Ќазаќстан экологиоясы


Қорық ұйымдастыру ісінің болашағы



бет16/27
Дата19.05.2022
өлшемі465 Kb.
#457603
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   27
Казакстан экологиясы Сейтхожаев

Қорық ұйымдастыру ісінің болашағы.
Қазақстан Республикасы жерінде ұйымдастырылған мемлекеттік 9 қорық туған өлке табиғатының небір көрікті жерлерін, қойнауындағы бар байлығымен сақтап, көркейту тұрғысында табиғат қорғау ісіне зор үлес қосып келеді. Дегенмен де, Қазақстанда қорық ұйымдастыру ісінде көп кейіндеп қалғаны байқалады. Осынау ұлан-ғайыр өлкеде тоғыз-ақ қорықтың болуы кімге болса да ой салады. Оның үстіне бұл қорықтардың алып жатқан көлемі республика территориясының 0,3 пайызын ғана алып жатыр. Бұл өте аз. Ал, мәселен, туысқан Әзірбайжан, Армын республикаларында бұл көрсеткіш 1-2 пайызға тең көрінеді. Республикада жер құнарын, орман мен тоғайдың әсем келбетін бұзбай, өзен-көл тұнығын шайқамай, хайуанаттар мен өсімдіктер дүниесін қымбат қазынадай қастерлеп, қамқорлыққа алатын бірнеше мемлекеттік қорық ұйымдастыру – бүгінгі күннің талабы.
Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы мен Экология және табиғи ресурстар министрлігі жанынан құрылған «Қазақстанда қорық ұйымдастыру ісінің ғылыми негізі» проблемасы жөніндегі комиссия бүгінде республикамызда әр түрлі географиялық аймақтарды қамтитын 20 шақты қорық ұйымдастыруға болады деген қорытындыға келіп отыр. Сондықтан келешекте ұлан-ғайыр өлкемізде құрылатын қорықтармен таныстыра кеткеніміз жөн болады. Олардың негізгілері атап айтқанда мыналар:
Ерментау қорығы – «Қаршыға тауы» атты филиалымен Ақмола облысы Ерментау аудандарында және Қарағанды облысының Оскаров ауданында орналасқан. Қазақтың ұсақ шоқылы жоталарының табиғатын, арша, көктерек, қайың, мойыл, долана, қарағайлы орман алқаптарын және осы аймақта тіршілік ететін дуадақ, байбақ суыры, аққіс, аққалақ, арқар сияқты аңдарды қорғауға негізделген. Болашақта ұйымдастырылатын Ерментау қорығының аумағы 150 мың гектардай болады.
Қаратау қорығы – ШЫмкент облысы, Созақ ауданындағы Мыңжылқы сайында құрылмақшы. Оның территориясы 350 мың гектар жерді қамтиды. Бұл аймақ табиғатының басты ерекшелігі – мұнда тек осы жерге ғана тән эндемикалық өсімдіктердің 100-ге жуық түрі өседі. Осыған байланысты жәндіктердің де эндемикалық түрлері көп. Қаратау қорығының ұйымдастырылатын мерзімі 2000 жылдары деп жобаланған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет