Қазақстан халқы ассамблеясы қарағанды облысының Әкімдігі



Pdf көрінісі
бет210/225
Дата11.06.2023
өлшемі7.5 Mb.
#474950
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   225
Память во имя будущего

«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
307
Әңгіме былай басталады: «Басым сынып барады. Сынбай қайтсін, «Масленкенің» шелпегін 
жеймін деп бір жолдастың үйінде отырып, «бозжорғаны» айдаңқырап жібергенмін... Қаламымды 
шықырлатып, қайта-қайта маламын... келмейді», – деп арақтың буына беріліп, шабытын қанша 
шақырса да, оңайшылықпен оралмағандығына қиналып отырған кейіп білдіреді. Сол кезде
бірдеңе қараң ете қалады да, портфель қолтықтап бір жігіт сап ете қалады. Бұдан арғы оқиға 
желісі есіктен енген әр кейіпкердің образды елесімен дауласқан түрінде дамиды. Жүсіпбек қазақ 
жазушыларының жеті жылдың ішінде не тындырғандарын елеспен сөйлесу арқылы естеріне 
салады: «Сендерде мұрат бар ма? Бақыт бар ма? Жүрек бар ма? Қазақ жұтқа, ашаршылыққа 
ұшырады. Оның ауыртпалығы, өлімі, шығыны, қайғысы, зардабы қандайлық болады? Бүгін 
– идеалист, ертең – матералист, бүгін – релист, ертең – символист, бүрсүгіні – футурист, тағы 
бірдеме «ист», әрқайсысынан бір шөкім. Ақындықты, жазушылықты сауысқанға айырбастап, 
неден мұнша адастыңдар? Күндік күніңе, өшті-қасты кегіңе, әлде күншілдігіңе бола елдің 
айнасы – әдебиетті ұрыс-керіске, боқауызға айналдырдыңдар. Келешектен ұялсаңдаршы! 
Күйіп кеттім ғой, шыдай алмадым ғой! Айтпайын десем де қоймадыңдар ғой, түге, азып туған 
мұндарлар! – деп елес тұра жөнеледі [6,130].
Әңгімеде образдық елестің кім екендігі айтылмайды. Оны әр оқырман өзінше бағдарлай келіп, 
әдебиет қозғайтын қандай проблемалық тақырыптар бар екендігін, оны көркем шығармада қалай 
көрсету керектігін «елеспен» айтыса отырып жеткізеді. Аласапыран кезеңдегі қазақ халқының 
басынан өткен жағдайды, көркем әдебиетте шыншылдықпен жазу керектігін аңғартады. Төніп 
келе жатқан қатерді сезініп, байқап отырғандығын айту үшін, «бозжорғаға» сылқия тойып 
алып соның ықпалымен жазып отырмын деп шындықтан жалтарып, шала мастың кейпіне ену 
арқылы, қазақ әдебиетіне сюрреалистік тәсілді ХХ ғасырдың 20-шы жылдарының ортасында 
енгізеді. Сондықтан да бұл шығарма тарих тұғырынан ерекше орын алатын шығармалардың 
бірі болып табылады.
Тарихи тақырыптағы қазақ әдебиеті кеше де, бүгін де қандай қоғамдық құрылым аясында 
ғұмыр кешсе де ұлттық тарихты, ұлттық мұраны насихаттай отырып, ұлттық мүдденің бірден-
бір жаршысындай болып келеді. Күштеп танылған коммунистік идеологияның сойылын 
соқпаған тарихи романдары ұлттық идеологияның берік ұстанымына айналды. Ол қаламгер 
ұстанымы сынды күрделі де маңызды мәселемен сабақтас. Өйткені суреткерге өз халқының 
адал перзенті бола отырып, оның өткен тарихының тағылымын көркемдік танымда үнемі 
жаңғыртып отыратын міндет жүктелген. Ал тарихи тақырыптағы туындыға жазушының үлкен 
дайындық, мол жауапкершілкпен келуі де заңдылық. Мұндай бағыт, шынайы көзқарас, тарихи 
оқиғаның мінезін, рухын сақтай отырып, суреткер қиялымен көрініп көркем шығармадағы 
шындық С.Сматаевтың туындыларында көрініс тауып отырады.
Қазақ әдебиетінде өзіндік қаламгерлік шеберлігі, суреткерлік қарымы мен азаматтық тұлғасы 
асқақ С.Сматаев туындылары да халқымыздың өткен тарихын тануына айрықша ықпал еткен 
құнды рухани байлықты айқын танытады. Тарихи тақырыпқа қалам тербеген жазушыға өзінің 
суреткерлік қарымына қосымша шығарманың шынайлығын бағалайтын ізгі ниетті оқырман 
алдындағы жауапкершілігі де қосымша жүк артады. Себебі «ақтабан шұбырынды, алқакөл 
сұлама» деген атпен қазақ тарихында қанды ізін қалдырған күрделі дәуірдің болмысына үңіліп, 
ел мен жерді қорғаудағы бабалар ерлігін реалистікпен суреттеу ерекше жауапкершілікті талап 
етері сөзсіз. Соның ішінде, «Елім-ай» романы бүгінгі күнге дейін тарих сахнасынан өз құнын 
жоғалтпай, жоғары бағаланып келеді.
«Елім-ай» романы 1972 жылы «Жұлдыз» журналында жарық көрді. Романды жазғандағы 
жазушының алға ұстанған мақсаты тарихи дәйектілік, саяси жағдай, әлеуметтік мәселелерді 
көрсетудегі дәлдік, ұлттық әдет-ғұрып пен халықтық характерлердің өзіндік ерекшеліктерін 
нақты беру болғаны айқын. Бұл жолда жазушы көп қиыншылықтарға кездескені, жазушының 
мына бір сөзі айғақтайды: «...Әрине, әр түрлі жазбаларда кей жағдайларда сандаған көзқарастарға 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   225




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет