«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
140
көрсетті. Бұл сол зұлмат жылдары өте ауыр саяси айыптау еді. Ілияс жар шетінде тұрды. Арада
екі апта өткенде тамыздың 13 інен 14 не қараған түні Ілияс тұтқындалды.
Қазақ әдебиетінің дамуына азды көпті үлесін қосып, белгілі болып қалған көрнекті ақын
жазушыларды, енді қадам басқан жас әдебиетшілерді де тап жауларына іш тартады, тап
жауларымен байланысын үзбеген, шығармалары зиянды, кеңестік қоғамға жат деген сипатта
баспасөзде әшкерлейтін мақалалар жаңбырша жауды. Оған жазушылардың өздері де белсене
араласты.
Жас жазушы Қалмақан Әбдіқадыров М.Әуезовты: «Мұхтар совет жазушылары қатарына
кіргелі 5 жыл болды. Совет жазушысына істелінетін жәрдем оған түгел берілді. Мұхтар үш
төрттеген тәуір еңбек те берді. Сонымен қатар, ескі уақытта, ұлтшыл, алашордашыл пікірде
жүріп жазған зиянды шығармаларын жинақ қылып басқызып отыр. Ол туралы өзі жұмған ауызын
ашқан жоқ. Сонымен қатар, бұрынғы алашордашыл ұлтшылдар фашизмнің агенті болып беті
ашылғанда, солардың сырын ашарлық іс істемей, үндемей отыруының өзі – күдік. Меніңше,
олардың көп сырын Мұхтар білуге тиіс еді. Беті ашылған жаудың тамырын қопара ашуға
Мұхтар ат салысуы керек еді. Бірақ, оны Мұхтар істемей отыр» деп бұрын алашордашылармен
бір болған, олардың сырын білетін Мұхтар, айыптап ештеңе жазбай, үнсіз отыруына күдік
келтіріп сынады [18].
Осы мәндес мақала арада шамалы уақыт өткен соң, «Қазақ әдебиеті» газетінде редакция
атынан тағы басылды. «Әуезовтың сөзі мен ісі неге бір жерден шықпайды» деп алды да,
«Әуезовтың советке келгеніне, совет жазушысы болғанына бес жылдан аса уақыт өтті. Бірақ,
Әуезовтың бүгінге дейін шын советтік бағытта жазылған іліп аларлық бір шығармасын
көре алмай отырмыз. Ол әлі 1932 жылғы уәдесін қайталақтап, «мені істе сынаңдар, мен
ұлтшылдық, байшылдық пікірден мүлден қол үзген адаммын» деумен жүр. Әуезовтың 1932
жылдан бері жазған шығармаларынан іліп аларлық, советтік дерлігі «Түнгі сарыны» да сол
бұрынғы «сарынын» совет сахнасына шығаруға тырысқандығы. Ал «Алма бағында», «Тас
түлек» пьесалары барып тұрған совет жастары өміріне жала жапқандық. Совет шындығына,
жастар жұртшылығына суық қол сұққандық. Әуезов бұл пьесаларында астарлап отырып,
совет жастарына күйе жағып, жаудың сойылын соғуға тырысатындығы айқын көрінеді. Бұл
бұрынғы ашық байшылдығының, ұлтшылдығының бетін бүркемелеп, советтік шығарманың
атын пайдаланғандық. Әуезов бірлі-жарым шығармасында ғана «қателесіп» отырған жоқ,
совет жұртшылығына, совет жастарына жала жауып, ескілікті дәріптегенін оның барлық
шығармаларынан көреміз» [19]. Бұл – М.Әуезовты бұрынғы алашордашыл бетінен қайтпаған,
бұрынғы ұлтшылдық сарыны, бір сарын, өзгермеген деп, А.Байтұрсынов, М.Дулатов,
Ж.Аймауытов басқа да ұлтшыл, алашордашыл деп таңба таңылған қазақ зиялылары артынан
жіберуді көздеген мақала еді.
С.Мұқанов С.Сейфуллиннің «қателіктер жіберіп, сүрінгенін», Майлин мен Дөнентаевтың
революцияның алдыңғы жылдарында халық жауы алашорданы мақтап қателесуін,
«Майлиннің қатесі Сейфуллиннен тереңірек» болғанын, ал «Сәбит Дөнентаев алашорда
мәселесінде Майлиннен де ауыр адасып», совет әдебиетіне келгендігін айтып келеді де, былай
тұжырымдайды:
«Мұхтар Әуезовтың советтік тарих алдындағы кінәсі бұлардан әлдеқайда ауыр. Егер оның
1932 жылы баспасөз бетінде жарияланған хатына сенсек, аталған жылға дейін ол марксизм-
ленинизм жолына саналы түрде қарсы боп, сол жолдың өркендеуіне бөгет болуға тырысқан
кісі» деген пікірді ұстанды [20,119 б; 192-194 б.].
Айыптаған, сынаған мақалалар газет-журналдарда күн құрғатпай басылды. Дихан Әбілев те
«...Зиянкес элементтерден баспасөз орындары әлі де түгел арылып біткен жоқ» деп зиянкестердің
атын атап, түсін түстеді [21]. Сонымен қатар ол «Мұхтар өзінің «Ескілік көлеңкесінде» деген
қате әңгімелер жинағын бастырып, ірі қате жасады. Бұл қатесін Мұхтар ісімен түзетуі керек»
деп М.Әуезовты да сынап өтті [8,83 б].
|