Азақша Тәрбие сағат: 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күні Бастауыш сынып


Сабақтың тақырыбы: «Ана өмір,ана бақ»



бет5/8
Дата15.02.2024
өлшемі91.76 Kb.
#491742
1   2   3   4   5   6   7   8
азақша Тәрбие сағат

Сабақтың тақырыбы: «Ана өмір,ана бақ»
Сабақтың мақсаты: Балаларды аналарға деген сүйіспеншілікке баулу ана еңбегін ардақтап, мейрімділкке сый-құрметке тәрбиелеу, оқушылардың ой-өрісін тіл байлығын ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушыларға ата-ана алдындағы парызы мен қарыздары туралы тісініктеме.
Сабақтың көрнекілігі: Тәрбие сағаты өтілетін бөлмені мерекеге лайық безендіру.
«Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада»
Анаңды Меккеге арқалап барсаңда, қарызынан құтыла алмайсын.
«Ана - өмір себуші» буклеттер, қанатты сөздер жазып іліп қою.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Психологиялық кезең
Жаңа сабақ
1. Кіріспе әңгіме
2. Тақырыпты хабарлау
3. Оқушылармен жұмыс атқару
Жүргізуші: Саламатсыздарма, құрметті ұстаздар, қыздар сіздерді келе жатқан 8-наурыз халқаралық әйелдер күнімен қуттықтаймын, сіздерге зор денсаулық, мол бақыт зор денсаулық тілеймін.
Өмірдің көркі - көктем айы мейірім шуағын төгіп, қуанышын қоса ала келді. Бұл айда бар адамзат баласы бас иер үш әріптен тұратын ұлы есім аналарымыздың дәстүрлі мерекесі 8-наурыз күніне белгіленген. Бұл күні төрткүл дүниенің жан иесі, аса қадірлі аналар мен қыз-келіншектерге ерекше құрмет көрсетіліп шын ықылас танытып, сыйлықтар жасап жатады. Тарих парағын парақтасақ, осы күнде әйелдер қауымы өз қүқықтарын қорғап, бас көтерген деседі. Бертін келе бұл күнді халықаралық әйелдер күні болып белгіленген екен.
- Құрметті аяулы, ардақты аналар. Өміріміздің гүлі, қуанышы - сіздерсіздер. Бар әлемге шуақ мейірім төккен көктем айы сіздер үшін аса қымбат. Әйелдер шаңырақ ұйытқысы, ырыс-берекесі, алтын діңгегі. Сонау, заманнан ерлерімізге тірек болып, жігер берген аналарымыз қаңшама. Бүгінде ел экономикасына етене араласып, саяси күшті ықпал жасап отырған - осы бір нәзік жанды әйелдер қауымы.
Арулар - асыл жандар, ардақтылар,
Өмірдің жылуы боп қалмақ бұлар.
Арулар – тіршілікке күретамыр,
Өмірді бір-біріне жалғап түрар - деп, өлеңіне арқау еткен Мүқағали ақын аналарымызды тіршіліктің, күретамыры деп бекер айтпаса керек. Олай болса, бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеген аналарымыздың мерекесі қүтты болсын демекпіз.
Әлемнің жарығын сыйладың сен маған...


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет