Ќазаќстан экологиоясы



бет7/27
Дата19.05.2022
өлшемі465 Kb.
#457603
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   27
Казакстан экологиясы Сейтхожаев

Қорықтар
Республика ауағында мемлекеттік 7 үлкен қорық жұмыс істейді: Алматы, Барсакелмес, Қорғалжын, Ақсу-Жабағлы (ЮНЕСКО-ның биосфералық қорығы мәртебесін алған), Науырызым, Марқакөл, Үстірт. Ұлттық 4 табиғи парк құрылған: Баянауыл (1985 жылы құрылған), Көкшетау (1996), Алтын-Емель (1996), Іле-Алатауы (1996).
Олардың екеуі («Баянауыл» және «Көкшетау»), Қазақстандағы ұсақ шоқылы тау орман алқаптары аумағында құрылған және көлемі жағынан елеулі тұщы сулы көлдерді қамтиды.
Жоңғар Алатауы сілемдерінің оңтүстік баутайында орналасқан «Алтын -Емель» паркі осы кезге дейін сақталған және тамашалауға болатын Жайран үйірі (3000-нан астам), таутеке және құлан мекендейтін жер.
«Іле Алатау» паркі (Іле Алатауы жотасының солтүстік бөктері, Алматы қаласына тікелей жақын жерде) құрғақ даладан биік таудағы шалғындар мен тау мұздықтарына дейінгі тік белдеу ландшафттарын қамтиды.
Қорықтар мен ұлттық парктердің жалпы көлемі 11 млн.гектарға жуық, аң аулауға 30 мың гектарға жуық жер бөлінген.
Қорықтар – бұл табиғат объектілерін қорғаудың ең жоғарғы формасы. Қорық аймағы шаруашылық айналымынан босатылып, онда кен өндіру мен құрылыс жұмыстарын жүргізу, аң-құс атып, балық аулау, шөп шабу мен мал жаю және ағаш дайындау сияқты табиғат байлықтарына нұқсан келтіретін әрекеттерге тыйым салынған. Сонымен қатар, қорық жеріне улы химикаттарды шашуға және басқа жерлердің өсімдіктері мен хайуанаттарын жерсіндіруге болмайды. Бір сөзбен айтқанда, қорық ұйымдастырылған жердің табиғаты, сол аймақтың ландшафтылы-географиялық белбеуінің үлгісі ретінде қорғалуы қажет. Бұл жерлердегі экологиялық процестердің барлығы адам араласуынсыз табиғи жағдайда өтеді. Адам оның бақылаушысы, зерттеушісі ғана.
Болашақ ұрпаққа табиғат байлықтарын кемеліне келтіре көркейген қалпында табыс етуде қорықтардың алатын орны ерекше.
Шындығында да, кең байтақ республикамызда қорықтардың жетіспеуі кімді болса да ойландырмай қоймайды. Қазақстанда әр жылдары ұйымдастырылған «Ақсу-Жабағылы» (1926), «Алматы» (1934), «Наурызым» (1959), «Барса келмес» (1939), «Қорғалжын» (1968), «Марқакөл» (1976), «Үстірт» (1984), «Батыс Алтай» (1992), «Алакөл» (1998) қорықтары бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет