«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
117
қыркүйекте, Декрет жарияланған күні бастап, 1-ші қарашада
барлық процесті жер аудару
мәселесін қоса отырып бітіру көзделінді.
Сырдария округіне өлкелік өкіл ретінде сол кездегі Қазақ АКСР ХКК төрағасы Ораз
Исаев жіберілді. Округ бойынша кәмпескеленетін шаруашылықтардың жалпы саны 1-ші
категория бойынша 80-ге жетті, бұлар «ірі бай-жартылай феодалдар еді», және 2-ші категория
бойынша 9 шаруашылық – бұрындары ерекше лауазымды топтарға жататын, антикеңестік
қызметтерге байланысы барлар болатын. Сол кезде Сырдария губерниясы құрамынан бөлініп
шыққан Қызылорда округы бойынша кәмпескелеу тиісінше 35 және 5
шаруашылықтарда
қарастырылды. Мән берерлік жәйт, Сырдария округіндегі кәмпескеленетін 80 шаруашылық
республиканың басқа округтерімен салыстырғанда өте ірі топты құрады, ал Қызылорда округін
қосқанда тиісінше 115 және 14 шаруашылық болып, республиканың 12
округіне бөлінген
шаруашылықтардың жалпы санының 18,4% құрады. Кәмпескелеуді барынша қысқа мерзімде
өткізу және шаруа қожалықтары тарапынан болатын қарсы әрекеттерді болғызбау мақсатында,
тізімдерді құруды тікелей жергілікті жерлерде өткізу міндеттелді. Қорытынды тізім БК(б)П
Өлкелік комитетінде бекітіліп, оған дейін округтік және аудандық комиссиялардың, кедейлер
мен батрактардың жалпы жиналысында сайланатын көмектесу комиссиясында (комиссия
содействия) талқыланатын. Кәмпескеленген малдарды бөлу «...аты жоқты атпен қамтамасыз
етіп, сиыры жоққа сиыр беріп (түйесі жоққа да солай), ал ұсақ малға келсек жеке шаруашылыққа
10 қойдан үлестіру дұрыс (ірі қара мал алмағандарға)» деп есептелінді [2]. Кәмпескеленген
мүліктердің байдың туысқандары мен достарына берілмеуі атап айтылды, сонымен қатар
«Кеңес немесе партия аппаратында жұмыс істейтіндердің мал алуына» жол берілмеді, «партия
мүшелеріне», батрактар мен кедейлерге бұл тек жалпы негізде ғана мүмкін болды. Округтік
комитеттер партиядағыларға қатысты ешқандай артықшылықтың болмауын қадағалауға тиіс
болды.
Қызылорда округі аудандарындағы кәмпескелеуді жүргізу іс жүзінде әу бастан-ақ БК(б)
П-ның Қазақстан өлкелік комитеті директиваларымен қарама-қайшылықта болды. «Ауылда
жартылай-феодалдық, патриархалдық рулық қатынастарды сақтап
отырған ірі байлардың
мүлкін кәмпескелеу және жер аудару» комиссиясының отырысында округтің Арал ауданында
кәмпескеленетін шаруашылықтардың тізімі дер кезінде құрылмағандығы атап өтілді. Комиссия
«Аудандағы кәмпескелеу жұмысы барысындағы қиын жағдайларға мекендердің бір-бірінен
алыстығын, байлар тұратын жерлердің жақын емес екендігін, байдың мүлкін бөлуді заң
тұрғысында рәсімдеудің жоқтығын, бұл мәселенің шиеленісіп кеткендігін» айта келе, ары қарай:
«Бай шаруашылықтарын бөлу мәселесінде нақты шешімнің жоқтығы байдың туысқандарының
малдарын дұрыс кәмпескемелеуге апарып отыр», – делінген [3].
Сонымен қатар «…өкілдер беріп отырған мәліметтер мен
байлардың қолдарында бар
малдарының арасында үлкен айырмашылықтың бар екендігі де анықталды. Мұның өзі
малдардың санын есептеу кезеңінде байдың көптеген туысқандарының бір шаруашылыққа
бірігуінің нәтижесінде болған еді. Тіпті кәмпескелеу жүрген аудандарда тұрмайтын
адамдардың да аталған тізімге еніп кету жағдайлары болды, байдың туысқандарының кейбірі
кәмпескеленбей олардың малдары өздеріне қайтарылып берілді. Қазалы ауданында комиссия
мәжілісі ауылдарда кедейлердің арасына жанашырлар комиссиясын (комиссия содействия)
құрып,
оларға байлардың, атқамінерлердің және әлеуметтік жағынан зиянкес элементтерді,
жасырылған малдарын және байдың басқа да мүліктерін анықтау, жер мен шабындық жерлерді
айқындау міндеттелінді» [4].
Шиелі ауданында ауыл кедейлерінің белсенділік танытуымен «кедейлер мен ауылды
кеңестендіруге зиянды» байлар мен атқамінерлер кәмпескелеуге ұшырады,
бұл арада
кәмпескелеу жөніндегі ереженің өзімбілерлікпен бұзылғандығын айта кетуге болады. Барлығы
ауданда кәмпескелеуге 3 адам ұшырады, оның ішінде біреуі «атқамінер және ауылды топқа
бөлуші ретінде», 2-топпен жазаланды. Айта кетерлік жәйт, байлардың малдарының саны үнемі
қажетті цифрларды бергенімен, мұның нақтылықтан ауылы әжептәуір алыс болатын.