Азақша Тәрбие сағат: 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күні Бастауыш сынып



бет6/8
Дата15.02.2024
өлшемі91.76 Kb.
#491742
1   2   3   4   5   6   7   8
азақша Тәрбие сағат

1-ші оқушы:
Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап
Ана деген байтірегі өмірдің
Ана деген – алтын қазық, алтын бақ
Ана деген – асыл жаңдар бұлақтай
О адамдар қадірлей біл ананы
Жат қылыққа ақыл-ойды тонатпай
2-ші оқушы:
Ана десем сезім білер тым ыстық
Жарасымды адамдарға туыстық
Бар адамға берсе ананың мейірін
Орнар еді бар әлемге тыныштық
Көктемнің алғашқы мерекесі - сегізінші наурызға көбіне ерлер жағы ерекше сый әзірлеуге ұмтылса, Аналар мерекесінде отбасы мүшелерінің бәрі анаға құрмет көрсетуге тырысады.
Шетелдерде Аналар күніне арнайы сыйлықтар дүкен сөрелеріне шығарылады екен. Ал балабақша мен мектептерде балалар өз қолдарымен сыйлықтар әзірлейді. Бұл күннің ең басты сыйы - Анаға арналған тәтті торт. Мысалы, Англияда ондай торттың үстіңгі бетін құрамына жаңғақ қосылған марципан деген кондитерлік 12 шармен, қанттың ұнтағымен, сұйытылған қантпен әсемдейді. Бұл жұлдызнамадағы 12 белгіні білдіреді. Ал америкалық аналардың сол күнгі жалғыз ғана жұмысы - өзіне арнап әдейі жолданған сыйлықты, гүл шоғын қабылдау үшін сыртқы есікті ашу ғана.
Канадада Аналар күніне арналған қызықты шаралар мен жолсапарларға деген билет бірнеше апта бұрын сатылып кетеді. Мерекені ұйымдастырушылар арнайы экскурсиялық пойыз шығарып, әсем жерлерді тамашалауға мүмкіндік жасаумен қатар, аналарға әдемі естелік сыйлықтар тарту етеді.
Қайрат ЖҰМАҒАЛИЕВ, ақын:
- Шынында да мен қатты таңғалып отырмын. Дәл бүгінге шейін бізде Аналар күні болмауы қалай? Ананы сыйласақ, қазақ сыйласын. Бірақ сонау өткен ғасырда, 1912 жылы ресми түрде қабылданған Халықаралық Аналар күні туралы біздің саяси қайраткерлер мүлде естімегені ме? Ендеше, ештен кеш жақсы, бір ғасырдан астам уақыттан бері біраз елде аталып келе жатқан бұл мерекені біз қазақтар, қазақстандықтар қуана-қуана қабылдайық, хош алайық.
Басқа халықтан бір ерекшелігіміз - біз өз тілімізді ана тілі деп атаймыз (мәселен, орыстар «родная речь» дейді). Мен жуырда балаларға арнап өлең жаздым:
Қай тілде сөйлесе анасы -
Сол тілде сөйлейді баласы...
Десек біз тіліміздің өзін ана тілі деп отырғанда қалайша Ана күні бізде болмасқа? Бұл мерекені біз кешіктіріп кейінге қалдырмай, дереу қабылдауымыз шарт.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет