Қазақстан халқы ассамблеясы қарағанды облысының Әкімдігі



Pdf көрінісі
бет181/225
Дата11.06.2023
өлшемі7.5 Mb.
#474950
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   225
Память во имя будущего

«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
269
студенттік істерде үлкен белсенділік танытты, әруақытта тым солшылдар жағында табылады. 
Марксизм туралы айтыс қызғанда ол экономикалық материализм туралы тезистерді бар күшін 
салып қорғады». [65]
Ә.Бөкейханның марксистік бағыттағы студенттік жылдардан кейінгі уақытта да, анығырақ 
айтқанда Омбыда XIX ғасырдың алғашқы жылдары шығып тұрған демократиялық бағыттағы 
«Степной край» газетінде қызметте жүргенде ұстанғандығын басқа тәуелсіз деректер 
қуаттайды. Ол Севастьянов, Соколов сияқты халықшылдармен, Беляков сияқты және басқа 
марксистермен бірге газеттің редакция алқасы құрамын енеді. Ә.Бөкейханның омбылық 
кезеңдегі көзқарасынан жақсы хабардар ескі досы профессор С.П.Швецов былай деп жазды: 
«А.Н.Букейханов представлял собою марсисткое напровление в газете и был несомненно, 
наиболее ярким его выразителем. Я бы сказал даже единственно ярким».
Міне, бұл келтірілген фактілер болашақ ұлт-азаттық қозғалыс жетекшісінің бастапқы 
кезеңде марксистік бағытта тұрғандығына дәлел бола алады.
Ал өзінің бастапқы саяси күрес кезеңінде самодержавиелік билікті, оның отарлау саясатын 
өткір сынға ала, оған қарсы ашық және қуатты оппозициялық күшке айналған, «Халық 
еркіндігі» партиясы жағында болу Ә.Бөкейхан және басқа қазақ зиялыларына тактикалық 
тұрғыдан белгілі бір уақытқа дейін тиімді көрінгені тарихи шындық. Ол жөнінде Ә.Бөкейхан 
«біздің қазақ орыстың түзу жолда жүргендерінің отына жылынып келген, империялық жүйе 
жағдайында қазақ сияқты аз, кем жұрт мақсаты біреуге ілесіп жүріп болады» – деп жазды. 
(«Қазақ», 1903, №22)
Қорыта айтқанда, 1917 жылғы революциясына дейінгі уақытта Ә.Бөкейхан бастаған қазақ 
зиялыларының саяси партия құруға байланысты ұстанған позициясы және құру мүмкіншілігі 
осындай деңгейде еді. Ал, жалпы қазақ кеңесін шақырып, онда ұлт өміріне қатысты өзекті саяси 
мәселелерді қарап, соған сай саяси партия құру ісін қолға алуға қажет алғы шарттар тек ақпан 
революциясынан кейін ғана қалыптасты.
«Жиырмасыншы ғасырдың бас жағында біздің сан ғасырлық тарихымызда тұңғыш 
рет халықты әлемдік айдынға алып шығуға нақты мүмкіндік туды, – деді Ел Президенті 
Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына 2000-шы жылғы жолдауында. -Ол мүмкіндікті туғызуға үлес 
қосқан «Алаштың» ардақтысы Әлихан Бөкейхан еді.» [24]
Әрине, қай құбылыстың болмасын бағасын беретін уақыт. Ал, кешегі өткен уақыт тарих 
болғандықтан тарихшылардың дара тұлғалардың халық өміріндегі, ұлт, ел өміріндегі нақты 
орнын анықтап беруге алар орны айрықша. Әсіресе мемлекет қайраткеркерлеріне баға бергенде 
оның қай дәуірде, қандай қызмет істегеніне қарап емес, халқына қандай жақсылық әкелді, 
артына қандай із қалдырды, қазақ халқы үшін нақты не бітірді, ұлтының қолын қандай жетістікке 
жеткізді сонымен бағалау керек деп білген абзал. Бөкейхановтың дара тұлғасы ұлт тарихынан 
тиісті орынын алмауы, ең бастысы осы күнге дейін үкімет тарапынан саяси баға бермеуі, 
бүгінгі таңдағы өзеті мәселе. Олай деуге негіз; 2006 жылдың аяғында Қарағанды қаласында 
жарық көретін, атап айтқанда «Центральная газета» мен «Вечерняя газета» сынды басылымдар 
Әлиханды «терроршы» атандырып, халық арасында іріткі салған. Ұлт көсеміне XX ғасырдың 
басында жағылған күйе осы бейбіт, дербес, тәуелсіз мемлекетімізде әлі күнге дейін жағылуда. 
Ал бейбіт күнд шошып жүрген шұбар тілді қандастарымыздың бұл қылығы нені меңзейді? 
Әлде тапсырыс болды ма? Не болсада осы жарық көрген мақалалрға Қарағанды қаласындағы 
«Әлихантанушы» болып жүрген бірде бір тарихшы немесе немесе зерттеуші жоғарыдағының 
шындыққа жанасып не жанаспайтыны төңірегінде тіл қатқан жоқ, тағыда сұрақ, неге? Мені 
мазалайтыны оқыған оқушы болсын студент болсын тарих пәнінің оқытушысына Әлихан 
«терроршы» ма? – деп, сұрақ қойған жағдайда не деп жауап қайтаратыны. Бұл нені білдіреді? 
Бәлкім немқұрайлықты ма? Білетінім, кезінде бір философ – «Досыңнан сақтанба – азар болса 
сатып кетеді, жауыңнан сақтанба – азар болса атып кетеді, немқұрайлықтан сақтан»-деген екен.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   225




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет