Азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу қағидалары Жалпы ережелер Осы Азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Азаматтық қорғау туралы»


Азаматтық қорғаныс объектілері мен мүлкі



бет5/5
Дата10.10.2023
өлшемі55.85 Kb.
#480314
1   2   3   4   5
š0“840;0@

7. Азаматтық қорғаныс объектілері мен мүлкі

144. Азаматтық қорғаныс объектілеріне: басқару пункттері, жеке тұрған және қосып салынған паналайтын жерлер, радиацияға қарсы жасырын паналар, азаматтық қорғаныс мүлкін сақтауға арналған қойма үй-жайлары жатады.


Азаматтық қорғаныс мүлкіне: жеке қорғану құралдары, радиациялық, химиялық барлау және дозиметрлік бақылау аспаптары, жеке медициналық қорғану құралдары, байланыс және құлақтандыру құралдары және басқа да материалдық-техникалық құралдар жатады.
145. Азаматтық қорғаныс іс-шараларын қамтамасыз ету үшін азаматтық қорғаудың басқару органдарында азаматтық қорғаныс мүлкінің запастары құрылады.
146. Мемлекеттік меншік болып табылатын және азаматтық қорғаныс іс-шараларын қамтамасыз ету мен жұмылдыру тапсырмаларын орындауға арналған азаматтық қорғаныс объектілері мен мүлкі иеліктен шығаруға жатпайды.
147. Мемлекеттік органдардың азаматтық қорғанысының қорғаныш құрылыстары мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен күтіп-ұсталады.
Азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған, жұмылдыру тапсырысы бар ұйымдардың аумағында орналасқан, азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстары ұйымдардың қаражаты есебінен күтіп-ұсталады. Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстары неғұрлым көп жұмыс істейтін ауысымға есептелуге және азаматтық қорғау мақсатында пайдаланылуға тиіс.
Азаматтық қорғаныстың объектілері мен мүлкі бар заңды тұлға қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайда, азаматтық қорғаныстың объектілері мен мүлкін әзірлікте ұстап тұру және нысаналы пайдалану жөніндегі міндеттер, сондай-ақ оларды құру мен жинақтау жөніндегі тапсырмалар азаматтық қорғаныс объектілер мен мүлкінің жаңа меншік иелеріне өтеді.
148. Азаматтық қорғаныстың объектілерін құру және пайдалану тәртібі «Азаматтық қорғаныс объектілерін құру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 1357 қаулысымен айқындалған.
149. Азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдар жыл сайын азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілеген әдістемелік ұсынымдарға сәйкес азаматтық қорғаныс объектілеріне кешенді тексеру жүргізеді.
150. Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын тексеру кезінде мынадай құжаттаманың:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша паналайтын жерлер (радиацияға қарсы жасырын паналар) паспорты;
2) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылысын тексеру журналы;
3) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша паналайтын жердегі (радиацияға қарсы жасырын панадағы) микроклиматтың және ауадағы газ құрамының көрсеткіштерін тіркеу журналы;
4) азаматтық қорғаныс қорғаныш құрылысының жоспары;
5) объектіні әзірлікке келтіру жоспары;
6) жабдықтар, құрал-саймандар мен мүлік тізбесі;
7) басқару органдары телефондарының тізімі;
8) қорғаныш құрылысына қызмет көрсету жөніндегі топтың жеке құрамының тізімі;
9) тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерін пайдалану схемасы (желдету, сумен жабдықтау мен кәріз, қорғаныш құрылысын электрмен жабдықтау);
10) дизельді электр станциясына, сүзу-желдету жабдықтарына қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулық (болған жағдайда) болуы қажет.
151. Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын кешенді тексерудің нәтижелері азаматтық қорғаныс объектісін тексеру журналына енгізіледі және азаматтық қорғау саласындағы аумақтық органға жіберіледі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет