Қазан Облыс әкімдігінің мәжілісіне енгізілген мәселе



бет2/3
Дата29.06.2016
өлшемі442.56 Kb.
#166725
1   2   3

Денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруға 2012 жылы 31,3 млрд. теңге қарастырылған, бұл 2011 жылдың тиісті кезеңінен 30,9% артық, оның ішінде тегін медициналық көмек көрсетудің кепілдендірілген көлемін қамтамасыз етуге – 19,7 млрд. теңге.

2012 жылдың қаңтар-қыркүйегінде 23,0 млрд. теңге немесе есепті кезеңге жоспардың 97,4%, оның ішінде тегін медициналық көмек көрсетудің кепілдендірілген көлемі - 14,7 млрд. теңге (99,3%) игерілді.

Облыстық бюджетте 9 денсаулық сақтау нысандарын жөндеуге 219,0 млн. теңге қарастырылған, есепті кезеңде 171,8 млн. теңге немесе жоспарлы кезеңге 99,9% игерілді. 9 айдың қорытындысы бойынша 3 жоба аяқталды.

Материалдық-техникалық базаны нығайтуға республикалық бюджеттен 834,3 млн. теңге қарастырылып, 337,9 млн. теңге игерілді, жергілікті бюджеттен 566,0 млн. теңге қарастырылып, 456,6 млн. теңгесі игерілді.

2012 жылдың қаңтар-қыркүйек айында 2011 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда бала, ана өлімі, туберкулезбен ауру, қан айналымы жүйелерінің және психикалық аурулар деңгейінің төмендеуі тіркелген.

Наркологиялық ауруалар көбейген.

Сонымен қатар, бала өлімі (1000 туылғанға шаққандағы) Жуалы, Мойынқұм, Сарысу аудандарында, туберкулезбен ауру - Жуалы мен Талас аудандарында өскен.

10 мың тұрғынға шаққандағы дәрігерлермен қамту деңгейі 25,94-тен 25,87-ге дейін төмендеген. Кадрлар тапшылығы Байзақ, Жамбыл аудандарында тіркелген.



Білім беру жүйесін қаржыландыруға 2012 жылы 66,4 млрд. теңге қарастырылған немесе 2011 жылдың деңгейінен 25,1%-ға артық. Ү.ж. қантар-қыркүйек айларында 49,5 млрд. тенге немесе есепті кезеңге жоспардың 95,5% игерілген.

27 білім беру нысандарын күрделі жөндеуге және 49 нысанның жобалық-сметалық құжаттамасын дайындауға жергілікті бюджеттен 1,4 млрд. теңге қарастырылып, есепті кезеңде 1,2 млрд.теңге игерілген, 9 нысанды жөндеу аяқталған.

2012 жылы 4 лингофондық кабинетін сатып алуға жергілікті бюджеттен 26,9 млн. теңге, 14 физика, химия және биология кабинеттерін сатып алуға 56,6 млн. теңге, 40 химия кабинетін сатып алуға республикалық бюджеттен 163,9 млн. теңге бөлінген.

Компьютерлік техникамен қамтамасыз ету деңгейі бір компьютерге орташа есеппен 15 оқушыдан құрайды, ауылдық жерде – 14. Жалпы облыста 461 мектептің барлығы компьютерленген және телефондандырылған, Интернет желісіне 444 мектеп немесе 96,3%-ы қосылған, 138 мектепте 690 интерактивті тақталар орнатылған, кең ауқымды Интернет желісіне облыстың 407 мектебі немесе 88,3% қосылған.

«Балапан» бағдарламасын іске асырудың шеңберінде 2012 жылдың қантар-қыркүйегінде 1090 орын ашылды, бұл Кордай, Меркі аудандарында әр кайсысы 280 орындық 2 мемлекеттік балабақшаның құрылысы және Тараз қаласында 250 орындық мемлекеттік балабақшаны жаңғырту есебінен және Тараз қаласында 280 орындық жекеменшік балабақша, Қордай және Сарысу аудандарында мектепке дейінгі мекемелерде 50 орынға қосымша топтар ашу есебінен болған.

2012 жылдың 1 казанында облыста 352 мектепке дейінгі мекемелерде, оның ішінде 343 мемлекеттік және 9 жекеменшік мектепке дейінгі мекемелерде 33,2 мың бала тәрбиеленуде, мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылғандар үлесі 43,7%-ды құрайды, бұл 2011 жылдың тиісті кезеңінен 10,3 пайыздық тармаққа жоғары.



Мәдениет саласын қаржыландыруға 2012 жылы бюджетпен 2,8 млрд. теңге қарастырылған, бұл 2011 жылдың деңгейінен 16,9%-ға артық. Үстіміздегі жылдың қаңтар-қыркүйегінде 2288,9 млн. теңге немесе есепті кезеңге жоспардың 98,5%-ы игерілді.

Ежелгі Тараз қаласының ғылыми - археологиялық қазбаларында жұмыстар басталып, осы мақсатта жергілікті бюджеттен бөлінген 50 млн. теңгенің есепті кезеңде 31 млн. теңгесі игерілген.

Кітапханалардың кітаптар қоры 3254 мың дана кітапқа толықтырылды. Меркі және Мойынқұм аудандыраның тарихи-мәдени ескерткіштерінің жинағын шығару үшін даярлық жұмыстар жүргізілуде.

2012 жылдың қаңтар-қыркүйегінде облыста 5211 мәдени-бұқаралық іс-шаралар жүргізілді.

2012 жылдың қаңтар-қыркүйегінде облыста 1017 спорттық іс-шаралар жүргізіліп, оған 183,6 мың адам қатысты, оның ішінде ұлттық спорт түрлері бойынша - 225 іс-шара (34,7 мың адам). Облыстың 1131 спортшылары 125 республикалық және 81 халықаралық деңгейдегі жарыстарға қатысып, 539 медальдарға ие болды.

Тараз қаласында №8 Төле би атындағы мектеп маңында «ҚазТрансГаз» АҚ көмегімен қоршалған кешенді футбол алаңы ашылды. Бұдан басқа, Сарысу ауданының 3 ауылында, Меркі ауылында, және Т.Рысқулов ауданының 2 ауылдарында футболдық-волейболдық алаңдар салынды.


Облыстық іс-шаралар
Мұғалімдер күнінің өткізілуі туралы ақпарат
Мұғалімдер күніне арналған мерекелік салтанатты іс-шара 2012 жылдың
3 қазан күні Тараз қаласындағы «Баласағұн» орталық концерт залында өткізілді. Мерекелік іс-шараға облыс бойынша 630 педагог қатысты.

Сондай-ақ, мерекелік іс-шараға Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрі Б.Жұмағұлов және облыс әкімі Қ.А.Бозымбаев қатысып, ұстаздарды құттықтады.

Мұғалімдер күні мерекесіне орай 25 педагог қызметкерлер, 5 ардагер ұстаздар және 3 білім мекемесі марапатталды.
Халықаралық қарттар күніне арналған іс-шаралар
1990 жылдан Біріккен Ұлттар Ұйымының шешімімен «1-қазан Халықаралық қарттар күні» мерекесі аталып өткізіледі. Атам қазақ «Алпысқа келгеннен ақыл сұра» деген даналықты ежелден ұстанып, жасы келген адамдарды ақылдың кеніші, барлық істің көзін білетін тәжірибесі мол жандар деп, оларға құрметпен қараған. Кәрінің жасын ғана сыйлап қоймай, оның бойына жинаған ұшан-теңіз білімін, терең тәжірибесін пайдалануды да ұмытпаған. «Қариясы бар ауыл- қазынасы бар ауыл» деген нақылдың осындай пайымнан туғаны анық. Өмірдің түрлі белестерінен өтіп, бүгінге аман жеткен ардагерлер аса көп нәрсеге мұқтаж емес.

Олардың қажет ететіні кейінгі буынның елеп, ескеруі, қадір-құрметі ғана. Мереке күні аудан, қала көлемінде және басқармаға қарасты медиициналық-әлеуметтік мекемелер арасында да жалғасын тауып отыр. «1-қазан Халықаралық қарттар күні» мерекесіне орай қала, аудандық газет беттерінде мақалалар жарияланды. Атап айтқанда, «Талас тынысы», «Шұғыла», «Ақ жол», «Жамбыл Тараз», «Құлан таңы», «Мойынқұм таңы», «Ауыл жаңалығы». Қалалық, аудандық кітапханаларда «Қариям-тұнық дариям», «Қарты бардың – қазынасы бар», «Қарттар –асыл қазынам» атты тақырыпта көрмелер ұйымдастырылды. «Қарттарым –аман есен жүрші», «Үлкеннің алғысы батасында», «Әлемде екі қиын іс бар, ол-мемлекет басқару және бала тәрбиесі», «Бала тілі бола алмаса ана, тілі бола алмайды ешқашан» атты тақырыптарды дөңгелек үстелдер ұйымдастырылып, «Өзіңмен сырласқым келеді» атты ауылдық аймақтарда қарттармен кездесулер өткізілді.

«Атадан-аманат, ұрпаққа-ұлағат» атты тақырыпта ақсақалдар байқауы өткізілді. Байқау төрт номинация бойынша өтті. Олар «Атадан қалған ақ бата-ұрпаққа үлгі бақ бата», «Бердім сәлем бәріңе- үлкен кіші кәріңе», «Атадан қалған домбыра біле білсең мол мұра», «Атамнан білдім ақыры». Байқау қызықты және тартысты өтті. Жеңімпаздар сыйлықтармен және мадақтама қағаздарымен марапатталды. Тараз қаласында тұратын 30 қартқа «Тектұрмас», «Айша бибі», «Қарахан баба» сынды тарихи маңызы бар мәдени орындарына саяхат ұйымдастырылды.

Басқармаға қарасты №3 Қарттар мен мүгедектер үйінің ұйымдастыруымен интернат аралық қызмет алушылар мен қызметкерлердің қатысуымен «Екі жұлдыз» ән және өнер байқауы өтті. Байқау қызықты, әрі әсерлі болып қатысушыларға шаттық сыйлады. Сонымен қатар, басқармаға қарасты барлық медициналық-әлеуметтік мекемелерде мүгедектерге арнап мерекелік концерттер ұйымдастырылды. Сонымен қатар, «Имандылық жарасады бәріне», «Қарттар – асыл қазынам» атты тақырыптарда мерекелік кештер ұйымдастырылып өткізілді. Мереке алдында барлық ауылдық округтерінде күтім жөніндегі мамандары, «Жас Отан», «Жас ұлан», «Мирас» топтарының қатысуымен Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен жалғыз басты қарттар мен мүгедектердің үйлеріне аула тазалау, қоқыс шығару, қыстық отын дайындау жұмыстары жүргізіліп көмек көрсетілді.


Мүгедектер күніне арналған іс-шаралар

Халықаралық мүгедектер күніне арналған іс-шаралар
«Мүгедектер күні» мерекесін қарттарымыз мен мүгедектер жақсы көңіл-күйде қарсы алды. Мереке күні қала моншалары мен шаштараздарда қарттарға тегін қызмет көрсетіліп және қаладағы қоғамдық көліктерде жүріп тұру қызметі тегін көрсетілді. Мереке күні көркемөнерпаздардың ұйымдастыруымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылып және түскі ас берілді. Мүгедектер арасында шашкі және шахмат ойындары ұйымдастырылды. Жеңімпаздар сыйлықтармен марапатталды.

«Нұр Отан» Халықтық демократиялық партиясы, «Тараз мемлекеттік университеті», «Тараз Гуманитарлық колледжі», «Аспара», «Абай» жоғары және орта оқу орындарының білімгерлері және «М.Шолохов», «М.Әуезов», «Дарын», «Карбышев», «Б.Момышұлы» атындағы мектеп және гимназия оқушыларының тарапынан концерттік бағдарламалар ұйымдастырылды. «Мүгедектер күні» мерекесіне орай қала, аудандық газет беттерінде мақалалар жарияланды. Атап айтқанда, «Талас тынысы», «Шұғыла», «Ақ жол», «Жамбыл Тараз» басылымдарында. Мүгедектерге мерекесіне орай, азық-түлік тауарлары түрінде мерекелік сыйлықтар тапсырылды.

Сонымен қатар, 3-ші желтоқсан халықаралық мүгедектер күніне басқармаға қарасты мемлекеттік әлеуметтік мекемелерде мерекелік концерттер, мерекелік дасдархандар ұйымдастырылды.
Әлеуметтік қызметкерлер күніне арналған іс-шаралар
   Тұтас ел үшін мерейлі жыл - Тәуелсіздіктің 20 жылдығында Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 20 қазандағы Жарлығымен әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлеріне арнап қазанның 3 жексенбісі кәсіби мерекесі болып белгіленді. Бұл мереке - осы салада қажырлы еңбек етіп, қарттар мен мүгедектерге, балалы және күнкөрісі төмен отбасыларға аянбай қызмет етіп жүрген адамдарға деген зор құрметтің, шынайы алғыстың белгісі болып саналады.

Аталған мереке зейнеткерлерге, мүмкіндіктері шектеулі адамдарға, аз қамтылған отбасыларға, ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларға көмектесетін қадірлі жандарға арналған.

Осыған орай, аталмыш мереке алғаш рет облыс деңгейінде 2012 жылдың 29 қазан күні халықты әлеуметтік қорғау саласында еңбек етіп жүрген мемлекеттік органдардағы, мемлекеттік мекемелердегі қызметкерлердің, ардагерлердің қатысуымен атап өтілді. Осы мерекеге 300 –ге жуық адам қатысты.

Облыс бойынша әлеуметтік сала жүйесін дамыту мен жетілдіруге елеулі жеке үлесі үшін бірқатар қызметкерлер Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің төс белгісімен, облыс әкімінің құрмет грамотасы және алғыс хатымен марапатталды.


«Taraz Invest - 2012» Халықаралық инвестициялық форумын

өткізу шараларын ұйымдастыру туралы
2012 жылдың 8 қарашасында Тараз қаласында «ТARAZ-INVEST2012» инвестициялық форумы өтті.

Форум жұмысын ұйымдастырушылар  Жамбыл облыстық әкімдігі,   «Тараз» ҰҚ ӘКК» АҚ мен бірігіп 500 аса делегаттың қатысуымен: арнайы министірліктер өкілдері, даму институттары мен ведомоствалар, халықаралық ұйымдар, ірі шетелдік және отандық компаниялардың қатысуымен өткізілді.

Форумға ҚР индустрия және жаңа технология вице минмистірі Альберт Рау қатысты.

Форум жұмысына шетелдік қонақтардан; ҚР «DeutsheBank»-тың бас директоры Ульф Вокурка, Орта Азия бойынша «BoozAllenHamilton»-ның аймақтық директоры Роберт Босворт, «JTI Kazakhstan» басшысы Даниэль Блисс, «Партнер Делойт» компаниясының басшысы Эндрю Уикис, «Australasia Pacific Pty Ltd» директоры Эндрю Фернихоф және тағы да басқа қонақтар қатысты.

«Қазақстанда инвестициялау» бірнеше сессияға бөлінді: «Инвестордың көзқарасымен», «АӨК және жеңіл өнеркәсіп», «Химия өнеркәсібі және құрылыс», «Энергетика және жер қойнауын пайдалану», «Туризм және  көлік логистикасы».

Қазақстанның кедендік одаққа кіруінің нәтежиесі,  аймақтағы инвестициялық климатты жақсарту сұрақтары, Қазақстан экономикасындағы әртүрлі сектордағы ивестицияны ынталандыру механизмдері талқыланды.

Сонымен қатар ғимарат фоэсінде Жамбыл облысындағы болашағы зор инвестициялық  жобаларға  көрме өткізілді.

«ТARAZ-INVEST2012» инвестициялық форумының нәтижесінде бірқатар инвестициялық жобалар бойынша ынтмақтастық келісім және меморандумдарға қол қойылды.



«Тіл – халық жанын танудың кілті» атты облыстық кеңесі
2012 жылғы 2 қараша күні орыс жастары арасында қазақ тілі білгірлерінің облыстық «Тіл – халық жанын танудың кілті»атты байқауын өткізді.

Облыстық байқауға жоғары және арнаулы оқу орындарынан, аудандар мен Тараз қаласынан барлығы он бір үміткер қатысты.

Ереже талаптарына сәйкес «Қазақстанның тарихы мен мәдениетіндегі танымал тұлғалар» тақырыбында тұсаукесер жасап, «Тұңғиық сыр тұнған қасиетті рәміздер!» тақырыбында өздері жазған эссені қорғап, эссеге жазған орыс, ағылшын тіліндегі түйіндемелері бойынша қойылған сұрақтарға жауап берді.

Сонымен қатар, қазақ әдебиеті мен мәдениетін білуге арналған тест сұрақтарын орындап, қазақ әндерін айтып, ұлттық биін билеу, ұлттық аспаптарда ойнау немесе мәнерлеп өлең оқу тапсырылған «Шабыт жұлдызы» кезеңі бойынша да үміткерлер барынша өз өнерлерін көрсетуге тырысты.

Мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге өз ықыласын білдірген байқауға қатысушы үміткерлердің тілді білу деңгейін, біліктілігі мен өнерін, сахна мәдениетін сақтауын бағалаған тіл саласының білікті мамандары, қоғамдық ұйымдардан құралған қазылар алқасының шешімімен бірінші орынды жеңіп алған Жамбыл қазақ-түрік есеп-экономикалық колледжінің студенті Кряквина Ксения, Астана қаласында өткен республикалық байқаудан ІІ орынды иеленді.
Жазғы еңбек семестрінің аяқталуына байланысты

«Студенттік құрылыс» және «Жасыл ел» жасақтарының

облыстық слетін ұйымдастыру
2012 жылдың 21 желтоқсанда қалалық мәдениет үйінде студенттік құрылыс және «Жасыл ел» жасақтарының еңбек маусымының жабылу салтанаты өтті. Аталған іс-шара барысында жаз бойы еңбек еткен отрядтар дипломдармен марапатталып, бағалы сыйлықтар тапсырылды

Облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасы жастар мен жасөспірімдерді жұмыспен қамту бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізуде.

Атап айтқанда, «Студенттік құрылыс» және «Жасыл ел» жасақтарының жұмысына мемлекеттікәлеуметтік тапсырыс шеңберіндеоблыстық бюджеттен 11,0 млн. теңге бөлінді. 2012 жылдың жазғы еңбек маусымында қаламызда орналасқан жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарынан 20 еңбек жасақтары құрылды. Аталмыш 20 еңбек жасақтарының құрамында барлығы 500 студент тіркелген. Оның ішінде 10 жасақ 227 студент Жамбыл, Байзақ, Талас, Сарысу, Меркі, Қордай аудандарында мектеп, балабақша және басқа да әлеуметтік нысан құрылыстарында жұмыс атқарды.

Сонымен қатар, «Жасыл Ел» жастар еңбек жасақтарында 500 адамнан құралған 21 жасақ құрылды. Оған әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 2 млн. теңге қарастырылған. «Жасыл Ел» жастар еңбек жасақтарының штабы жасақ жауынгерлері арасында «Time Management» (Тайм менеджмент) семинар-тренингін өткізді. «Байтерек» мөлтек ауданында «Жасыл Ел» аллеясы ашылды.

Жалпы өткен жылы жазғы еңбек маусымымен 1478 жас азамат (оның ішінде 298 ауылдың жұмыссыз жастары) қамтылса, үстіміздегі жылы 1500 жасты (оның ішінде 300 ауылдағы жұмыссыз жастар) тартылды.«Жасыл Ел» жастар еңбек жасақтары өз жұмысын аудандар мен Тараз қаласында көріктендіру мен көгеріштендіру және тазалық жұмыстарынан бастады. Құрамында 273 студенті бар 10 жасақ Тараз қаласында 180 орындық Көлтоған орта мектеп құрылысында, «Бәйтерек» мөлтек ауданындағы 70 пәтерлі көпқабатты тұрғын үй құрылысында, «Бәйтерек» мөлтек ауданындағы Спорт комплекс құрылысында, «Бәйтерек» мөлтек ауданындағы 200 адамға арналған облыстық көпсалалы аурухана құрылысында және оқу орындарының ғимараттарында жөндеу жұмыстарында жұмыс атқарды.

Сондай-ақ, жастардың бос уақытын қызықты әрі тиімді өткізу мақсатында студенттер арасында мәдени-спорттық іс-шаралар аудандарда және Тараз қаласында ұйымдастырылды. Облыстық СҚЖ штабы еңбек маусымы барысында үздік атанған 50 студентке «Берікқара» лагерінде демалыс ұйымдастырды.


Мемлекет және қоғам қайраткері А.Асқаровтың 90 жылдығына арналған салтанатты жиын ұйымдастыру
Үстіміздегі жылдың 12-13 қазан күндері өңірде мемлекет және қоғам қайраткері А.Асқаровтың 90 жылдығына арналған іс-шаралар ұйымдастырылып, кең көлемде аталып өтті.

Атап айтқанда, қалалық мәдениет үйінде «А.Асқаровтың өмірі мен өнегесі» атты ғылыми-практикалық конференция,Меркі ауданында киіз үйлер тігіліп, А.Асқаровтың рухына арналған ас берілді. Мерейтой аясында концерттік бағдарлама және ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтті.


Қараша
Облыс әкімдігінің мәжілісіне енгізілген мәселе
Жергілікті атқарушы органдардың аумақтық қоғам институттарымен өзара ықпалдастығы туралы
Мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі азаматтық қоғам институттарының белсенді қатысуымен ішкі саяси тұрақтылықты сақтау болып табылады. Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың алдында тапсырмаларды нақтылай келе: «Азаматтық қоғам институттарын дамыту – мемлекеттің маңызды стратегиялық міндеті. Еліміз тек қана әріптестік пен сұхбат, өзара түсіністік пен қолдау арқылы әрі қарай өркендей алады» деп атап өтті.

Облыста 9 саяси партияның филиалы, 4 конфессия мен 11 деноминациядан тұратын 304 діни бірлестік, 645 үкіметтік емес ұйым, 25 этномәдени орталық, 60 жастар ұйымы мен балалар бірлестігі жұмыс істейді.

Өңірдегі үшінші секторды дамытудың басым бағыттары «Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытудың 2006-2011 жылдарға арналған Тұжырымдасында» және «Қоғамдық бірлестіктер туралы», «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» Заңдары мен басқа да стратегиялық құжаттарда көрсетілген.

Облыста атқарушы органдар мен азаматтық қоғам институттары арасында нақты мақсаттарды көздейтін, шынайы әріптестік пен құрылымдық сұхбатқа негізделген қарым-қатынас алгоритмі қалыптасқан.

Облыста 645 үкіметтік емес ұйым тіркелген, оның 189 белсенді жұмыс атқарады. Олардың басым бөлігі – 72,4% облыс орталығында және 27,6% аудандарда шоғырланған.

Үкіметтік емес ұйымдардың негізгі бағыттары: 27,5% жастар, 9,5% әйелдер, 3,7% этномәдени, 2% әлеуметтік қорғау, 2,1% экологиялық, 1,6% құқықтық қорғау, 2% салауатты өмір салтын қалыптастыру, 1,6% білім, 50% басқа да бағыттар.

Мемлекет пен ҮЕҰ арасындағы қарым-қатынасты дамыту тетіктерінің бірі 2006 жылдан бері тәжірибеге енгізілген мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс болып табылады.

Бұл бағытта бөлінетін қаржы көлемі жыл сайынартып келеді. Атап айтқанда, 2012 жылы бөлінген қаржы 51,5млн. теңгені құрады, бұл 2011 жылмен салыстырғанда 3,3 млн. теңгеге артқан. Ал, 2006 жылмен салыстырғанда қаржы көлемі 7,6 есегеұлғайған. Жалпы, 2006-2012 жылдар аралығында облыстың атқарушы органдары тарапынан 236 әлеуметтік жоба жүзеге асырылды.

Үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру өңірдегі жұмыссыздық деңгейін төмендетуге әсер етуде. Себебі үшінші секторда тұрақты түрде жұмыс атқаратын азаматтардың саны 2 мыңнан астам болса, мерзімдік жұмыс атқаратындары 5 мыңға жуық. Аталған жобаларға аудандық, облыстық және республикалық бюджеттерден қаржы бөлінуде. 2012 жылы бұл мақсатта облыстық бюджеттен 83,5 млн. теңге (оның ішінде жастар ұйымдарына 32,0 млн. теңге), Тараз қаласы бюджетінен 7,0 млн. теңге (3,0 млн. теңге жастар ұйымдарына) және аудандық бюджеттерден 4,4 млн. теңге қаржы бөлінген (Жамбыл – 3 млн. тенге, Қордай – 1,0 млн. теңге, Шу – 0,4 млн. теңге).

Бұл ретте Байзақ, Жуалы, Меркі, Талас, Т.Рысқұлов, Сарысу, Мойынқұм аудандары әкімдіктері тарапынан азаматтық қоғам институттарын дамыту үшін аудандық бюджеттен қаржы бөлінбеуде.

Облыста үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік жобаларын жүзеге асыруға бөлінген қаржының сапалы игерілуіне үлкен көңіл бөлінуде. Осыған орай, әлеуметтік жобаларды бағалауға беделді ҮЕҰ-дың өкілдері тартылуда, олардың тарапынан жобалар мониторингінің түрлі тәсілдері қолданылуда: эксперттік бағалау, Интернет ресурстарын қолдану. Бұл мақсатта арнайы сайт жұмысы ұйымдастырылған, онда электронды түрде әлеуметтік жобалардың орындалу барысы қадағаланып, жүзеге асырылған іс-шаралар туралы ақпараттар, есептер мен аудио, видео, фото жарияланымдар салынуда.

Мұндай сектораралық қарым-қатынас форматы қоғамдық бақылау нәтижесі мен бюджеттік шығындардың ашықтығын қамтамасыз ететіндігі анық.

Өңірде үкіметтік емес ұйымдардың салалық басқармалармен өзара іс-әрекет механизмі қалыптасқан.

Республикалық бюджеттен бөлінген трансферттер арқылы облыс әкімдігінің денсаулық сақтау, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларыүкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік жобаларын қаржыландыруда. Мысалы,денсаулық сақтау басқармасымен «Жас кәсіпқойлар қоғамы» қоғамдық бірлестігі (Н.В.Жулуманова), «Амазонка» анкологиялық ауруларды қолдау қоры» (А.Г.Сарьян),ішкі істер департаментімен «Болашақ» қоғамдық бірлестігі (Г.З.Қалиева),«Оңтүстік-Арылу» қоғамдық қоры (Д.О.Бағжанов), жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен«Тараз» қалалық мүгедектер қоғамы (Г.А.Қожабергенова), «Жастар мүгедектер қоғамы» (Р.Қ.Төлегенов), спорт және туризм басқармасы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясыментығыз қарым-қатынаста жұмыс атқаруда. Олардың бірлескен жобалары бойынша соңғы 3 жылда 60-тан астам іс-шаралар ұйымдастырылды.

Мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы нәтижелі жұмыстардың бірі - тұрақты негізде қызмет атқаратын сұхбат алаңдары мен консультативтік-кеңес органдарына азаматтық қоғам институттары өкілдерін тарту болып табылады.

Облыс әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара қарым-қатынас жөніндегі Кеңес 2005 жылдан бері жұмыс істеуде. Ол Кеңес 21 мүшеден құралған, оған облыс әкімінің бірінші орынбасары төрағалық етеді. Кеңес төрағасының орынбасарларының бірі және Кеңес мүшелерінің 52,3%-ы азаматтық қоғам институттарының өкілдері. Бұл өз кезегінде Кеңес отырыстарында қабылданған ұсынымдар мен қаралған мәселелердің үкіметтік емес секторды дамытуда оң ықпал беретіндігін көрсетеді. Осындай кеңестер аудан әкімдері жанынан да құрылуы тиіс.

Басқарма тарапынан ұйымдастырылған зерделеу жұмыстарының нәтижесінде Тараз қаласы әкімдігі жанында мұндай кеңес мүлдем құрылмаған.

Дегенмен, аудандық әкімдіктер жанындағы Кеңес жұмыстарында бірқатар кемшіліктер жіберілген. Атап айтқанда, Байзақ ауданы әкімдігі жанындағы Кеңес мүшелерінің 8,3% ғана азаматтық қоғам иснтитуттары өкілдерінен құралған және Шу ауданынан басқа аудан әкімдіктері жанындағы Кеңес хаттамаларының орындалуын бақылау жүйесі жүргізілмейді.

Сонымен қатар, Жуалы, Мойынқұм аудандарында Кеңес аудан әкімдігінің қаулысымен бекітілмеген және қалған аудандар әкімдіктері жанындағы Кеңес құрамы аудандық мәслихаттардың шешімінсіз бекітілген.

Аудандық әкімдіктер жанындағы қоғамдық кеңестер құрамдарын тиісті сала бойынша жұмыс атқаратын азаматтық қоғам өкілдерімен қамту деңгейі төмен деңгейде жүргізілуде.

Атап айтқанда, Т.Рысқұлов, Меркі, Сарысу, Талас аудандары әкімдіктері жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар және үкіметтік емес ұйымдармен өзара қарым-қатынас жөніндегі кеңес құрамдарына этномәдени орталықтар жетекшілері тартылмаған.

Жалпы, аудан әкімдіктері жанындағы Кеңес жұмыстары өңірде мемлекет пен үшінші сектор өкілдері арасындағы әріптестік қарым-қатынастарды дамытуда төмен деңгейде жүргізіліп отырғандығын көрсетті.

Қазіргі таңда атқарушы органдар тәжірибесіне әлеуметтік бағдарламаларды қалыптастыру бойынша ҮЕҰ-мен бірлескен жұмысшы топарының қызметі енгізілген. Мысалы, облыс әкімдігі жанында мемлекеттік шешім қабылдау процессіне тұрғындардың белсенді қатысуына мүмкіндік беретін дағдарысқа қарсы, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, бағаны тұрақтандыружәне кәсіпкерлік мәселелері,жастар ісі, діни бірлестіктермен байланыстар, ақпараттық саясат жөніндегі, отбасы және әйелдер ісі жөніндегі кеңестер мен комиссиялар нәтижелі жұмыс жүргізуде. Олардың құрамына 31 ҮЕҰ мен 3этномәдени орталықтарының жетекшілері кіреді. Олардың 2011-2012 жылдары 61 отырысы өткізілді.

Облыста жергілікті жергілікті деңгейдегі маңызды әлеуметтік проблемалар бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізу тәжірибеге енгізілуде. Атап айтқанда,табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы тарапынан 2012 жылы 2 «қоғамдық тыңдау» өткізілген. («Магистралды Қазақстан Қытай газ құбырларының қуатын ұлғайту (1-ші бөлік) жобасына қоршаған ортаға әсерді алдын-ала бағалау жобасы бойынша қоғамдық бағалау» және «Тараз қаласының тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесін модернизациялау жобасына инвестициялық негіздеме жөніндегі қоршаған ортаға әсерді алдын-ала бағалау бойынша» тақырыптарында).

Дегенмен, басқа басқармалартүрлі әлеуметтік мәселелерге арналған қоғамдық тыңдау ұйымдастыруды назардан тыс қалдыруда.

Жемқорлыққа қарсы тұруда үкіметтік емес ұйымдар мен тұрғындардың рөлін артыру мақсатында «Нұр Отан» ХДП облыстық және аймақтық филиалдары жанында 12 жемқорлыққа қарсы қоғамдық Кеңес құрылған. Соңғы үш жылда олардың 30-дан аса отырысы өткізіліп, 37 мәселе қаралған. Сондай-ақ, «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы және 17 үкіметтік емес ұйым жетекшісі 3 Меморандумға қол қойған.

10 үкіметтік емес ұйымның жетекшісі, 8 облыстық мәслихат депутаты Елбасы Жолдауын насихаттау бойынша облыстық ақпараттық-насихаттық топ мүшесі болып табылады.

Ішкі саясат басқармасы жанынан «ҮЕҰ-дың ақпараттық орталығы» құрылған. Оның отырыстарының ең негізгі мақсаты үкіметтік емес ұйымдар өкілдерін тиісті құжаттармен ақпараттандыру, секторалық әріптестікті жетілдіру, азаматтық қоғам институттарының өзекті мәселелерін шешу және үкіметтік емес секторы жұмысының сапасын арттыру болады.

«ҮЕҰ-дың ақпараттық орталығы» отырыстарында атқарушы органдар облыста жұмыс атқаратын белсенді үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе жан-жақты жұмыстар жүргізуде.

Сондай-ақ, екі жақтың есептерін тыңдау, жаңа жобалардың тиімділігін талқылау, жүзеге асырылып жатқан жобалардың өміршеңдігі мен сапасын зерделеу жұмыстары жүргізілуде. Осыған орай отырыста ұсынылған ең үздік әлеуметтік жобалар лоттың тақырыптық тізбесіне енгізілуде. Еңбек қақтығыстары мен жанжалдардың алдын-алуда кәсіподақтар ұйымдарының әлеуеті кеңінен тартылуда. Атап айтқанда, облыста 55 облыстық, аудандық, қалалық кәсіподақ ұйымдары, 1 облыстық кәсіподақ ұйымдарын үйлестіру Кеңесі және 1261 кәсіподақ комитеттерінің бастауыш ұйымдары жұмыс атқаруда.

2012 жылдың 1 қазанындағы мәліметтерге сәйкес кәсіподақ ұйымдарында 130 мың адам мүшелік етуде.

Облыста мемлекеттік органдар мен кәсіптік одақтар арасындағы қарым-қатынас дұрыс бағытта қалыптасуда. Оның негізгі және ең нәтижелі бағыты облыс әкімі, облыстық кәсіподақ Кеңесі төрағасының және облыстың өнеркәсіп орындары басшыларының арасындағы жұмысшылардың жалақысын жақсарту мен еңбек шартын жетілдіруге бағытталған үш жақты Меморандумдар қабылдау болып табылады. Бүгінгі күні 9 Меморандумға қол қойылған. Мұндай Меморандумдар аудандар мен Тараз қаласы әкімдіктері тарапынан да жасалған.

Қазіргі уақытта облыста 9 республикалық саяси партиялардың филиалдарымен әріптестік және іскерлік қарым-қатынас барлығымен нақты орнатылған.

Мәселен, Тараз қаласы әкімдігі жанынан облыс орталығындағы азаматтық сектордың барлық өкілдері қамтылған қоғамдық Кеңес құрылып, жұмыс жоспарына сәйкес маңызы бар мәселелер талқыланған.

Ағымдағы жылы облыстық деңгейде әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси мәселелері бойынша «дөңгелек үстел» отырыстарында саяси партиялар өкілдерінің қатысуымен бірқатар аспектілер талқыланды. Атап айтқанда, сыбайлас жемқорлықпен күрес, тұрғын-үй шаруашылық, автокөлік, еңбек қақтығыстары, жұмыспен қамту, жастар саясаты бойынша мәселелерді және т.б. іс-шараларды қамтыды.

Бірақ, бүгінгі күнге дейін барлық ауданда әкімдік жанынан қоғамдық кеңестер құрылмаған. Аудандарда формальды «дөңгелек үстелдер» мен бір реттік кездесулермен шектелуде.

Аймақты дамыту жөніндегі өзекті әлеуметтік-саяси мәселелер бойынша партия өкілдерінің пікір алмасулары мен шешімдерді қабылдау кезінде олардың қатысуы төмен.

Азаматтық қоғам өмірінде, оның институты ретінде бұқаралық ақпарат құралдарының, соның ішінде аудандық газеттердің ролі мен маңызы жоғары болмақ. Елбасының жылсайынғы Жолдауының, мемлекеттік бағдарламалардың ауданда, жалпы облыста іске асырылуы, мемлекеттік органдардың қоғаммен өзара қарым-қатынасы мен байланысы, ықпалдасу деңгейі ақпарат құралдарының басты тақырыбына айналуы тиіс.

Аудандық газеттердің үстіміздегі жылдың сәуір мен қыркүйек айларына жасалған талдау мерзімді басылым беттеріне көбіне аудан әкімі мен әкімшілік қызметіне байланысты материалдар жарияланатынын көрсетті. Мәселен, жалпы жарияланған материалдардың орташа есеппен, 17,3-29,6% аудандық әкімдік қызметіне арналған.

Елбасының жылсайынғы Жолдауы, мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы секілді қоғамдық-саяси маңызды тақырыптардағы материалдар Жамбыл, Жуалы, Меркі, Қордай, Шу аудандық газеттерінде аздық етеді


(9,7-11,8%). ҚР Президенті, ҚР Үкіметі, ҚР Парламенті қызметі туралы материалдар мүлдем жарияланбайды.

Аудандық газеттер облыс әкімінің қызметі туралы айына 2-3 материал жариялаумен шектелуде. Жарияланған материалдардың өзі ауданға жасалған іс-сапар барысына арналады (5,1-2,2%).

Сонымен қатар, талдау көрсеткендей, Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Меркі, Қордай мен Шу аудандық газеттерінде жарияланған материалдардың көпшілігін жарнамалық материалдар құрайды (45,5-39,1%).

Жалпы, атқарушы органдар мен азаматтық қоғам институттары арасындағы қарым-қатынасты дамыту саласында бірқатар проблемалар кездеседі:

1. Облыстың үкіметтік емес секторы бойынша тіркелген ұйымдардың саны 645, бірақ нақты жұмыс атқаратындары 29,3%-ды құрайды (мұндай құбылыс Қазақстанның барлық өңірлерінде кездеседі).

2. Аудандық деңгейде жұмыс атқаратын үкіметтік емес ұйымдары дамуының төмендігі. Аудандарда жұмыс атқаратын ҮЕҰ-дың үлесі 27,6%, бұл оларға атқарушы органдар тарапынан көңіл бөлу деңгейінің төмендігін көрсетеді.

Ауылдық үкіметтік емес ұйымдар желісін дамыту үшін аудан орталықтарында Ресурстық орталықтардың қызметін ұйымдастыру қажет-ақ. Ішкі саясат басқармасы жергілікті жерлерде үкіметтік емес ұйымдарды қолдау бойынша шараларды қарастыруда ұйымдық және әдістемелік көмек көрсетуге дайын.

3. Үкіметтік емес ұйымдардың белгілі бір категориясы мемлекет тарапынан қолдау көрсетуді міндетті деп санайды, бұл «үшінші сектор» өкілдерінің әлі де болса өмір сүруге бейім еместігін және олар әлеуметтік мәселелерді өз бетінше шешуге шамасы келмейтіндігін көрсетеді.

4. Үкіметтік емес ұйымдардың барлығы бірдей материалды техникалық құралдармен және кадрлармен қамтамасыз етілмеген.

5.Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі төмен. Қоғам алдында тұрған әлеуметтік проблемаларды шешуге мүмкіндік беретін ҮЕҰ-дың өзекті жобаларына қолдау көрсетуге Бизнес-құрылым өкілдерінің бет бұруын қалыптастыру қажет.

Жалпы, облыста мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттары арасында қоғамды қазақстандық патриотизмге топтастыруға бағытталған ішкі саяси тұрақтылықты нығайтуда дұрыс әріптестік қарым-қатынас орнатылған.

Облыстық іс-шаралар



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет