Ана – өмірдің гүлі» атты тәрбие сағаты
Мақсаты:
8 – наурыз Халықаралық әйелдер мерекесін атап өту.
Анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету.
Оқушы бойында ізгілік, инабатгылық,биязылық сияқты қазақ қызына тән жақсы қасиеттерді қалыптастыруға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Зал мерекеге сай әсем безендірілген. Шарлар, слайд.
1. Жүргізуші (Ескендір): (Сахнаға 2 жүргізуші шығады. Қолында кострюл және касығымен,үсті ұн ұн, басында повор шапкасын киіп).
Торт пісіру-оңай ғой
Тек батыл болу керек
7 жұмыртқа,аз ғана ұн керек
3 ас қасық бұрыш
Жоқ әлде олай емеспа?
2. Жүргізуші(Мұғалім): Олай емесқой
1. Жүргізуші (Ескендір): Мен тіптен шатасып кеттім
2. Жүргізуші(Мұғалім): Мұнда бұрыш салмайды ғой
1. Жүргізуші (Ескендір): 3 сағат болды осылай жүргеніме
Крем жасадым,қолымның бәрін күйдірдім
Нәтижесінде-күйіп кеткен бәліш
Мүлдем тортқа ұқсамайды.
Жүргізуші (Мұғалім) Ерте ертеде 1 сұлу, сымбатты жігіт болыпты.Оның жанында толған ғашық қыздары көп болыпты. Жігіт қыздарды 5 саусақтай өзгертеді екен.Біріншісі әдемі емес, екіншісі тәтті тағамдар жасай алмайды, үшіншісі, қошемет айтпайды жігітке, төртіншісі өзіне қарамайды. Сонымен жігіт еш қызды менсінбей жанына жолатпайды екен.Сөйтіп қыз таңдап жүргенде қалай қартайғанын білмей қалыпты.Не әйелі не баласы не немересі болмаған.Кейін ол жалғыздықтан қайтыс болады.Сонымен әр ер адамдар адамгершілігі мол болып, қайталанбас кемшіліктері аз болсын! Әр арулар мен сұлу қыздар мен әйелдер үшін.Сіздерді 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Адам бойындағы жақсы қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен жаралған.Сондықтан құрметті асыл аналар, қадірлі әжелер бүгінгі
«Ана- өмірдің гүлі» атты мерекелік кешіміз сіздердің құрметтеріңізге арналады.
Достарыңызбен бөлісу: |