Қазақстан халқы ассамблеясы қарағанды облысының Әкімдігі



Pdf көрінісі
бет213/225
Дата11.06.2023
өлшемі7.5 Mb.
#474950
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   225
Память во имя будущего

«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
310
жоқ, айғаймен, ұрыспен. Ол кезде баспасөз тұтқасында отырған, жасы да егде, жазғандары да 
танымал ағаларымыз өзінен соңғы буынға жаулық ниет, өшпенді көзбен ғана қарайтын» [10,38].
Ең үлкен кесел – цензура, ресми және ресми емес идеологиялық қыспақ, тиым мен тежеу, 
табиғи, қалыпты жағдайдың өзін шектеп ұстау еді; рас, өкімет пен әкімшілк көзқарасы, 
қоғамдық пікір – қас қаламгер үшін заң емес, бірақ жазушы болған соң, айтқан сөзі жұртына 
жетуі керек, ешкім естімеген, иенде тұншыққан айқай – мұрат емес, біздің жігерімізді жасытып, 
қажырымызды қайтарған – осы болатын – деп М.Мағауин өз пікірін білдіреді [10].
Кез келген қаламгердің тәжірибесінде әуелгі жазылған дүниенің кейін өңделуі, тым 
құрғанда бірлі-жарымды стилистикалық түзетулер болуы әдепкі жағдайлар. Менің жазуымда 
түбегейлі өзгерген қысқарту мысалдары ұшыраспайды, бірақ әрбір жаңа басылым тіл, сурет 
тұрғысындағы косметикалық жұмыстан ада деп айта алмаймын. Бұл – қайталап айтайық, табиғи 
жағдай. Әлбетте, жазушы өз шығармасын жақсарта, жетілдіре бергісі келеді, бірақ қаламгер 
мүмкіндігінің шегі бар.
Кез келген ұлттың қаламгері – ең алдымен өз ұлтының үні, оның даму тарихындағы ең 
маңызды деген мәселелерді оқырман қауымға көркемдік кестесімен өрнектей отырып жеткізетін 
рухани тірегі. Өз халқының ең көкейкесті деген мәселелерін қозғап отыруы қай қаламгердің де 
абыройлы парызы. Тіпті ол – абыройлы ғана емес. Туған халқының алдындағы ең қасиетті 
перзенттік борыштарының бірі. Бұл тарихи-қоғамдық мәселе қазақ мемуарлық романдарында 
әр түрлі деңгейде болғанымен айқынырақ көрініс табуы тиіс. Егер отаншыл рух болмаса
ондай шығарманың әлеуметтік салмағы да азаяр еді. Өйткені қай автор болсын, отаншылдық-
патриоттық проблемаларды қиядан туғызбай, нақты өзі көрген, сезінген, неғұрлым жетік білген 
жайттардың төңірегінен өрбіте келіп, оқырман талқысына ұсынып отырған. Ойдан ойды қозғай 
отырып, қоғамдық деңгейдегі өзекті мәселелердің көркемдікпен санаға сіңуіне, оқырманды 
толғантып, тебірентуіне авторлардың жазушылық шеберлігін жұмсауына байланысты екендігі 
байқалады.
Жоғарыда айтылған көріністер айналып келгенде, қазақтың ұлттық теңдікке ие бола 
алмағанын ұлттық тәуелсіздік мәселесі күн тәртібінен түспегенін ашатын эпизодтардан көрінеді.
Филология ғылымдарының докторы Т.Жұртбаев: «Әділетті тарих әділетті тарихи көзқарасты 
қалыптастырады. Әділетсіз тарихи көзқарас – тарихи әділетке қиянат жасайды. Түбінде бәрін 
де тарих өз орнына қояр. Ғылым іргесі қайтадан қаланар. Бірақ, әр нәрсені өз орнына қойғанмен 
де, қалғанмен де өткен күннің әділетсіздіктерінің тұсынан жел соғып тұрады» – дейді бейнелі 
түрде [11,18]. Яғни, ғалым ұлтқа қатысты әділетсіздікті қалпына келтірудің оңай еместігін 
айтып отыр. Бұл сөздің шындығын кейінгі заманды бейнелейтін қазіргі қазақ прозасында қалам 
тербеп жүрген жазушылардың шығармаларынан аңғарамыз.
Ұлттық сөз өнерінің байырғы һәм іргелі салалары – тарихы мен теориясы, сыны қазіргі 
кезеңде де өзекті болып табылады. Әдебиеттің үштағаны аталған бұл салалар көне кезеңдерден 
бүгінгі таңға дейін алауан ізденістермен байып, дерек пен дәйекетрмен толығып, көркемдік-
эстетикалық қуаты артып, басты мұраты – адам, оның өмірі мен еңбегін аялау мен бағалау, 
рухани нәр сыйлау сынды абыройлы міндеттерін адал атқару жолында биік бел-белестерге 
көтеріліп, кең өріс, арналы ағыспен ілгерілеп келеді. Көне кезеңдерден бастау алып, бай дәстүр 
терең тарих, тағлымды үрдістермен жүйелі дамып келе жатқан – қазақ әдебиеті қазіргі кезеңде 
де араналы ағысты аға буынның өнегелі жолы мен көрнекті істеріне адалдық танытып, ар ісі 
мен талант қуатын қатар ұштап, даму үстінде екенін айту абзал.
Тұжыра айтқанда, ұлттық әдебиеттану бастапқы отаршылдық, кейінгі тоталитарлық жүйе 
жағдайында талай саяси-идеологиялық қысымдарды басынан өткерді. Қазақ халқының бағзы 
да көне дәуірінің көркем шежіресі іспеттес әдеби және классикалық мұраларымызға тыйым 
салынып, оны зерттеген отаншыл ғалымдар тоталитарлық жүйенің түрлі қысымын және 
қуғын-сүргінін көрді. Сондай қиындықтарға қарамастан, бағзы мен бүгінгіні жалғастыра 
отырып, әр ұрпақ санасына ғылыми зерттеу саласында үлгі-өнеге боларлық зерттеу еңбектер де 


«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
311
қалдырды. Шығармашылық ізденіс, зерттеушілік өрістің тұсауланғанына қарамастан, ұлттық 
әдебиеттанудың келелі мәселелерін шешуде шешуші қадам болып табылатын күрделі де қиын 
кезеңдерде азаматтық асқақтық, ғылыми парасат танытқан ғалымдар өмірінен де алар тағылым 
мол.
Жоғарыда атап көрсеткеніміздей ХХ ғасырдың 30 жылдары қазақ даласына Кеңес үкіметінің 
тотлитарлық жүйесінің әкелген зорлық-зобалаңы қолдан жасалған аштық арқылы жаппай ұлтты 
тамырымен құрту саясаты және де ұлт зияляларына қырғидай тиіп, оларды үрім-бұтағымен 
қуғын-сүргінге ұшырату жолдары, ол жүйенің қалай іске асқандығы, жасалу жолдары алғаш 
зерттеу обьектісіне айналып отыр. Бұрын-соңды қазақ әдебиеті тарихында ұлттық әдебиеттану 
ғылымында қуғын-сүргін тақырыбы жеке қарастырылып, бұл тақырыпта жазылған көркем 
шығармалар роман, повесть, әңгімелер терең зерттеліп, жеке қарастырылмаған болатын. Біз 
зерттеу обьектісі етіп отырған тақырыптың өзектілігі жазушының шығармасында тарихи 
шындық пен көркем шындықтың берілу жолдары арқылы (жасалу дейміз бе, суреттеліуі дейміз 
бе) талай жылдар тыйым салынып келген тақырыптың Тәуелсіздік тұсында жарыққа шығып, 
сол арқылы жас ұрпақтың ата-бабасының басынан кешкен тарихты танып білуіне септігі мол 
деп білеміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   225




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет