«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
291
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНА ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ ЖЫЛДАРЫ
КҮШТЕП ҚОНЫС АУДАРЫЛҒАНДАРДЫҢ ТАҒДЫРЫ
П.И. Мамедова,
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, философия ғ.к.
А.М. Тапаева,
Жамбыл облысы әкімі апаратының «Қоғамдық келісім» КММ маманы,
педагогика магистрі
Тараз қ., Қазақстан
Қазақстандағы әртүрлі этностардың елімізге келуінің де өзіндік тарихы бар. Олардың
тарихын
әрбір тұрған мекеніне қарай, келу кезеңдерімен мұрағат деректері арқылы зерттеу
өзекті мәселе болып табылады. Бұл зерделеу республикада болып жатқан үрдісті жіті қадағалау
мен мемлекеттің ары қарай дамып қалыптасуы үшін өте қажет.
Бүгінгі күннің ең маңызды талабы бойынша еліміз ұлтаралық тұрақтылықты сақтау
мәселесін өз дәрежесінде ұстап келеді. Қазақстан халқы ассамблеясына биылғы жылы 20 жыл
толды. Осы жылдарда ұлттық саясаттың негізгі бағыттары ретінде «азаматтық
бейбітшілік
пен ұлттық татулықты» ерекше атап өтіп, Қазақстан халқын «біртұтас этносаяси қоғам» деп
айқындаған Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың еңбегі зор деп айта аламыз.
Алайда, 130 этностар мен этникалық топтар мәдениетінің бірігуі, қазақ халқының
дархандығының арқасы.
Көп этносты Қазақстанның ұзақ жылдар бойғы қалыптасу тарихында республикаға қандай
жағдайда
болмасын, Ресейдің отарлау саясатының мақсатымен, Кеңестік жүйенің кезіндегі
саяси жер аудару, депортация, тың игеру, одақтық, ведомствоаралық биліктің ұйғаруымен және
басқа келушілермен толығып отырды. Қазақ халқы қашанда оларға оң қабақ танытып, жақсы
қарсы алды.
Соңғы жылдары Қазақстан тарихнамасында
республиканың қоғамдық-саяси, әлеуметтік
экономикалық жағдайына қатысты ғылыми зерттеу жұмыстары жазылу үстінде. Солардың
ішінде өткен ғасырдың басынан Қазақстан
территориясына қоныстанып, Қазақстанның
экономикалық, әлеуметтік-саяси демократиялық тұрғысынан жедел дамуына өзіндік үлес
қосқан әртүрлі ұлттардың тарихын жеке зерттеу жұмыстары өз нәтижелерін беріп келеді.
Әртүрлі этностар бүгінгі таңда өз Отанына айналған қоғамда бірігіп өмір сүріп, Қазақстанның
егеменді тұтқасын берік ұстанып өз үлестерін жан-жақты салаларда қосуда. Өткен тәжірибелер
көрсеткендей, ұлтаралық татулық, мемлекеттік тұрақтылық елдегі экономиканы өркендетуге,
ғылым мен мәдениеттің дамуына жәрдемдесетіндігі маңызды мәселе.
Этносаралық қатынастардың үйлесімділігі және Қазақстандағы этностар туралы Н.Ә.
Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында: «Біз ұлтына және діни сеніміне қарамастан, әрбір
қазақстандыққа салт-дәстүр, мәдениет пен дінді таңдауға ерік беретін еркін, әрі ерікті қоғамның
негіздерін нығайтуға тиіспіз», – деп айырықша атап көрсетті.
Қазақстанның өзге аймақтарына қарағанда Жамбыл облысы көп этностар шоғырланған
орталықтың бірі болып табылады. Облыста 87 этностар өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. Біздің
мақсатымыз осы ғылыми жобада этностардың аймаққа келу
тарихын облыстық мұрағат
деректері және Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы мәліметтері арқылы зерттеу.
Аймақтағы этностардың облысымызға келу тарихы туралы күні бүгінге дейін кешенді түрде
зерделеу қолға алынбаған. Сондықтан бұл тақырыптың ғылыми маңыздылығы зор және алдағы
уақытта кешенді түрде тереңдете зерттеуді қажет етеді.
Ұлы Отан соғысы жылдарында халықтар өміріндегі интернационалдандыру үрдісі одан
сайын күшейе түсті. Халықтың жаппай көші-қоны жүріп, шығысқа тұтас өнеркәсіп державасы