«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
268
жағдайда думаға даярлық мерзімнің тар қыспағына іліккен ұлт зиялылары тұңғыш рет саяси
партия құру әрекетін қолға алды. 1905 жылдың соңына қарай Орал қаласында өткен бес
облыстың (Ақмола, Семей, Торғай, Орал және Жетісу) делегаттық съезі «Қазақ конституциялық-
демократиялық партиясын» құру туралы шешім қабылдады.
Келесі 1906 жылы 10-маусымда Семей қаласында Мемлекеттік думаға қазақтардан депутат
сайлайтын 150-ден
астам қатысқан жиналыс болып, онда Павлодар уезі Сейтен болысының
бастығы Темірғали Нүрекенов төрағалық жасайды. Жиналыста әңгімені Ә.Бөкейханов бастап,
ол жиналысқа қатысушыларды «Халық еркіндігі» (кадеттер) партиясының бағдарламасымен
таныстырып, соңында жиналыс осы партияға қосылу жөніндегі қаулы қабылдайды. Жарыссөзде
сөйлегендердің арасында Шәкәрім Құдайбердіұлы да бар еді.(«Семипалатинский листок»
газеті, 1906, 13 маусым). [89]
Сонымен, саяси күрес жолына енді ғана түсе бастаған қазақ зиялыларының осы кезеңдегі
саяси әлеуметтік бағдары, белгілі дәрежеде, Ресейдің радикалдық буржуазиялық партиясы–
кадеттердің ұстанған бағытымен тоғысқандығы тарихи факті. Ал осы қазақ қоғамында пайда
болған алғашқы саяси ұйым шынмен де бар болғаны ресейлік
кадеттердің қазақстандық
филиалы ма еді, жоқ әлде оны дербес саяи ұйым етерлік ерекшеліктері бар болды ма?
Қазақ кадеттерінің бағдарламасы Орал қаласында шығып тұрған «Фикер» (Пікір) газетінде
(шығарушысы К.М.Тухватулиин) жарық көрген. Онда қазақ жерін бүтіндей сол елдің меншігі
етіп жариялайтын Заң қабылдау қажеттілігі, ішкі Ресейден көшіп келіп қоныстану толқыну
тежек, қазақ жұмысшыларына еркіндік,
теңдік беру, олардың мүддесін қорғайтын заңдар
шығару, қазақ балары үшін мектеп, медресе, университеттер ашу, («Қараөткел Алаштың
ортасы, сонда университет салып, қазақтың ұлын, қызын оқытсақ», – деп Ә.Бөкейхан ой түйсе
керек) тағы сол сияқты осы жылы түрлі облыстарда жазылған петицияларда көтерілген талап-
тілектер айтылды. [112]
Міне бұл келтірілген талап- тілектер жаңа ғана пайда болған ұйымның ресейлік кадеттердің
қазақ топырағындағы тікелей көшірмесі болмағандығын көрсетсе керек.
Бұл арада қазақ
зиялыларының ресейлік кадеттерімен байланысын жоққа шығаруға болмайды, Оған дәлел
ретінде қаралып отырған мезгілде Ә.Бөкейхан, Б.Қаратаев, С.Жартөрин сияқты қазақ
зиялыларының осы партияға мүше болғандығы, ол Ә.Бөкейхановтың 1917 жылы жазға дейін осы
партияның Орталық Комитетінің мүшесі болғанын айтса да жеткілікті. Сонымен бірге, орталық
езгіге қарсы жалпыұлттық бас көтеру толқынында пайда болған бұл алғашқы саяси ұйымның
жалпы демократиялық, жалпы ұлттық мұрағаттар үшін күресуді өзіне міндет етіп қойғандығын
жоққа шығару, әрине, қианат болар еді.
Біріншіден, қазақ қоғамында жалпы ұлттық негізде
саяси партияның құрылуына қажет алған шарттар әлі пісір жетіле қойған жоқ-тын. Екіншіден,
ұлы державалық бағыт ұсынған кадеттер партиясының басшылығы үшін Қазақстан сияқты
аймақта ұлттық еркіндік пен теңдікті мұрат тұтқан саяси ұйымның пайда болуы соншалықты
тиімді емес-тін. Сондықтан-да олар қазақ кадеттері арасындағы бұл алшақтық күн өткен сайын
айқындала түсті.
Ал, осы қазақ зиялыларының рейсейлік кадеттермен позициялық жақындықта болуын немен
түсіндіруге болады? Бұл жақындықты тек таптық көзқарас тұрғысынан түсіндіру жеткіліксіз.
Оның себептерін сонымен бірге қазақ қоғамының отарлық жағдайынан, соған байланысты ұлт-
азаттық қозғалыстың стратегиялық міндеттерін іздеген жөн.
Тарихи деректер Ә.Бөкейхан бастаған қазақ зиялыларының кадеттер ұсынған бағытқа
жақын келуі және одан позициялық алшақтауы қайсыбір
зерттеушілер ойлағандай, жеңіл-
желпі болмағандығын көрсетті. Бұл пікірдің негізсіз емес екендігін Әлихан Бөкейхан сияқты ірі
қайраткердің саяси көзқарасындағы эволюциялық өзгерістерді бақылау арқылы көз жеткізуге
болады.
Мәселен, «Семипалатинский листок» газеті 1905 жылы облыс тұрғындарын мемлекеттік
думаға депутаттыққа кандидаттармен таныстырып, Ә.Бөкейханға байланысты мынадай фактіні
келтірді: «Орман шаруашылығы институтының студенті бола жүріп Әлихан Бөкейхан, барлық