Қазақстан халқы ассамблеясы қарағанды облысының Әкімдігі



Pdf көрінісі
бет57/225
Дата11.06.2023
өлшемі7.5 Mb.
#474950
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   225
Память во имя будущего

Әдебиеттер тізімі:
1. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. –
880 бет. 
2. Ата заңдар. Құжаттар, деректер және зерттеулер. 10 томдық (Бағдарлама жетекшісі:
С. Зиманов). 2 том. – Алматы: Жеті жарғы, 2004 жыл.
3. Назарбаев Н.Ә. Ұлттың ұлы мұраты жолында ұйысайық // Егемен Қазақстан. 2008 жылғы 
31 мамыр. 
АЛАШ АРЫСЫ ХАЛЕЛ ДОСМҰХАМЕДҰЛЫ ТІЛ ТУРАЛЫ
Ж. Сәдуақасұлы,
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті 
профессоры, филолог.ғ.д.,
Қызылорда қ., Қазақстан
ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың басындағы өлара кезеңде өздерінің патшалық Ресейде алған 
білімдерін әлі де болса ұйқыдан толық ояна алмай жатқан бұйығы халқының болашағы үшін 
арнауға бел буған, осы бір ұлы жолда талай қиындықты бастан өткізе отырып, соңдарына 
саясат пен тарихтың, ғылым-білім мен мәдениеттің қай саласынан болмасын өшпестей мұра 
қалдырған, ақыры «Сталиндік қызыл қырғынның» құрбанына айналған, бүгінде өзіміз «Алаш 
арыстары» атап, еңбектеріне бас иіп тағзым ететін Әлихан Бөкейханұлы, Бақытжан Қаратаев, 
олардың соңын ала қатарға қосылған Ахмет Байтұрсынұлы, Нәзір Төреқұлұлы, Елдес Омарұлы, 
Міржақып Дулатұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мағжан Жұмабайұлы, Жүсіпбек Аймауытұлы, 
тағы да басқа біртуар тұлғалар болды. Солардың бірі және бірегейі – Халел Досмұхамедұлы.
ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы алғашқы оқыған азаматтардың бірі болған ағасы 
Дәулетүмбеттің нұсқауымен он бір жасында Оралдағы әскери училищенің дайындық курсында 
оқып, одан соң Петербордағы Императорлық Әскери-медициналық академиядан білім алуы, 
қарапайым қазақ даласынан шыққан Халелдің жастайынан зерек, алғыр бала болғандығын 
көрсетсе керек. Академияда оқыған тұстағы, ғасыр басында Ресейде болып жатқан саяси 
тұрақсыздықтар, түрлі толқулар мен революциялық қақтығыстар, соның нәтижесінде пайда 
болған алуан-түрлі партиялардың іс-әрекеттері және олармен үнемі күресте келе жатқан 
демократиялық көзқарастар болашақ дәрігердің азаматтық қалыптасуына әсер еткені белгілі. 
Сондықтан да Халел оқыған, білімді азамат ретінде осы тұстағы қым-қуыт шаруаларға ерте 
араласқан. Қазан төңкерісіне дейін негізгі мамандығына байланысты дәрігерлік қызмет атқара 
жүріп, қазақ даласындағы түрлі аурулармен күресудің жолын көрсеткен көптеген құнды 
еңбектер жазып қалдырды. Бір таңқаларлығы – осы кездегі жоғары білімді оқыған, зиялы қазақ 
азаматтарының қай-қайсысы да ұлт азаттығы, оның болашағы жолында өздерінің әмбебаптық 


«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
87
қабілеттерін таныта да, жұмсай да білгендер еді. Әсіресе, олар төңкерістен кейін-ақ іле-шала 
еліміздің болашағы үшін алаңдап, патшалық Ресейдің бұрыннан жымысқылықпен жүргізіп келе 
жатырған басқыншылық саясатынан қазақ халқын, оның ұлттық символы болып табылатын 
қазақ тілін сақтап қалудың жолын жандарын сала іздестіре бастады. Олар жаңа құрылған 
Қазақ автономиясының басқарушы органдарында қызметтер атқара жүріп, заман талабына 
сай әрқайсысы бірнеше мамандықтың иелеріне айналды. Солардың бел ортасында жүрген 
Халел де тек дәрігер ғана емес, ол – тарихшы, әдебиетші, тілші, медицинаның түрлі салаларын 
меңгерген ғалым, биолог, табиғаттанушы, баспагер, педагог-ұстаз, оқулықтардың авторы, 
тұңғыш профессор болды. Біз Х.Досмұхамедұлының тілшілік қырына аз-кем тоқтала отырып, 
оның осы бағыттағы айтқан ой-пікірлерін қазіргі көзқарас тұрғысынан пайымдауға тырысамыз.
Бүгінде біз, сол бір ұлылар аңсаған арманға жетіп, Тәуелсіз Қазақстан атандық. Егемендіктің 
алғашқы күндерінен бастап-ақ, осы күрес жолында құрбан болған арыстарымызды еске алып, 
солар бастап кеткен жарқын істерді, солар мұра еткен ой-пікірлерді таразылай, еліміздің ұлттық 
сипатына қажеттілерін іріктей отырып, жаңа қоғамға аяқ бастық. Соның ішінде алғашқы ең ірі 
мәселе – құрдымға кетуге айналған тілімізді сақтап қалу ғана емес, оны мемлекеттік қолданыс 
дәрежесіне жеткізу, елдегі басқа да ұлт өкілдерінің ортақ игілігіне айналдыру еді. Осы 
бағыттағы игі істердің ең соңғысы және келешекте орындалуы міндетті болып отырған басты 
құжат – Елбасының «Болашаққа бағдар: ұлттық жаңғыру» атты мақаласы. Онда Н.Ә.Назарбаев: 
«...Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір 
сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс», – дей келіп, таяу жылдардағы 
міндеттерді айқындап берді. Соның басында «қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру» 
мәселесі тұр [1].
Бұл мәселемен, шындығында, осыдан бір ғасыр бұрын біз тілге тиек етіп отырған ғұламалар 
да айналысқан болатын. Латын әліпбиіне көшу 1925 жылы өткен Қазақ білімпаздарының 
тұңғыш съезінің басты бір мәселесі болды. Осында А.Байтұрсынұлы бастаған біраз азаматтар 
түрік әліпбиін (араб әрпі негізіндегі) жақтап оның артықшылықтарын дәлелдесе, Нәзір 
Төреқұлұлы латын әліпбиінің қолайлығын дәлелдеуге тырысады. Бірақ Ахметтің жобасын 
жақтаушылар басым дауыс алады. Осыған қарамастан біршама дайындықтан кейін бұл 
мәселеге кейінгі бір съезде қайта оралу қажет деп табылады [2, 72-94 бб]. Дайындықтың бірі 
латын әрпіне негізделген жаңа әліпбидің жобасын жасау болып, оған Халел де тартылады. Өз 
жобасы жөнінде: «Түрік халықтарына араб хәріптерін тастап, латын харпін алу керек деген 
сөз көптен бар... Өзіміздің осы күнгі хәріптерімізді бірден тастай салып, латын хәріптерін 
алуға қарсы пікірде болсақ та, айналамыздағы желіктің салқыны бізге де тиді. Қолданбасақ та, 
латын хәріптерін біз де тілімізге үйлестіріп көру керек. Топқа түсетін болсақ, біз де өзімізге 
лайық жобамен түсу керек. Пән ретінде қолдану тағы керек (бұл жерде терминология мәселесін 
айтып отыр – Ж.С.)», – дей келіп, одан әрі латын хәріптерінің қазақ дыбыстарына сәйкес 
келетіндері, сәйкес келмейтіндерінің орнына қандай хәріптерді қалай өзгертіп алғаны жөнінде 
толық мәлімет береді. Сонында: «Хәріптерді латынша таңбалағанда біздің тұтқан жолымыз: 
таңба туралы еуропалықтардан алысқа кетпеске; шама келгенше латын хәріптерінің Еуропада 
қолданған мағынасын жоймасқа, белгісіз шатастыратын жаңа таңбалар кіргізбеске; жазуға 
қиындық беретін хәріптің үстіне, астына ноқат, сәкін секілді қосымшалар қоймау болды. 
Латынның өлген хәріптері қолданылмайды.
Біздің қолданған хәріптердің бәрі де Ресейде бар. Жаңғыз «n» саңырау ноннан басқаның 
бәрі де Ташкентте бар», – деп қорыта келе соңынан жобаның үлгісін береді [3, 197-199 бб].
Ғұламаның осы соңғы сөздеріне, әсіресе, ең соңғы абзацтағы айтылған пікірге байланысты 
бізге мынадай ой келеді. Шамасы, сол тұстағы Ресей қарамағындағы мұсылман халықтары 
қолданып келген араб нұсқалы әліпбиін (А.Байтұрсынұлы жасаған) латын хәрпіне ауыстыру 
жөніндегі идея да бұрыннан қалыптасқан империялық жымысқы саясаттың жалғасы болар-
ау. Өйткені, кейін біртіндеп орыс графикасына көшіруге араб графикасынан гөрі латын 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   225




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет