2. Азаматтық қорғанысқа басшылық ету және басқару
8. Азаматтық қорғанысқа басшылық етуді Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі – Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс бастығы жүзеге асырады.
9. Лауазымы бойынша уәкілетті органның басшысы Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғанысы бастығының орынбасары болып табылады және бейбіт уақытта азаматтық қорғанысты басқарады.
10. Орталық атқарушы органдарда және ұйымдарда азаматтық қорғанысқа басшылық етуді лауазымы бойынша азаматтық қорғаныстың тиісті бастықтары болып табылатын, олардың бірінші басшылары жүзеге асырады.
11. Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктерінде азаматтық қорғанысқа басшылық етуді лауазымы бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерінің азаматтық қорғаныс бастықтары болып табылатын әкімдер жүзеге асырады.
12. Уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшелерінің басшылары лауазымы бойынша әкімшілік-аумақтық бірліктерінің тиісті азаматтық қорғаныс бастықтарының орынбасарлары болып табылады.
13. Азаматтық қорғаныс іс-шараларының орындалуын қамтамасыз ету мыналарға:
1) уәкілетті органның ведомствосына және оның аумақтық бөлімшелеріне;
2) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың орталық және жергілікті атқарушы органдарында азаматтық қорғанысты ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі құрылымдық бөлімшелерге;
3) тікелей бірінші басшыға бағынатын азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдардағы азаматтық қорғанысы ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі құрылымдық бөлімшелерге немесе жекелеген жұмыскерлерге жүктеледі.
14. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдар азаматтық қорғанысты ұйымдастыру мен жүргізу жөніндегі бөлімшелердің (қызметкерлердің) жасақталуын (тағайындалуын) жүзеге асырады, олардың функционалдық міндеттері мен штаттық кестесін әзірлейді және бекітеді.
3. Азаматтық қорғаныс жоспары
15. Азаматтық қорғаныс жоспары бейбіт және соғыс уақытындағы азаматтық қорғаныс іс-шараларының көлемін, ұйымдастырылуын, орындау тәртібін, мерзімдерін айқындайды.
16. Азаматтық қорғаныс жоспарының құрылымын уәкілетті орган айқындайды.
17. Азаматтық қорғаныс жоспары:
республикалық деңгейде – уәкілетті органның ведомствосы;
салалық кіші жүйеде – орталық атқарушы органның азаматтық қорғанысты ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі тиісті құрылымдық бөлімшесі мен аумақтық деңгейде оның аумақтық бөлімшелері;
аумақтық деңгейде – уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі жергілікті атқарушы органдармен, сондай-ақ жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын және соғыс уақытында жұмысты жалғастыратын атқарушы органдармен бірлесіп;
объектілік деңгейде – азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдар әзірлейді.
18. Орталық атқарушы органның азаматтық қорғаныс жоспарына жетекшілік ететін салада жүргізілетін азаматтық қорғаныс іс-шаралары кіреді.
19. Оның базасында азаматтық қорғау қызметі құрылған ұйым азаматтық қорғаныс жоспарында азаматтық қорғаудың арнайы іс-шараларын орындау бойынша іс-қимылдарды да көрсетеді.
20. Азаматтық қорғаныс жоспарлары тиісті азаматтық қорғаныс бастықтарымен бекітіледі және жоспарланатын жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жыл сайын түзетіледі.
21. Азаматтық қорғаныс жоспарларын қайта жасау тиісті азаматтық қорғаныс бастықтарының жеке өкімі бойынша жүзеге асырылады.
22. Азаматтық қорғаныс жоспарларына құпиялық белгі:
орталық атқарушы органдар үшін – құпия;
азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған облыстар, қалалар үшін – құпия;
азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылмаған қалалық және ауылдық аудандар, қалалар үшін – «қызмет бабында пайдалану үшін»;
азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдар үшін – мемлекеттік құпиялар саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұйым басшысының шешімі бойынша құпиялық белгісі белгіленеді.
Достарыңызбен бөлісу: |