпараттарды жазу:
      1) жұмыс орындарына байланыс арналарын тікелей жалғау орындарынан;
      2) байланыс арнасы жұмысы сапасының төмендеуін болдырмайтын, сәйкес құрылғыларды қолдану арқылы жүргізіледі.
      22. Ауызекі сигналдарды жазу кезінде ағымдағы уақыт автоматты түрде жазылуы тиіс.
      23. Жазу аппаратының ішкі сағатын түзету бірыңғай уақыт дереккөзінен автоматты түрде жүзеге асырылуы тиіс.
      24. Бірыңғай уақыт сигналдарын ретрансляциялау ұйымдастырылмаған ұйымдарда, жазу аппаратының ішкі сағатын түзету Қазақстан Республикасының бірыңғай уақытты радиотарату станциясының сигналы бойынша қолмен жүзеге асырылады.
      25. Ақпараттарды жазу үздіксіз жүргізіліп отыруы тиіс.
      26. Ақпаратты, ағымдағы уақытты жазудың болуы және сапасын тексеру шұғыл жағдайлар журналына жазу арқылы әрбір 4 сағат сайын жүргізіліп отыруы тиіс.
      27. Әуе қозғалысын басқаруға қатысы жоқ жазба арналарында тексеру ауысымға бір рет жүргізіледі.
      28. Уақытқа тексеру жүргізетін және түзетулер енгізетін тұлға, осы Нұсқаулықтың 14-тармағының 1) немесе 2) тармақшаларында көрсетілген нысан бойынша шұғыл тіркеу журналына тексеру жүргізілгені немесе уақытқа түзету енгізілгені жайлы жазба жазуы тиіс.
      29. Ауызекі ақпаратты құжаттау, ауызекі байланыстың негізгі арналарындағы жазбалар тоқтап қалмауы арқылы, жазба құрылғыларының сандық құрамы мен техникалық жай-күйі параметрлеріне бақылау жасауға, жабдыққа техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүргізуге кедергісін келтірмейтіндей етіп ұйымдастырылуы қажет.

Ақпарат тасымалдаушыларды сақтау тәртібі, тыңдау (жаңғырту)

      30. Ақпаратты тасымалдағыштарды сақтау ақпараттық бүлінуін немесе оған бөгде адамдардың қол жеткізуін болдырмауы тиіс.


      31. Ақпарат құжаттау құрылғыларында қатты дискілерде жазылып, сақталады. Қатты дискілер толған кезде ондағы ескі ақпарат автоматты түрде өшіріледі және оның орнына жаңа ақпарат жазылады. Қатты дискілер көлемі кемінде 30 тәулік мерзімге сақталатын ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз етуі тиіс.
      Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.12.2013 № 1429 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      32. Ақпаратты қатты дискіде сақтайтын жазба құрылғылар ақпарат фрагменттерінің алмастырғыш тасымалдағыштарға көшірілуін қамтамасыз етулері тиіс.
      33. Егер жазба құрылғысы жазбаларды және ақпараттарды сақтауды магниттік таспаларға немесе алмастырғыш ақпарат тасымалдағыштарда жазған болса, онда магниттік таспа және алмастырғыш ақпарат тасымалдағыштар көлемі кемінде 30 тәулік бойы сақталған ақпараттарға қол жететіндей қалыпта болады. Бұл мерзім аяқталған соң алмастырғыш ақпарат тасымалдағыштар қайтадан қолданылуына болады. Ауыстырғыш ақпарат тасымалдағыштарды қолданған кезде, әрбір ауыстырғыш ақпарат тасымалдағышын қолдану жағдайы тіркеліп отыратын, осы Нұсқаулық қосымшаға сәйкес ақпарат тасымалдағыштарды тіркеу журналы жүргізіледі.
      Ескерту. 33-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.05.12 № 506 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      34. Алмастырғыш ақпарат тасымалдағыштар электрмагниттік өріс  және күн көзі әсері тимейтіндей металл шкафтарда сақталуы тиіс.
      35. Алмастырғыш ақпарат тасымалдағыштарды сақтауға арналған шкафтарда олардың бүлінбеуі үшін микроклимат қамтамасыз етілуі тиіс.
      36. Ұстауға уақытша тыйым салынған алмастырғыш тасымалдағыштарды (магниттік таспаларды) сақтау үшін сүргі салуға лайықты арнайы металл қорапшалар болуы қажет.
      37. Ұйым жетекшісінің немесе оның орнындағы тұлғаның өкімі бойынша авиациялық оқиғаларды зерттеу барысында РТЖБП және ӘҚҚ қызметі өкілдерінің қатысуымен қажетті ақпарат қатты дискіден алмастырғыш тасымалдағышқа көшіріліп жазылады да (егер жазба таспада жазылса онда магниттік таспа алынады), бұл жайында ақпарат тасымалдағыштарды тіркеу журналында тиісті түрде жазылуы тиіс.
      38. Қолданыстан алынған ақпарат(-тар) тасымалдағыш(-тар)ға сүргі соғылып, АА ұйымы (бөлімшесі) жетекшісінің бұйрығымен бекітілген орында сақтауға беріледі.
      39. Егер ақпарат тасымалдағыш осы Нұсқаулықтың 37-тармағында көрсетілгендей мақсатта түнгі уақытта, демалыс немесе мереке күндері алынған болса, онда қолданыстан алынған ақпарат тасымалдағышқа сүргі соғылып, әрі қарай 38-тармаққа сәйкес тапсырылу арқылы ААҚ-ға өткізіледі.
      40. Ұстауға уақытша тыйым салынған ақпарат тасымалдағышты қолданыстан алуға өкім берген тұлғада сақталуына рұқсат етіледі.
      41. Авиациялық оқиғаларға қатысты ақпараттар жазылған ақпарат тасымалдағышының сақталуына жауапкершілік АА ұйымы жетекшісіне жүктеледі.
      42. Авиациялық оқиғаларға қатысы бар, қолданыстан алынған ақпарат тасымалдағышының сақталу мерзімі Қазақстан Республикасы АА өкілетті органы арқылы тағайындалған, авиациялық оқиғалар мен қақтығыстарды зерттеу бойынша құрылған комиссия арқылы анықталады.
      43. Қолданыстан алынған ақпарат тасымалдағыштың қорабын ашу  және тыңдау (жаңғырту), оның көшірмесін алу авиациялық оқиғалар мен қақтығыстарды зерттеу бойынша құрылған комиссия төрағасының нұсқауымен жүзеге асырылады.
      44. Авиациялық оқиғаларға қатысы жоқ жағдайлар жөніндегі ақпарат тасымалдағыштарын тыңдау (жаңғырту), көшірмесін алу, АА кәсіпорны жетекшісі бекіткен, Арнайы лауазымдық тұлғалар тізбесінде анықталған тұлғалар және жаңғырту аппаратында жұмыс істеуге үйретілген тұлғалар арқылы жүзеге асырылады.
      45. Қажет болған уақыт кезеңінде ақпарат одан әрі қарай өңдеп, тыңдау үшін жазу құрылғысынан тікелей жаңғырту аппаратына көшіріледі.
      46. Егер жазу құрылғысынан жаңғырту құрылғысына көшіру мүмкін болмаса, қажетті ақпарат жазу құрылғысынан жаңғырту құрылғысына алмастырғыш тасымалдағыштың көмегімен көшіріледі немесе магниттік таспа беріледі. Бұны беру ақпарат тасымалдағыштарын тіркеу журналына жазу арқылы жүзеге асырылады.
      47. Алмастырғыш ақпарат тасымалдағыштар мен жазбасы бар магниттік таспа берілген күннен бастап 5 тәулік ішінде тұрақты сақтау орнына қайтарылуы тиіс.
      48. Жазылған ақпарат фрагменттерін тыңдау (жаңғырту), егер ақпараттарды құжаттау аппаратының техникалық құжаттамасында айтылғандай басқа да жаңғырту тәсілдері қарастырылмаған болса, жазу құрылғысынан бөлек бөлмеде орналасқан, жаңғырту құрылғыларында жүзеге асырылады.
      49. Жазылған ақпараттарды тыңдау (жаңғырту) немесе қарап шығу кезінде ақпараттар өшіріліп қалмауы (алынып тасталмауы) жағы көзделуі қажет.
      50. Жазылған ақпаратты тыңдау үшін АА ұйымының ӘҚҚ қызметі және/немесе РТЖБП қызметінің осы жұмысты орындау үшін арнайы оқытылған және рұқсат алған мамандары жіберіледі.

Азаматтық авиацияда    


ұшуды және авиациялық   
радиобайланысты радиотехникалық
қамтамасыз ету қағидасына  
4-қосымша        

Объектінің ауысымдық персоналының жедел журналы
_________________________________________
(объектінің атауы)

20__жылғы «__»_______басталды


20__жылғы «__»_______аяқталды 

Күні, уақыты

Мазмұны

Лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты, қолы







Журналды жүргізу тәртібі

      Журналды объектінің кезекші инженері (технигі) жүргізеді.


      Журналға мынадай жазулар жазылады:
      1) объектіні және кезекшілікті қабылдағаны, объектінің жұмысқа дайындығы, кезекшілікті тапсыру туралы;
      2) жабдықты (персоналы бар объектілерде) қосу, ажырату уақыттары, жұмысындағы барлық бұзушылықтар және олардың себептері туралы;
      3) кезекшілік кезінде лауазымдық тұлғалардан келіп түскен нұсқаулар мен өкімдер туралы;
      4) лауазымдық тұлғалардың объектіні тексеру нәтижелері туралы;
      5) қолданыстағы электр қондырғыларының жұмыс өндірісі туралы;
      6) объектіде стажировка жүргізу туралы;
      7) автоматтандырылған объектілер үшін журнал
      «_______ объектісінің жедел журналы» деп аталады.

Азаматтық авиацияда      


ұшуды және авиациялық     
радиобайланысты радиотехникалық
қамтамасыз ету қағидасына    
5-қосымша          

РТЖБП қызметінің ауысым персоналының кезекшілікті қабылдау туралы ұшу басшысына электронды тасымалдаушыда жазылған баяндамасы

       1. Баяндаушы ауысымдағы________________________________________


                                      (тегі)
      Кезекшілікті____сағ._________минутта қабылдадым.
      2. Ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету және байланыс резервтік барлық құралдары жұмысқа жарамды, РМЖ, ҚЖЖ нысандары қону курсы______ (МКп, ЖӘК нөмірі) (қандай да бір құралдар істен шыққан болса, оларды қайта іске қосу жоспарланған уақытын көрсету) қосылған.
      Жоспарланған техникалық қызметте тұрғандар (құралдар мен олардың жоспарланған қосылу уақытын көрсету).
      Техникалық қызметке өшірілу жоспарланған (өшірілу уақытын көрсету, ұзақтығы және ұшу басшысының рұқсатын алу).

Азаматтық авиацияда     


ұшуды және авиациялық    
радиобайланысты радиотехникалық
қамтамасыз ету қағидасына  
6-қосымша         

Бекітемін


Азаматтық авиация ұйымының
(бөлімшесінің) басшысы
20__жылғы «__»_________

Объектінің электр қондырғыларының тиістілігі мен пайдалануға жауапкершілікті шектеу актісі
_______________________________
(объектінің атауы)

Энергиямен жабдықтаушы ұйым _________________


(жабдықтаушы) тұлғасында________________және РТЖБП қызметі
(тұтынушы) тұлғасында__________________арасындағы
      1. Тұтынушыны арғы бетінде көрсетілген схемаға сәйкес ТКС-тен электрмен жабдықтау жүзеге асырылады.
      2. Жабдықтаушы мен Тұтынушы арасындағы пайдалану жауапкершілігінің шекарасы___________схемада көрсетілген ___________________арқылы өтетін сызық.
      3. Тұтынушы Жабдықтаушыға тиесілі, бірақ жергілікті жағдайлар бойынша Тұтынушы персоналына қолжетімді электр жабдықтар мен кабельдің сақталуына, сондай-ақ Жабдықтаушыға тиесілі есік құлыптарын бұзылмауына жауапты болады. Жабдықтаушының құлыптары жабық:
_________________________________________________________
      4. Шек қою желісі бойынша байланыс жағдайын бақылауды персонал жүзеге асырады_____________________________________________.
      5. Тұтынушыға (кВа)____вольт кернеу кезінде____кВт электр қуаты рұқсат етілген. Тұтынушының таратушы бөлу қалқасындағы жалпы қорғаныш фазалардың біркелкі жүктелімі кезінде рұқсат етілген____А кернеу қуатымен тоқ орналастырылған.
      6. Жабдықтаушы жағынан қорғаныш_____А тоқ орналастырылады, яғни Тұтынушының таратуындағы қорғаныштан бір саты жоғары болады.
      7. Тұтынушы тоқ көзі жүретін желілерде жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін Жабдықтаушыдан бір тәулік бұрын ескерту алғаннан соң жылына________рет_____сағатқа ток көзін береді.
      8. Әр жылдың басында Тұтынушы Жабдықтаушыға электр шаруашылығын пайдалануға жауапты тұлға тағайындалған және Тұтынушымен шұғыл түрде келіссөз жүргізетін персонал тізімі көрсетілген бұйрықтың көшірмесін ұсынады.
      9. Ерекше шарттар__________________________________________.
      10. Қалыпты электрмен жабдықтауға кедергі тудыратын барлық жағдайларда Тұтынушының кезекші персоналы Жабдықтаушының диспетчеріне мынадай телефон арқылы _______________ шұғыл түрде хабарлайды.
      11. Жоғарыда айтылған шарттар өзгерген жағдайда акт қайта ресімделеді.
      12. Акт екі данада (әр тарапқа - біреуден) жасалған.

      Қосымша,

      Жабдықтаушы:                        Тұтынушы:
      Энергиямен жабдықтаушы ұйымның      РТЖБП қызметінің басшысы
      басшысы
      _______________________________     ________________________
                  (қолы)                           (қолы)

Азаматтық авиацияда    


ұшуды және авиациялық   
радиобайланысты радиотехникалық
қамтамасыз ету қағидасына  
7-қосымша          

Байланыс резервтік арналарының сенімділік көрсеткіштері мен санын есептеуге арналған формулалар

      1. Бұзылуға (зақымдануға) атқарым шамасын анықтау

      Т жиын
Тб = ---------, n = 1, 2, 3,..., болған кезде
          n

      мұндағы, Тб - бұзылуға (зақымдануға) орташа атқарым, сағатпен;


      Тжиын - белгілі бір уақыт кезеңіндегі құралдардың (бір үлгідегі құралдар тобының) атқарымы, сағатпен;
      n - құралдардың (бір үлгідегі құралдар тобының) осы кезеңде бұзылу (зақымданулар) саны.
      2. Қалпына келтірудің орташа уақытының шамасын анықтау

      ТҚжиын


Тқ = ---------, n = 1, 2, 3,..., болған кезде
         n

      мұндағы, Тқ - құралдардың жұмыс істеу қабілетін қалпына келтірудің орташа уақыты;


      ТҚжиын - құралдардың (бір үлгідегі құралдар тобының) жұмыс істеу қабілетін қалпына келтірудің есептік кезеңдегі жиынтық уақыты.
      3. Резервтік құралдар санын анықтау

      Крез = V К қбас,

      мұндағы,
      Крез - резервтік құралдар саны;
      К қбас - қолданыстағы байланыс арналарының саны.
      Есептеу нәтижесі бүтін санға дейін артығымен дөңгелектенеді.

Азаматтық авиацияда     


ұшуды және авиациялық    
радиобайланысты радиотехникалық
қамтамасыз ету қағидасына   
8-қосымша          

ҰРТҚ және байланыс құралдарына арналған формулярды жүргізу қағидасы

      1. Формуляр ҰРТҚ және байланыс құралдарының жасаушы кәсіпорын кепілдік берген негізгі параметрлері мен техникалық сипаттамаларын куәландыратын, осы құралдардың жай-күйін көрсететін және оны пайдалану (жұмыс ұзақтығы мен жағдайлары, ТҚ, жөндеу түрлері, құрамдас бөліктері мен бөлшектерін ауыстыру және басқа да барлық пайдалану кезеңін қамтитын деректер) жөніндегі мәліметтерді қамтитын құжат болып табылады.


      2. Осы құрал бекітілген объект басшысы формулярдың сақталуына  және оның дұрыс жүргізілуіне жауапты болып табылады.
      Формуляр жоғалған жағдайда, оның төлқұжаты АА ұйым (бөлімше) басшысының рұқсатымен ашылып жүргізіледі.
      3. Формулярды барлық бөлімдер бойынша жүргізу міндетті. Формулярдағы барлық жазулар анық және мұқият жүргізілуі тиіс. Өшірулерге және куәландырылмаған түзетулерге жол берілмейді.
      4. Формулярдың барлық парақтары толтырылғанда қосымша парақтар жапсырылады. Қосымша парақтарды формулярға жапсыру мүмкін болмағанда, ол жаңасына ауыстырылады. Жаңа формулярға ескі формулярдың әрбір бөлімі бойынша қорытынды деректер енгізіледі. Бұл жазулар Азаматтық авиация ұйымы басшысының қолымен және елтаңбалық мөрмен бекітіледі. Ескі формуляр акті бойынша жойылады.
      5. Құралдың істеген жұмысы туралы деректер санауыш көрсеткіштерінің немесе объектінің ауысымдық инженерінің (техниктің) жедел журналындағы жазулар негізінде ай сайын енгізіледі.
      6. Құралдың негізгі параметрлерін бақылау өлшеулері бағанына жазулар өлшеулер нәтижесінде жүргізіледі.
      7. «Құралдың техникалық жай-күйі» деген мәліметтерге белгіленген нормаларға сәйкес келмейтін техникалық параметрлер және анықталған негізгі ақаулықтар жазылады.
      «Қорытындылар» деген бағанға анықталған кемшіліктерді жоюға арналған іс-шаралар жазылады.
      8. Формулярға құралдарды жөндеу туралы жазуды жөндеу ұйымының басшылары жазады, олар жөндеу түрін, ол қашан және қайда жүргізілгенін көрсетеді.
      Құралдың деталдарын ауыстыру және ағымдағы жөндеу туралы жазуларды жөндеуді жүргізген тұлғалар жатады. Бұл ретте олар ауыстырылған құрамдас бөліктердің атауын, децималдық (сызбалық) және схемалық нөмірлерін, олардың істеген жұмысын, оларды ауыстыру себептерін көрсетеді.
      9. Сақтаудан шығару туралы жазулар құралды пайдалануға арнап орнату уақытында жазылады.

Азаматтық авиацияда    


ұшуды және авиациялық   
радиобайланысты радиотехникалық
қамтамасыз ету қағидасына  
9-қосымша         


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет