«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
125
күштеп ұжымдастыруына қарсы қозғалыстар «Ақмырза ахун бастаған наразылық», «Қарақұм
көтерілісі», «Қазалы немесе Асандар көтерілісі» деген шартты атаулармен белгілі болды [5,
86б.].
ХХ ғасырдың 30-40 жылдарындағы саяси қуғын-сүргін
құқық қорғау органдарының
қолымен жасалды. Осы мақсатта ең алдымен қуғындаудың заңдық негізі әзірленді. Оған
дәлел ретінде сол жылдары қабылданған заңдарды алға тартамыз. Кеңес мемлекетінің
заңдары Қазан төңкерісінен бастап тоталитарлық жүйенің орнығуына жол ашты.
Кеңестік
құқық «биліктен айырылған қанаушы таптарға» қарсы бағытталғандықтан,
адамдар шыққан
әлеуметтік тегі үшін жазаланды. Кеңестік заңдар «кеңестік тәртіпті» нығайтуға, социалистік
экономиканы құруға, еңбекшілер бостандығы мен демократиялық құқықтарын қамтамасыз
етуге, бұқараны коммунистік санамен тәрбиелеуге тиіс болды. Сөз жүзінде заңдардың сипаты
демократиялық бағытта болғанымен, іс жүзінде адамдарды жікке бөліп «таптар арасындағы
күресті» өмірге әкелді. Бұл адам баласының мәдениетіне, адамзат өркениетіне аса қауіпті еді.
Кеңестік тоталитарлық тәртіпті жамандау мақсат емес, алайда, оның миллиондаған адам өмірін
құрбандыққа қиған саясаты ұлт санасына ізін салып та кетті. Кеңестік жүйеде өмір сүрген
халықтардың саяси қуғын-сүргін зобалаңына ұшырамағаны кемде-кем.
Саяси қуғын-сүргін салдарынан конформизм, бюрократизм, жағымпаздану секілді көптеген
адами дамуға кереғар теріс түсініктер
өмірден орын алып, тамырын тереңге жайды. Алаш
зиялыларының «большевиктер ылаңы көпке кетер, биліктен кеткенше талайды былғап кетер»
деген мазмұндағы даналығының ақиқаты соған дәлел.
Достарыңызбен бөлісу: