Қазақстан археологиясы



бет130/138
Дата09.11.2023
өлшемі2.69 Mb.
#482791
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   138
187b333016c4831e2bc3140e58e992b1

Егіншілік. Орта ғасырлардағы қала тұрғындарының өмірінде қосалқы егіншілікпен айналысу маңызды рөл атқарды. Олардың қала сыртында өңделетін жер телімі болып, жазда соған көшіп барған. Бұл тұрмыс белгісі Қазақстанда бүкіл орта ғасырлар бойында сақталып қалды. Егіншілік пен мал шаруашылығы ауылдық қоныс (село) тұрғындарының негізгі кәсібі болды. Жазбаша деректемелерде, бірінші кезекте халықты сумен жабдықтаған және егістікті суаруға пайдаланылған арналар аталады.
Түркістан қаласы кең байтақ және бай егіншілік өңірінің орталығы болды. Васифидің жазғанындай, Сауран төңірегінде ХVІ ғасырда суландырудың кәріздік жүйесі болып, жұмыс істеген, оның қалдықтарын археологтар тапты. Отырар, Отырар жазирасы ХV-ХVІІ ғасырларда суды Темір арық жүйесінен алып отырған, оның басы қазіргі Шәуілдірден 10 км жоғарыдағы Арыстан басталған.
Ортағасырлық дерек көздерінде түрлі суармалы арықтар аталып отырады.
Осы деректердің бәрі қалалар мен ауылдар өміріндегі егіншіліктің зор рөл атқарғанын дәлелдейді. Қала өмірін зерттеушілер Шығыс деректерінің мәліметтеріне сүйене келіп, қалалардың жартылай аграрлы сипатта болғанын тура көрсетеді, олар қала халқына жер салығы – хараж салынғанын және егіншілік кәсіппен байланысты алымдар: суландыру жүйесін салу мен тәртіпті ұстау жөніндегі жұмыстарға арналған салық – «мардикар» және әскер үшін астық пен салт мінетін және жүк артатын көлікке арналған жем түрінде берілетін азық-түлік –«тағар» төлегенін ерекше атап өтеді.
Сонымен, соңғы орта ғасырлардағы Қазақстан қалаларының аграрлануы арта түскенін жазбаша деректер мәліметтері де, археологиялық материалдар да дәлелдеп отыр, көшпелілерге астық пен мақта-мата сатуда делдалдық рөл атқару ғана емес, сонымен қатар осы өнімдерді – мақтаны да, астықты да, басқа егіншілік өнімдерді де өндіру олардың міндеттерінің біріне айналады. Егер қалалық қана емес отырықшы-егіншілік аймақ өнімінің күрт қысқаруын, көшпелілер рыногы ауқымының қысқармағандығын ескерсек, бұл жағдай түсінікті де.
Қалалық мәдениеттің даму жолы. Бұл уақыттағы қалалық мәдениеттің маңызды белгісі оның дәстүрлілігі болып табылады. Қалаларда ертеректегі жоспарлар сақталды. Магистраль көшелердің тығыз торабындағы махалла ішіндегі көшелер тұйық көшелер жүйесі өзгермейді. Махаллалар өз кескіні мен шекарасын сақтап қалды.
Интерьердің өзгеруі айқын байқалады. Күйдірілген кірпіш көп көлемде пайдаланылған үйлерде бар; тандырдың аузын әрлендіру үшін арнайы керамикалық плиткалар қолданылды.
Қалаға көрік беріп тұрған қоғамдық құрлыстар арасындағы мешіттер дәстүрлі түрде салынды. Моншалар жұмыс істеді.
Сонымен, ХV ғасырдың екінші жартысы – ХVІІІ ғасырлар мәдениетінің ерекшелігі оның дәстүрлілігі болып табылады. Бұл дәстүр қазақтардың өзіндік мәдениетінің дамуында ерекше маңыз алды. Орта ғасырлардағы қалада жасалынған сан алуан заттардың көбі қазақтар мәдениетінің етене бөлігі болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   138




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет