«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
305
жаңа өріс жайып социалды қоғамның бір игілігі жаппай сауаттандыру мен қатар жалпы білім
жүйесін қалыптастырып, ұлттық ғылымның алғашқы негіздерін қалады. Осы қысқа жылдар
аралығында, аға буын жас буын өкілдеріне ұлттық сана түйсігін толықтай бойларына сіңіре
білді, қазақ руханиятын жаңа қалыпта жаңғыруының негіздерін қалады. Кейінгі 30-шы жылдары
қазақ руханиятына қарсы сталиндық тоталитарлық режим тарапынан, қолдан жасалған 1928-33
жылдар ашаршылығы, 1937-38 жылдардағы қуғын-сүргіні, жаппай геноцидке ұшыраған қазақ
халқының руханиятының өміршеңдігін және толықтай қазақ руханиятын аман сақтап қалуын
кейінгі 40-шы жылдар тарихы растайды. Жоғарыда айтып өтілген қазақ халқының басына
төнген сұрапыл зор нәубет болса да, бірақ өшуге таяу тұрған руханиятының жаңғыруына орасан
мүмкіндіктер берген заман болды.
Бұған дәлел ретінде Т.Омарбеков өз еңбегінде көрсетеді: 1937-38 жылдары құрбан болған:
«Алашшыл» Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, Х. Досмұхамбетов және т.б.; большевизмді
Қазақстанда құрылуына ат салысқан ұлтшыл: С.Сейфуллин, Н.Нұрмақов, І.Жансүгіров,
Б.Майлин, түркшіл Т.Рысқұлов, Н.Төреқұлов, С.Қожанов және т.б. олардың көздерін көріп,
тағылымын бойларына сіңірген жаңа «ұлтым деген» азаматтар келді. Қазақ халқының
қазіргі руханиятын осы «нағыз қазақшыл» азаматтар құрады, ал, 40-шы жылдардың екінші
жартысынан жаппай белең алған Сталиндік қуғын-сүргіннің үшінші кезеңі тікелей қазақ
руханиятына бағытталғаны айқын, тіпті, көзге басылады. Себебі, ұлтшылдар саяси тұрғыдан
өзге көзқарастарды ұстанбаған, тек қандайда болмасын руханияттың діңін құрайтын тіл,
әдебиет және тарих саласында қызмет атқарған азаматтар болып табылады. Қуғын-сүргінге
ұлтшылдардың тарихи шындықты ашық зерттеп, айтып, дәріптеулері себеп болды. Ал, ол
ақиқаттар, қазақ халқының тәуелсіз ел болғандығын, теңдессіз тарихы, әдебиеті және өркениеті
бар ұлт екенін көрсетті [3].
Кеңес өкіметі үлкен қасіреттерді жазуға қарсы болды. Бұл тоталитарлық мемлекеттер үшін
қалыпты жағдай. Күннің көзін көлеңкелеудің мүмкін еместігі сияқты, қалай болғанда да саңылау
тауып, сәулелер шығып жатты. Аштық тақырыбына қазақ жазушыларының ішінде алғаш қалам
тербегені – Бейімбет Майлин болды. Өткен ғасырдың 20-30 жылдар психологиясын тануға бізге
бағыт сілтеген Бейімбет Майлин әңгімелері еді. Бейімбет Майлин 1921 жылғы ашаршылықты
өзінің «Күлпәш», «Ашаршылық құрбаны» деген әңгімелерінде жазды. Бейімбеттің «Күлпашы»
– әлемдік әдебиеттің деңгейіндегі шығарма. Жазушы ашаршылық тақырыбын әңгіме жанрында
болса да керемет классикалық үлгіде жазды. Аштықтан өлермен болған Күлпаш амалы қалмай,
басқа күйеуге шығып, жиырма күн дегенде қойын-қонышына тамақ тығып, ұлы мен күйеуіне
келеді. Әкелі-балалы екеуін көріп, есінен танып құлайтындығы айтылған» [4,92].
Жазушының аштық туралы жазылған тағы бір әңгімесі – «Айт күндері». Психологиялық
параллелизм жазушы қаһарманның өз көңіл-күйіне сәйкес келетін көріністерді ерекшелеп,
іріктеп, таңдап алуында жатыр.Бұл әңгімені оқи отырып екі паралель байқаймыз. Байдың
үйінде той болып жатыр, бірақ бір жағынан аштан адам өліп жатады. Айттап жүрген халық бір
кездері дәулеті асқан байдың әйелімен бірге аштан өлгенін естіп, «жарықтықтардың тілеулері
жақсы екен, айт күндері өмірден өтті» деп бет сипағаннан басқа аяушылық білдірмейді. Мұнда
тек аштықты емес, қазақ қоғамында бой көтере бастаған қатыгездікті де шебер көрсете білген.
Адам өліп жатқанда той тойлау аса жақсы қасиет емес. Мұны қоғамның бұзыла бастауы деп
қарауға болады [4,96].
Қылышынан қан тамған Коммунистiк Кеңес дәуiрiнде де осынау қастерлi де ауыр
тақырыпқа қалам тартқан жазушылардың ішінде Ғ.Мүсiреповтiң «Шұғыла» әңгiмесi мен
С.Шаймерденовтың «Мезгiл» повесiн атап өтсек те жеткiлiктi. Тоталитарлық кезеңнiң қатал
қадағалауына қарамастан, бұл аталған туындыларда ашаршылықтың ауыр шындығы белгiлi
бiр дәрежеде айқын көрiнiс тапқан болатын. Тiптi, оларды қырағы көздi кеңестiк цензураның
басылуға қалай рұқсат бергенi де таңқалдырады.
|