Азаматтық кодексіне



бет5/6
Дата17.07.2016
өлшемі422.5 Kb.
#205422
1   2   3   4   5   6
Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 13, 196-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат):

1) 5-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) егер жеке тұлға, оның iшiнде дара кәсiпкер немесе резидент емес заңды тұлға кепiл берушi болып табылған жағдайда, салық төлеушi ретiнде тiркелген орны бойынша жүзеге асырылады.»;

2) 11-баптың 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларындағы «келмесе», «жасамаса» деген сөздер тиісінше «келмеген», «жасамаған» деген сөздермен ауыстырылып, 4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:



«4) егер жылжымалы мүлiк кепiлiн және кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын мемлекеттiк тiркегенi үшiн алынатын алымның бюджетке төленгенiн растайтын құжат болмаған жағдайларда, кепiлдi тiркеуден бас тартады.»;

3) 13-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:



«3. Кепiл берушiнiң немесе кепiл ұстаушының өтiнiшi бойынша тiркеушi орган екі жұмыс күні ішiнде жылжымалы мүлiк кепiлiн тіркеу туралы жоғалған куәліктің орнына оның телнұсқасын бередi.».

24. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» 1998 жылғы 2 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 15, 209-құжат; 1999 ж., № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 5, 116-құжат; 2001 ж., № 13-14, 172-құжат; № 17-18, 241-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; 2007 ж., № 17, 140-құжат; № 19, 147-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; № 24, 122, 126-құжаттар; 2010 ж., № 24, 148-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 7, 54-құжат; 2012 ж., № 4, 30, 32-құжаттар):

7-баптың 2-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«2-1. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактiсi туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте өзге де жолмен жәрдемдескен адам Қазақстан Республикасының Үкіметі көздеген тәртiппен көтермеленедi.».

25. «Аудиторлық қызмет туралы» 1998 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 22, 309-құжат; 2000 ж., № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 5-құжат; № 8, 52-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 86-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 23, 138-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат):

18-1-баптың 3 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Қаржы ұйымының аудиторлық есебiн қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға ұсынудың белгiленген мерзiмдерi бұзылған жағдайда қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган аудиторлық есепті белгіленген мерзімде ұсыну туралы жазбаша нұсқама жібереді.

4. Аудиторлық ұйым жазбаша нұсқаманы орындамаған жағдайда қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган лицензияның қолданылуын тоқтата тұру қажеттігі туралы өтінішпен уәкілетті органға жүгінеді.».

26. «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» 1999 жылғы 5 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 8, 238-құжат; № 23, 925-құжат; 2000 ж., № 23, 411-құжат; 2001 ж., № 2, 14-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2004 ж., № 24, 157-құжат; 2005 ж., № 23, 98-құжат; 2006 ж., № 12, 69-құжат; 2007 ж., № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 23, 111-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат):

1-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) арнаулы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрі - жәрдемақы) - жәрдемақылардың өзге түрлеріне қарамастан берілетін, жәрдемақы алуға құқығы бар азаматтарға ақшалай төлем;».

27. «Дене шынықтыру және спорт туралы» 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 24, 1065-құжат; 2003 ж., № 15, 129-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж, № 3, 22-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 15-16, 77-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 111-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 25-құжат):

1) 1-бапта:

мынадай мазмұндағы 10-1) және 22-1) тармақшалармен толықтырылсын:

«10-1) дене шынықтыру және спорт жөніндегі әдіскер (бұдан әрі - әдіскер) - спорт ұйымдарында және дене шынықтыру-сауықтыру мен спорт қызметі жүзеге асырылатын ұйымдарда оқу-жаттығу процесін әдістемелік қамтамасыз етуді және оған басшылықты, дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шараларды өткізуді жүзеге асыратын жеке тұлға;»;

«22-1) нұсқаушы-спортшы - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес еңбекақы төлеу шартымен спорт қызметін жүзеге асыратын спортшы;»;

36) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«36) спорттық сыныптама - спорттың жекелеген түрлерiнде шеберлiк деңгейiн, сондай-ақ жаттықтырушылардың, спортшылардың, нұсқаушы-спортшылардың, әдiскерлердiң және төрешiлердiң бiлiктiлiк деңгейiн айқындайтын спорттық атақтар, разрядтар және санаттар жүйесi;»;

2) 18-бапта:



2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Қазақстан Республикасының құрама командаларын спорт түрлерi бойынша тиiстi қоғамдық бiрлестiктер дене шынықтыру-спорт ұйымдарының ұсыныстарын ескере отырып, конкурстық негiзде қалыптастырады. Алдын ала белгiленген және жарияланған арнаулы нормативтердi спорт қағидаттарын сақтай отырып орындаған спортшылар Қазақстан Республикасы құрама командаларының негiзгi және жастар (резервтiк) құрамдарына енгiзiледi. Қазақстан Республикасы құрама командаларының белгiленген нормативтердi орындамайтын, өз мiндеттерiн үнемi бұзатын мүшелерi Қазақстан Республикасы құрама командаларынан шығарылады. Қазақстан Республикасы құрама командаларының құрамдарын спорттың әр түрi бойынша қоғамдық бiрлестiктердiң ұсынуымен дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi орган жыл сайын бекiтiп отырады.»;

мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

«3. Қазақстан Республикасының штаттық құрама командалары - спортшылардың, жаттықтырушылардың, ғалымдардың, спортшылары халықаралық жарыстарда өнер көрсету қорытындылары бойынша жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткізген дене шынықтыру-спорт ұйымдары мен спорттық медицина ұйымдарының басқа да қызметкерлерінің ұжымдары, сондай-ақ осы спортшыларды даярлаған және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген қаржылық шарттармен спорт қызметін жүзеге асыратын жаттықтырушылар, ғалымдар және өзге де қызметкерлер.

Қазақстан Республикасының штаттық құрама командаларының тізімдерін дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi орган қалыптастырады және бекітеді.»;

3) 21-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:



«1-1. Спорт резервін жасөспірім және жас спортшылар құрайды. Спорттың жекелеген түрлері бойынша жасөспірімдер мен жастардың жас шамасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады.»;

4) 22-1-бапта:



1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Жаттықтырушыларға, нұсқаушы-спортшыларға, әдiскерлерге, төрешiлерге санаттар дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлеген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес берiледi.»;

3-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Дене шынықтыру және спорт жөнiндегi әдiскерлер мен нұсқаушы-спортшыларға мынадай бiлiктiлiк санаттары берiледi:»;

5) 23-баптың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:



«10) техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, дене шынықтыру және спорт саласында стандарттау аясындағы қызметті жүзеге асырады;»;

6) 24-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:



«2. Спорттың әрбiр түрi бойынша тек бiр республикалық қоғамдық бiрлестiк қана аккредиттелуге жатады, ол Қазақстан Республикасының атынан дене шынықтыру және спорт саласындағы халықаралық бірлестіктерге қатысушы болуы мүмкін.»;

7) 27-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:



«2. Спорт ғимараттары орналасатын аумақтарды құзыреттi мемлекеттiк органдар аталған ғимараттарды болашақта салуға арналған жерлердi ағымдағы игеру және келешекте резервте ұстау үшiн нормативтiк бөлу арқылы айқындайды.»;

8) 33-баптың 1-тармағының алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:



«өзінің қаржыландыру көздері есебінен өз алдында тұрған жарғылық міндеттерді орындауды іске асырады;».

28. «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 20, 379-құжат; 2004 ж, № 5, 29-құжат; 2007 ж., № 12, 86-құжат; № 19, 147-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 15, 118-құжат):

1) 1-бапта:

2-2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«2-2. Мемлекеттік қызмет көрсету - орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдары мен өзге де жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдардың жекелеген функцияларын іске асыру нысандарының бірі болып табылатын, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, жеке және заңды тұлғалардың (орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарды қоспағанда) қажеттерін қанағаттандыруға бағытталған, жеке-дара сипаттағы әрі жеке және (немесе) заңды тұлғалардың (орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарды қоспағанда) өтініші бойынша жүзеге асырылатын қызмет.»;

2-5 және 2-6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«2-5. Мемлекеттiк қызметтер көрсету тiзiлiмi - көрсетілетін мемлекеттiк қызметтердi алушылар, олардың көрсетiлуiн қамтамасыз ететiн орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдар көрсетіле отырып, республикалық және жергiлiктi деңгейлерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң үнемі жаңартылып отыратын тiзбесiн және басқа да сипаттамаларды қамтитын нормативтiк құқықтық акт.

2-6. Мемлекеттiк қызмет көрсету регламентi - мемлекеттiк қызмет көрсету стандартының сақталуын қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды белгiлейтiн және орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының, лауазымды адамдардың, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттiк қызмет көрсету жөніндегі қызмет тәртiбiн айқындайтын нормативтiк құқықтық акт.

Мемлекеттік қызмет көрсету регламенті мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдары мен өзге де жеке және заңды тұлғалардың іс-қимылының (өзара іс-қимылының) сипаттамасын да белгілейді.»;

2) 4-баптың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:



«1) бiр мәрте не уақыт бойынша өзге де шектеулi қолдануға есептелген;

2) жеке-дара белгiлi бiр тұлғаларға қолданылады;

3) жеке-дара белгiлi бiр тұлғалардың заңнамада белгіленген құқықтары мен міндеттерін қолданады және (немесе) іске асырады.»;

3) 9-1-бапта:



3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Қазақстан Республикасының Президентіне бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган әзірлейтін мемлекеттік қызмет көрсету стандартын Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.»;

4-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдары мен өзге де жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қызметін ұйымдастыру үшін орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік қызметтер көрсету регламенттерін әзірлейді және бекітеді.

Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне бірнеше орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы орган, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдары мен өзге де жеке және заңды тұлғалар қатысқан кезде мемлекеттік қызмет көрсету регламентін орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар бірлесіп әзірлейді және бекітеді.»;

4) 15-1-баптың 1 және 6-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:



«1. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдары, өзге де жеке және заңды тұлғалар мемлекеттік қызметтер көрсету субъектiлерi болып табылады.»;

«6. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар өз құзыретіне кіретін электрондық мемлекеттік қызметтер көрсетуді Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мерзімдерде қамтамасыз етеді.».

29. «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 22, 406-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; 2005 ж., № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 85-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; № 8, 52-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат):

1) 28-баптың 1-тармағының бірінші абзацы «рұқсат беруден» деген сөздерден кейін «бас тартуға» деген сөздермен толықтырылып, 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«7) құрылтайшы жеке тұлғалардың, атқарушы органның не құрылтайшы заңды тұлғаның басқару органының бірінші басшысының алынбаған немесе жойылмаған соттылығының болуы негіз болып табылады.»;

2) 29-баптың бірінші абзацындағы «мемлекеттік орган» деген сөздер «орган» деген сөзбен ауыстырылып, 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:



«3) уәкiлеттi орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға берген рұқсаттың мерзiмi өтiп кетiп, сол мерзiм iшiнде ол әдiлет органдарында тiркелмеген немесе сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшiн уәкiлеттi органға өтiнiш білдірмеген жағдайларда керi қайтарып алады.»;

3) 40-баптың 5-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:



«3) уәкілетті орган өткізген тестілеудің нәтижесі теріс болған жағдайлар лицензия беруден бас тартуға негіздер болып табылады.»;

4) 52-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:



«2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қатысуымен бiрлескен қызмет туралы шарт жасалған күнінен бастап күнтізбелік он күн iшiнде уәкiлеттi мемлекеттiк органда тiркелуге жатады.».

30. «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» 2001 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 1, 8-құжат; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; № 10, 56-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 17, 141-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 2, 21-құжат; № 5, 43-құжат; № 17, 136-құжат; № 23, 179-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат):

18-баптың тақырыбы және 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«18-бап. Дара кәсiпкерлердiң және (немесе) заңды тұлғалардың қауымдастық (одақ) нысанында бірігуі

1. Дара кәсiпкерлер және (немесе) заңды тұлғалар өздерiнiң кәсiпкерлiк қызметiн үйлестiру, сондай-ақ ортақ мүдделерiн бiлдiру және қорғау мақсатында қауымдастықтар (одақтар) құра алады.».

31. «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 2, 28-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 21-құжат; № 5, 35-құжат):

6-бапта:

1-тармақта:

8) тармақша алып тасталсын;

12-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«12-2) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдігі әзірлеген және ұсынған «Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағын беру қағидаларын бекіту;»;

мынадай мазмұндағы 2-2-тармақпен толықтырылсын:

«2-2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мәслихаттарының құзыретіне қағидаларды бекіту жатады, олардың бұзылғаны үшін әкімшілік жауапкершілік белгіленген.».

32. «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 18-құжат; 2004 ж., № 2, 10-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; № 17-18, 76-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 10, 52-құжат; 2007 ж., № 2, 14, 18-құжаттар; № 3, 20-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 15, 106-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 1, 4-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 8, 41-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 10, 86-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 5, 35-құжат):

15-бапта:

3-тармақ алып тасталсын;

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Уәкiлеттi орган осы баптың 2, 4 және 5-тармақтарында көрсетілген құжаттар ұсынылған күннен бастап күнтiзбелiк он күннен кешiктiрмей, нысанын орталық атқарушы орган бекiтетiн дербес есепке алу карточкасына (компьютерлiк дерекқор) мәлiметтердi енгiзу арқылы жұмыссыздар ретiнде өтiнiш білдірген адамдарды тұратын жерi бойынша тiркейдi.».

33. «Тұтыну кооперативі туралы» 2001 жылғы 8 мамырдағы Қазақстан Республикасының



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет