Азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу қағидалары Жалпы ережелер Осы Азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Азаматтық қорғау туралы»


Азаматтық қорғау қызметтері және күштері



бет3/5
Дата10.10.2023
өлшемі55.85 Kb.
#480314
1   2   3   4   5
š0“840;0@

4. Азаматтық қорғау қызметтері және күштері

23. Азаматтық қорғау қызметтері бейбіт және соғыс уақытында азаматтық қорғаудың арнайы іс-шараларын орындауға, халықты төтенше жағдайлар зардаптарынан, қазіргі заманғы зақымдаушы құралдардың зақымдау факторларынан қорғауды қамтамасыз етуге арналған.


24. Қорғау қызметтері республикалық, облыстық, аудандық, қалалық деңгейлерде құрылады.
Жергілікті атқарушы орган тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесімен бірлесіп, азаматтық қорғаудың облыстық, аудандық, қалалық қызметтерін құратын ұйымдарды айқындайды. Қызметтер құрамына бірнеше ұйым кіре алады.
25. «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес азаматтық қорғау қызметтерінің тізбесі:
республикалық деңгейде – Қазақстан Республикасының Үкіметі;
аумақтық деңгейде – тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің шешімі айқындайды.
26. Азаматтық қорғау қызметтерінің бастықтары:
республикалық қызметтерде – базасында қызметтер құрылған министрліктер мен ведомстволардың бірінші басшылары;
облыстық, аудандық, қалалық қызметтерде – қолданыстағы басқару құрылымынан шыға отырып, базасында қызметтер құрылған ұйымдардың бірінші басшылары болып табылады.
27. Азаматтық қорғау қызметтері тиісті азаматтық қорғаныстың бастықтарына тікелей бағынады.
28. Облыстық, аудандық, қалалық қызметтер туралы ережені азаматтық қорғаудың тиісті бастықтары бекітеді.
29. Азаматтық қорғау қызметінің құрылымын олардың басшылары айқындайды.
30. Азаматтық қорғау қызметтері өздерінің қызметінде Азаматтық қорғаныстың тиісті деңгейлердегі жоспарларын басшылыққа алады.
31. Азаматтық қорғау қызметтерінің негізгі міндеттері:
1) халықты қорғау және төтенше жағдайлар салдарының, қазіргі заманғы зақымдаушы құралдардың зақымдау факторларының залалын азайту жөніндегі азаматтық қорғау іс-шараларын жоспарлау және қамтамасыз ету;
2) авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз ету, зардап шеккен халыққа көмек көрсету;
3) азаматтық қорғау құралымдарын құру және даярлау, мақсаты бойынша жұмыстарды жүргізу үшін оларды әзірлікте ұстау;
4) бағыныстағы органдар мен күштерді басқаруды ұйымдастыру, оларды қажетті материалдық-техникалық құралдармен қамтамасыз ету;
5) азаматтық қорғаудың басқару, халықты төтенше жағдайлар қаупі және оның туындауы туралы, қазіргі заманғы зақымдаушы құралдарды қолдану туралы құлақтандыру және хабарлау жүйелерін құруды және әзірлікте ұстауды қамтамасыз ету;
6) радиоактивті, химиялық және бактериологиялық (биологиялық) залалдануды (ластануды) тұрақты қадағалауды және бақылауды ұйымдастыру;
7) тиісті басқару органдарымен және әскери қолбасшылықтың, ішкі істер органдарының күштерімен өзара іс-қимылды ұйымдастыру және қолдау;
8) бағынысты ұйымдардың эвакуациялау іс-шараларына басшылық ету, қауіпсіз аймақта орналастыру аудандарын алдын ала дайындау бойынша шаралар қабылдау;
9) азаматтық қорғаныс жоспарларын және төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларын әзірлеу, ведомстволық бағынысты буындардағы жоспарлауға басшылық ету;
10) авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге шешімдер қабылдау үшін тиісті азаматтық қорғаныс бастықтарына ұсыныстар дайындау;
11) тиісті азаматтық қорғаныс бастықтары алға қойған міндеттерді орындау кезінде бағынысты қызметтердің күштері мен құралдарына басшылық ету;
12) төтенше жағдайлардың туындау қаупін азайту, салалар мен ұйымдар жұмысының тұрақтылығын арттыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және іске асыруға басшылық ету;
13) қызметтердің құзыреті шегінде азаматтық қорғаныс іс-шараларының барлық кешеніне тікелей басшылық етуді жүзеге асыру болып табылады.
32. Азаматтық қорғау күштері азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінен, авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарынан, өртке қарсы қызметтің мемлекеттік және мемлекеттік емес бөлімшелерінен, азаматтық қорғау құралымдарынан, уәкілетті орган авиациясынан, ахуалды қадағалау, бақылау және болжау қызметтерінен тұрады.
33. Азаматтық қорғау құралымдары бейбіт және соғыс уақытында авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге арналған.
34. Әзірлікке келтірудің барынша ықтимал уақыты: құтқару, инженерлік құралымдар және азаматтық қорғау қызметтері құралымдары, оның ішінде шұғыл ден қою жасағының құрамына кіретін құралымдар үшін – 4 сағаттан аспайды, қалған барлық құралымдар үшін – 6 сағаттан аспайды.
35. Ахуалды қадағалау, бақылау және болжау қызметтерінде бейбіт және соғыс уақытында ауыз судың, тағамдық және жем-шөп шикізатының, азық-түліктің, қоршаған ортаның (ауаның, топырақтың, судың, өсімдіктің) радиоактивті, химиялық, биологиялық зақымдануын (ластануын) уақтылы табуға және индикациялауға арналған азаматтық қорғанысты қадағалау және зертханалық бақылау желісі құрылады.
36. Азаматтық қорғанысты қадағалау және зертханалық бақылау желісіне жалпы басшылық етуді және іс-қимылды үйлестіруді уәкілетті органның ведомствосы жүзеге асырады.
37. Азаматтық қорғанысты қадағалау және зертханалық бақылау желісі құрамына кіретін ведомстволық бағынысты мекемелер мен ұйымдарға тікелей басшылық етуді салалық министрліктер мен ведомстволар жүзеге асырады.
38. Күштер топтамалары белгілі бір жүйеге жинақталған және тиісті түрде өрістетілген (орналастырылған) азаматтық қорғау күштерін, сондай-ақ төтенше жағдайлар және қазіргі заманғы зақымдаушы құралдарды қолдану аймақтарында авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу үшін, сондай-ақ азаматтық қорғаудың басқа да міндеттерін шешу үшін тартылған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарын көрсетеді.
39. Күштер топтары бейбіт уақытта құрылады, оларды толық өрістету азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесін бейбіт уақыттан соғыс уақытына ауыстыру кезеңінде аяқталады. Күштер топтарын құру азаматтық қорғаныс жоспарларында көзделеді.
40. Облыстар, қалалар, аудандар азаматтық қорғау күштері топтарының құрамы қазіргі заманғы зақымдаушы құралдарды пайдалану арқылы соғыс қақтығыстарын жүргізу жағдайларында алдағы авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстар мен басқа да шешілетін міндеттер тізбесін және көлімін есепке ала отырып, тиісті азаматтық қорғаныс бастықтарының қарамағындағы бар күштер мен құралдарға сүйене отырып айқындалады.
41. Азаматтық қорғау күштерінің топтамалары бірінші, екінші эшелон мен резервтен тұрады. Ахуал жағдайлары бойынша немесе күштер топтамаларының күштері аз болған кезде бір эшелоннан тұрады.
42. Күштер топтарының бірінші эшелоны қарсылас шабуыл жасаған сәтте қаладағы өндірістік қызметті жалғастырып жатқан объектілерде, сондай-ақ адамдар болуы мүмкін басқа да орындарда авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды өрістетуге және жүргізуге арналған. Бірінші эшелон құрамына азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдері, Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалалардың және өндірістік қызметті жалғастырып жатқан объектілердің авариялық-құтқару құралымдары кіреді. Ахуалға байланысты бірінші эшелонға, сондай-ақ Азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалалардың маңында орналасқан аудандардың азаматтық қорғау күштері де кіреді.
43. Екінші эшелон күшті ұлғайтуға және авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстар шебін кеңейтуге, сондай-ақ бірінші эшелонның ауыстыруды талап ететін азаматтық қорғау бөлімдері (бөлімшелері) мен күштеріне арналған. Оның құрамына азаматтық қорғаныс әскери бөлімдері мен әскери қолбасшылық бөлген әскери бөлімдер, бірінші эшелон құрамына кірмеген азаматтық қорғау күштері, оның ішінде азаматтық қорғау күштерін тарта отырып, азаматтық қорғаныс топтарына жататын қалалардың маңында орналасқан аудандардың (ауылдық), кейіннен шалғай аудандардың (ауылдық) азаматтық қорғаныс күштері енгізіледі.
44. Сол немесе басқа эшелон құрамына кіретін азаматтық қорғаныс күштері жұмыстар аймағында қалыптасқан ахуалды (оның ішінде радиациялық) есепке ала отырып, олардың ұйымдастырушылық құрылымының тұтастығын сақтаумен ауысымдар бойынша бөлінеді. Ауысымдар құрамына өз мақсаттары бойынша авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстардың барлық кешенін жүргізуге қабілетті әртүрлі күштер мен құралдар енгізілуі тиіс.
45. Резерв кенеттен туындаған міндеттерді шешуге және бірінші және екінші эшелонның азаматтық қорғау күштерін ауыстыруға арналған.
Резерв құрамына эшелондар құрамына кірмеген азаматтық қорғау құралымдары, шалғай аудандардың (ауылдық) азаматтық қорғаныс күштері, сондай-ақ қойылған міндеттерді орындағаннан кейін зақымдау ошақтарынан шығарылған күштер мен құралдар енгізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет