Қазақстан халқы ассамблеясы қарағанды облысының Әкімдігі



Pdf көрінісі
бет81/225
Дата11.06.2023
өлшемі7.5 Mb.
#474950
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   225
Память во имя будущего

«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
120
Өз кезегінде, шаруашылығы кәмпескелеуге жататын байлар малдарын толық немесе 
жартылай болса да сақтап қалуды көздеп, бар малдарын жасырудың бір айласы ретінде 
өз шаруашылықтарын бірнеше бөлікке бөліп, оны туыстарына таратып берді. (Қарсақбай, 
Тереңөзек, Қармақшы аудандарында). «Бай Қонтаев Рахметтің 1700 ірі қара және 1190 ұсақ 
малы бар. Оның баласы малдарының біразын жасырып, Қарақұмға 14 жылқы, 38 түйе және 165 
қой айдап бара жатқан жерінен ұсталды». Қызылорда округі бойынша тәркілеу жұмыстарының 
қорытындысы БК(б) П –ның округтік ұйымы тарапынан әртүрлі тұрғыда талқыланды. «Жергілікті 
жерлердегі партия ұйымдары батрактар мен кедейлерді саяси жағынан жұмылдыруды жүзеге 
асыра алды және оларды өздерінің соңынан ертті, мұның өзі олардың жаппай партияға өтуіне өз 
еріктерімен көмектесу комиссияларына қатысуына, байларға барынша күшті шабуыл жасауына 
ұласып отыр, осы арқылы рулық қарым –қатынас әлсірей түсуде» [14]. Тәркіленген малды бөліп 
берудің едәуір экономикалық қайтарымы болды, партияның ауылды орташаландыру ұраны 
жүзеге асты, мұның өзі кедейлер мен орташаларды жартылай-феодал байларға экономикалық 
және саяси кіріптарлықтан құтқарды және ауылда өндіргіш күштердің дамуына ықпал етті, 
осының бәрі өз кезегінде ауылда социалистік қайта құру процесін жүргізуді жеңілдеткен еді.
Әрине, бұл жерде берілген баға мен қорытулардың біржақтылығы және тым көтеріңкілігі 
көзге ұрып-ақ тұр. Байыбына барып анықтасақ, байлардың малын тәркілеудің шу дегеннен-
ақ заңсыздыққа негізделіп, ұрда-жық әдістерге сүйенгені, сонымен қатар жекеменшікті 
жоюда – оның түп негізіне тереңдемегені білінеді. Соңғысының тамырына балта шабу оны 
үш негізінен айырған еді: иелік етуден, пайдалану құқынан және жеке билігінен. Сонымен, 
жекеменшіктің алғашқы функциясы – иелік етуден айыру тіпті де оңай шешілді, байлардың 
мыңғырған малдары батрактар мен кедейлерге және ауыл шаруашылық өндірісін ұйымдастыру 
тәжірибесі жоқ колхоздарға – ауыл шаруашылығы артельдеріне бөлініп берілді. Екінші 
функциясы пайдалану десек оның көзі табылмай, тартып алынған малдың едәуір бөлігі бірден 
сойысқа кетті, олардың санын көбейтуді ешкім ойламады да.Осы үшін қажетті қора- қопсы 
салу, жем-шөп, құрал – сайман дайындау, сөйтіп жекеше немесе ұжымдық шаруашылық 
жүргізуге машықтануға талпыныстар жасалынбады. Пайдаланудағы тағы бір келеңсіздік – 
кедейлер мен артельдердің малдарды жергілікті партия және кеңес органдарының шешімдері 
негізінде алуына байланысты болды. Сол арқылы соңғылары шаруашылықты жүргізуде заңды 
белінен басып, өз білгендерін істеді. Осылай малды бөліп бере салысымен, мейлі байлардың 
болсын, мейлі басқа да әлеуметтік таптардың болсын, ауыл шаруашылығы салығы қарыздарын 
өткеруі үшін, қойларды қырқу туралы өкімдер берілді. Күздің соңғы күндерінде атқарылған 
мұндай іс-шара кедейлердің болсын, артельдердің болсын отарларын, қыстың көзі қырауда 
қырып салары анық еді» [15]. Жеке билік функциясының тіпті де болмауы – малды сатуға, 
келісім-шарт арқылы жалға беруге және т.б. әрекеттер жасауға тосқауыл болды. Сондықтан да 
«ауылды орташаландыру» 1928 жылдың қыркүйегі-қарашасы аралығындағы малды байлардан 
басқаларға айдап апарумен бітпеді. Мұндай қысқа уақытта әлеуметтік-экономикалық 
өзгерістер бірден жүзеге аса қоймайтын. Ол үшін жаңа тұрпаттағы меншік иелерінің 
әлеуметтік-психологиялық тұрғыдағы дайындығы қажет еді, бұл әрине ұзаққа созылатын 
процесс болатын. Құжатта әрі қарай: Окружком, кампания жүргізудегі кемшіліктер ретінде «…
байлардың шаруашылықтарын бөлу кезіндегі көзбояушылықтың көп болғандығын, тәркіленуге 
жататындардың рәсімделінбей, округтен алыс жаққа көшіп кетуін, сонымен қатар байлардың 
батрактар мен кедейлерді өз жағына тарту үшін жасаған қаскүнемдіктерін», – атап көрсетеді. 
Байлардың бұл әрекеттері қайсібір жағдайда жүзеге асып, батрактар мен кедейлер тәркіленген 
малдарды алудан бас тартып, бай жағына шықты, осы арқылы оның малын жасыруға септігін 
тигізді. Ары қарай орташалардың заманның аңдысын аңдуы (күтушілігі) күстаналанады, 
Арал, Қазалы, Шиелі аудандарындағы жұмыстың нашарлығы, тіпті «бей-берекеттілігі» атап 
өтіледі, жұмыстың бар ауыртпалығы … негізінен Окружком мен аудандық партактивке, жеке 
ұяшықтар мен жекелеген партия және комсомол мүшелеріне түсіп отырғандығы айтылады. 


«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
121
Кампания жүргізудегі кешенді кемшіліктер ретінде.«мал бөлу барысында оны тым мардымсыз 
немесе бәріне тең бөліп берілуі (Қарсақпайда), мұның өзі тәркілеу арқылы экономикалық 
пәрменділікке жетуге кері әсерін тигізген еді; сонымен қатар мал бөлу кезіндегі жемқорлық». 
Көрсетілген кемшіліктердің кәмпескелеу барысында болмай қалуы мүмкін емес еді, тіпті олар 
одан да қомақты болар еді, дегенмен сол кездегі билік тұтқасындағылардың темірдей қатал 
тәртібі аталған мәселеде шешуші роль атқарған болатын. 
Зерттеліп отырған мәселеге байланысты қабылданған резолюцияда, кампания жүргізілу 
ауқымынан асып түсетіндей қорытындылар жасалды. Осыған сәйкес бірінші пунктінде: 
«Ауылдық, партиялық және комсомолдық бастауыш ұйымдарын, байлардан және байлармен 
бірігіп өзі азғындаған, өзінің және партияның абыройын түсірген элементтерден тазарту. 
Партия ұйымын жұмысшылар мен батрактар және кәмпескелеу кезінде көзге түскен кедейлер 
белсенділерімен күшейту», – туралы айтылады. Бұл арада саяси тактиканың маңызды 
элементінің қолданысқа енгендігі көрініп тұр – яғни «сәйкес келмейтіндерді» құрту, уақытша 
атып-асусыз, тек жағдайы төмен әлеуметтік топтарға сүйеніп орташаларға «қарсы» аңдысын 
аңду позициясында болу, оларды жағдайға байланысты не көтермелеу, не қуғын-сүргінге 
ұшырату. Резолюцияның келесі пункті жаңа колхоздар ұйымдастырудағы жұмысты күшейтуді 
көздеді. Колхоздардың ұйымдастыру және экономикалық нығаю жағдайына мән бере отырып, 
ауылдағы ұйымдаспаған бөлек – салақ шаруашылықтарды ірі колхоздарға біріктіру арқылы 
колхоздардың тез арада көтеріліп кетуіне мүмкіндік жасау. Сонымен қатар «Кәмпескелеу 
кезінде мал бөлініп берілген жеке және ұжымдық шаруашылықтарды ерекше есепке алып
олардың малды қалай пайдаланып жүргендіктерін назарда ұстау, оларға барынша көмектесіп, 
кредиттер беру, басқа да жеңілдіктер жасау». Ары қарай «…ұжымдастыруды барынша нығайту, 
ауылдағы ауыл шаруашылығының тауарлылығын арттыру және оны біртіндеп қоғамдастыру 
бағытына бұру» мәселелері көтерілді. 
Беріліп отырған Резолюцияның соңында әдеттегідей «Окружком мен ОКК-ге кәмпескелеу 
кезінде партияның бағытын бұрмалаған коммунистерге тиісті жазасын беру» тапсырылады 
[16].
Ұсынылып отырған іс-шаралар тізбесі мен кемшіліктерді жою әдістері, жүргізіліп отырған 
кампанияның бұдан да кең ауқымды қайта құруларға ұласатынын көрсеткендей.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   225




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет