Аралық бақылау №1 13 б
1.
|
Коллоквиум Е.Бекмаханов еңбегі бойынша . “Қазақстан ХІХ ғ 20-40 жылдарында.”
|
5б.
|
2.
|
ХҮІІІ ғ. І жартысындағы Қазақстандағы Саяси жағдай.
тақырыбы бойынша тест құру.
|
3б.
|
3.
|
Бақылау жұмысы.
1.Абылай ханның саяси бейнесі.
2.Кіші жүздің Ресей құрамына кіруінің тарихи себептері.
|
5б.
|
Қазақстан жаңа заман тарихы пәні.
Аралық бақылау №2
1.
|
Коллоквиум. ХІХғ. ІІ жартысындағы қазақ халқының арасындағы ағартушылық қозғалысы.
|
5б.
|
2.
|
Бақылау жұмысы.
-
Орта жүз қазақтарының 1822 ж. Жарғы бойынша әкімшілік құрлымы.
-
Арал бойы қазақтарының көтерелестерінің тарихи себептері.
-
Коллоквиум. тақырыбы бойынша тест сұрақтарын құрастыру.
|
4б.
|
8. Студент білімін бағалау нәтижесі
Бағалау әрбір тапсырма нәтижесінің қорытындысы бойынша анықталады:
- аралық бақылау мен білім деңгейі, пәнді меңгере білуі;
- лекция басында және барысындағы бекіту сұрақтары;
- семинар сабақтарында негізгі түсініктер мен заңдылықтарды игеру;
- семинар (ОБСӨЖ) сабақтарында тәжірибелік тапсырмаларды орындауды игеру.
І. Рейтинг балдарын бақылау бойынша анықтау
№
|
Қорытынды бақылау түрі
|
Бақылау түрі
|
Балл қою
|
1
|
емтихан
|
Қорытынды бақылау
|
40
|
Аралық бақылау
|
5+5
|
Кезекті бақылау
|
50
|
|
|
Барлығы
|
100
|
Аудиториялық сабақтар төмендегідей анықталады:
лекция – 30 сағат;
семинар – 15 сағат;
барлығы – 60 сағат.
ІІ. Кезекті және аралық бақылау балдарын (30) анықтау:
Семестр бойынша 2 аралық бақылау өткізіліп, олардың әрқайсысына 30 балдан бөлінеді.
Аралық бақылаудың өткізілу кестесі:
-
Бақылау
түрі
|
Формасы
|
Мерзімі
|
Жоғары балл
|
Тақырыптар
|
Аралық бақылау
|
Тест тапсырмалары, тақырыпқа сәйкес тапсырма
|
7 апта
|
5
|
1-7 оқу аптасы
|
Аралық бақылау
|
Кешенді тапсырма, бақылау жұмысы
|
15 апта
|
5
|
8-15 оқу аптасы
|
ІІІ. Орындалған тапсырмаларға балл қою:
Тапсырма түрі:
- семинар (ОБСӨЖ) сабағында жауап берген кезде
- өте жақсы – 1 балл;
- жақсы – 0,7 балл;
- қанағ. – 0,5 балл;
- қанағатсыз. – минус 0,5 балл
- лекцияға қатысып, конспект болса – 0,2 балл;
- қосымша – 0,3-0,5 балл;
- баяндама – 1,0 балл;
- реферат – 1,5 балл;
- бақылау жұмысы – 0,3 балл;
- глоссарий – 0,2 балл;
- кроссворд құрастыру – 0,3 балл;
- студентік конференцияға дайындық – 1 балл;
- мерзімдік баспасөзге талдау жасау – 0,2 балл;
- лекция, семинар (ОБСӨЖ) сабақтарын қалдырса – 0,5 балл.
Семинар (ОБСӨЖ) сабақтарын қалдырса, студент кесте бойынша сол сабақтарды қатаң түрде өтейді.
Сабақ қалдырған студентке кезекті бақылау жұмысы тапсырған кезде, төменгі жағдайларға назар аудару керек:
-
егер студент себеппен сабақ қалдырған болса, оның өтелген сабағының бағалауы төмендемейді, мысалы студент «5» ке жауап берсе, баға сақталады.
-
егер студент себепсіз сабақ қалдырған болса, оның бағалау коэффициенті төмендейді: берілген тапсырма бір аптаның ішінде орындалса – 0,8 балл, келесі аптада орындалса - 0,6 балл, екі аптадан кейін орындалса – 0,4 балл, одан кейінгі орындалған тапсырмалар қабылданбайды.
Қорытынды бақылау тапсырмалары:
1. Бақылау жұмысына дайындық.
2. Бақылау тестісіне дайындық.
3. Глоссарийдың түсініктерімен жұмыс істеу.
ІV. Аралық бақылау тест, бақылау жұмысы, тақырыпқа сәйкес тапсырмалар ретінде оқытушының талабы бойынша өткізіледі.
Аттестация қорытындысы бойынша рейтинг балдарды анықтау:
Дұрыс жауап бергендегі %-тік көрсеткіш
|
Бағалау
|
55-60
|
5 (өте жақсы)
|
45-54
|
4 (жақсы)
|
30-44
|
3 (қанағат.)
|
0-29
|
2 (қанағатсыз.)
|
Бағалау жүйесінде әріптік таңбаларды қолдану:
Балдар(%)
|
Бағаның әріптік жүйесі
|
Балдың
цифырлық
баламасы
|
Баға
|
95-100
90-94
|
А
А-
|
4.0 3.67
|
Өте жақсы
|
85-89
80-84
75-79
|
В+
В
В-
|
3.33
3.0
2.67
|
Жақсы
|
70-74
65-69
60-64
55-59
50-54
|
С+
С
С-
|
2.33
2.0
1.67
1.33
1.0
|
Қанағаттанарлық
|
0-49
|
Ғ
|
0
|
Қанагаттанарлықсыз
|
Бақылау түрі мен формасына қарай балл қою:
1 ескерту. Семестр қорытындысы бойынша тиісті баға алып, 30 балл жинаған студент емтиханға жіберіледі. Емтихандағы тиісті баға 20 балл.
2 ескерту. Қалдырылған практикалық сабақтар орындалған жұмысты қорғау арқылы өтеледі.
9.Ағымдағы, аралық және қорытынды бақылауды өткізу кестесі:
Ағымдағы бақылауапта сайын өткізіледі.
Аралық бақылау –7-8 апта,екіншісі – 14 -15 апта
Қорытынды бақылау (емтихан) –15 апта
12. К у р с т ы ң с а я с а т ы :
Елбасының жыл сайынғы жолдауларында білім беру стратегиялық маңызы зор сала ретінде аталады. Қазіргі күн сайын жаңарып келе жатқан қоғамда өзгелермен иық тірестіріп қатар тұрып, батыспен байыпты сұхбат құрып, шығыспен шынайы қатынас орнатып, түстіктегі жұрттармен тең сөйлесе алатын іргелі ел болуымыз білікті мамандарға тәуелді екендігіне тағы да көз жеткіздік. Ал білікті маман дайындау- білім берудің моделіне, құқықтық базасына тікелей байланысты.
Еліміздегі балабақшалардан бастап, орта білім беретін оқу орындарына дейін жас ұрпақтың бойында ұлттық дүниетаным мен діл мәйегін сіңіріп, оларды нағыз отаншылдық рухта тәрбиелеп өсіруге қажетті осы заманғы оқу құралдары мен технологиялардың жетістігін пайдалана білу шеберлігіне дағдылану.Бүгінгі қоғамның сұранысына орай, білім мазмұнын қалыптастырып игеру. Білім беру жүйесін дамыту мен оның техникалық жетістіктерін меңгере білумен кәсіби шеберлік дағдыларын нығайтуға ерекше көңіл бөліну.
- Отандық тарихты оқыту әдістемесінің ғылым ретіндегі мазмұнын, оның гуманитарлық білім жүйесіндегі орнын тану;
- Тарихи ойлау мен тұжырым жасап өз пікірін, көзқарасын білдіретін сауаттылық пен мәдениетін игерту;
- Ұлттық тарихи құндылықтар мен мұраттарымызды танып біліуге үйрету;
- Этикалық және құқықтық қатынастар жүйесінің аясында оқушылар мен қарым-қатынас жасау мәдениетін сіңіру;
- Болашақ мамандығын жақсы меңгерген шеберлік дағдыларын жетілдіру барысында ізденгіш еңбек қорлық дағдысын қалыптастыру;
13. Тәртіп пен өзін өзі ұстау этикасының саясаты
- Сабаққа кешікпей қатысу.
- Сабақ үстінде сағыз шайнауға болмайды.
- Сабақ үстінде газет-журнал оқымау.
- Сабақ үстінде айнаға қарамау. (қыз балалар)
- Сабақ үстінде артық сөйлемеу.
- Сабақ үстінде ұялы телефонды сөндіру.
- Сабаққа тиісті киіммен келу.
- Қалдырған сабақ тапсырмаларының қарызын өтеу.(сабақтан тыс уақытта)
- Берілген тапсырма орындалмаса, қорытынды балыңыз кемиді.
- Оқу процесіне белсенді қатысу.
- Курстастарыңа, оқытушыға іззетті, ашық бол.
- Бағалау саясаты обьективтік принциптерді икемді жоғары саралауда негізделеді.
- Әрбір сабаққа міндетті дайындық:
- Берілген тапсырмаларды оқып меңгеру.
- Барлық тапсырмалар уақытылы қойылған мерзімінде орындалуға тиіс.
- Сабақты жіберген жағдайда барлық өтілген тапсырмаларды орындауға жауаптысыз.
- Егерде жіберілген сағаттар саны дәлелсіз болса (ауырмасаңыз немесе басқа да дәлелді себептердің анықтамасы болмаса) кредит сағат санының курс бойынша екі есеге артса, біз сізді курстан қалдырамыз.
- Сіз барлық топтың оқуына септігіңізді тигізуге тиістісіз.
- Сіз өзіңіздің оқуыңызға ден қойып жақсы білім алуға талапты болуға тиістісіз.
- Оқу жылы барысында өзіңізге тиісті міндеттерді орындауға жауапкершілікпен қарауға тиістісіз.
- Оқу процесіне сіздің тек келіп кетуіңіз емес, сапалы қатынасыңыз маңызды екенін естен шығармаңыз.
Курстық жұмыс тақырыбы.
1.М.Қозыбаев өмірі мен еңбектері
2.З.Алдамжаров өмірі мен шығармашылығы.
3. С.Толыбеков өмірі мен шығармашылығы.
4.Қожаберген жырау және оның Елімай дастаны
5.Левшин қазақ тарихын зерттеуші
6.М.С.Бабажанов Қазақ халқының этнографиясын зерттеуші
7.Аубакір Диваев Қазақ этнографиясын зерттеуші.
8. С. Асфендияров өмірі мен шығармашылығы
9. М.Тынышпаев өмірі мен шығармашылығы.
10. М. Вяткин өмірі мен шығармашылығы.
11. Е. Бемаханов өмірі мен шығармашылығы.
12. Л. Гумилев өмірі мен еңбектері
13. М. Қозыбаевтің Қазақстан тарихына қосқан үлесі.
14.С.Асфендияров өмірі мен шығармашылығы
15.Х.Досмұхамедов өмірі мен еңбектері
16. Ж.Қасымбаев өмірі мен еңбектері
Рефераттар тақырыбы
-
Қазақ-жоңғар қатынастары: көшпелі ел тағдыры
-
Аңырақай - ғасыр шайқасы
-
Казақ батырлары
-
М.Тынышпаевтың "Ұлы қасірет..." еңбегі
-
Төле би және билер институты
-
Кіші жүз ханы Әбілқайыр: өмірі мен қызметі
-
Орынбор экспедициясының ұйымдастырылуы және қызметі
-
Қазақ жеріндегі бекіністер мен әскери шептер
-
Ресейдің шығыс саясаты
-
Қазақстандағы Ресейдің әскери-отаршылдық әрекеттері
-
Абылай — мемлекет кайраткері және саясатшы
-
П.Г.Галузоның ресей отаршылдығын зерттеуі
-
"Көрінбейтіндердің" қозғалысы
-
Сырым батыр және халық кеңесі
-
Бұқар - жырау және кеңесші
-
Шешендік өнер
-
Қазақстандағы сауда және жөрмеңкелер
-
XIX ғасырдағы салық жүйесі
-
Орта және Кіші жүзде хандық биліктің жойылуы
-
Кенесары көтерілісі: тарихы және зерттелуі
21. Исатай-Махамбет: қоғамдағы әлеуметгік теңдік мәселесінің қойылуы
-
Патша укіметінің әкшшілік-саяси реформаларының сипаты
-
Ағартушылық және ағартушылар
-
Қалалар тарихы
-
Жұмысшы кадрларының қалыптасуы
-
Қазақстанның Ресейге қосылу тарихының тарихнамасы
26. Казақстандағы Ф.Щербина, В.Кузнецов, П.Румянцев экспедициялары.
-
"Қазақ" газеті — отаршылдықты әшкерлеуші
-
XX ғасыр басындағы қазақ ұлт зиялылары
-
"Айқап журналы", оның идеялық-саяси мазмұны
Курстық жұмыстар тақырыбы:
1. ХҮІІІ ғ. қазақ - башқұрт қатынасы.
2. Әбілқайырқанның саяси мемлекеттік қызметі.
3.Абылай ханнаң саяси мемлекеттік қызметі.
4.Қожаберген жырау және Елімай дастаны.
5.Левшин қазақ тарихын зерттеуші.
6.М.С.Бабажанов қазақ этнографиясын зерттеуші.
7.А.Диваев қазақ этнографиясын зертеуші.
8.С.Асфендияров өмірі еңбегі
9.М.Тынышпаев өмірі мен еңбегі
10.М.Вяткин өмірі мен шығармашылығы.
11.Е.Бекмаханов өмірі мен шығармашылығы.
12.Л.Гумилев өмірі мен шығармашылығы.
13.Академик М.Қозыбаевтің Қазақстан тарихына қосқан үлесі.
14.С.Зиманов Қазақстан тарихының саясй құрылымын зерттеуші.
15. Басин В.Я. ХҮІ-ХҮІІІ ғғ.қазақ-орыс қатынастарын зерттеуші
16. С.Толыбеков Қазақ қоғамының дәстүрлі шаруашылығын зерттеуші.
17. ХҮІІІ ғ.Қазақ даласындағы сыртқы сауда.
18.Көрінбейтіндердің қозғалысы (Көктемір қозғалысы) 1775-1776 жж.
19. Игельстром Реформасы.
20.Шаңды жоры – жоңғар соғысының ақыры.
21.Мұса батыр Дәуітбайұлы отаршылдыққа қарсы күрескер.
22.Маңғыстаудағы 1870 жылғы көтеріліс.
23 ХІХ ғ. өлкедегі урбандалу тарихы.
24.Қазақ әдебиетіндегі «Зар заман» мектебі өкілдері және олардың шығармалары.
25. ХІХ ғ. ІІ жартысындағы Қазақстандағы халық ағарту ісінің жағдайы.
26.Ш. Уалиханов ғалым-ағартушы, оның ғылыми мұралары.
27.Ы. Алтынсариннің өмірі мен ағартушылық қызметі.
28. ХІХ ғ.- ХХғ. басындағы мерзімді баспасөз ісінің даму тарихы.
29. А.Байтұрсынұлының өмірімен тарихи мұралары.
30.Ж.Қасымбаев өмірі меншығармашылығы.
Глоссарий
Cардар – кербасы, қолбасы деген сөз. Жаугершілік заман туа қалса, ханы, биі бар, ел ағалары мен ақсақалдары, ержүрек жауынгерлері бар, бас қосып, әскербасын, яғни сардар сайлайды.Ол ерлігі, батырлығымен бірге соғыс өнерін білетін және осы жолда талай сыннан өтіп, көзге түскен батырлардан таңдалып сайланады.
Сарбаз – елін, жерін қорғау жолындағы қатардағы жауынгер. Соғыс кезінде сарбаздар онға, жүзге, мыңға бөлінген. Оларды онбасы, жүзбасы, мыңбасылар басқарған. Бұл- қазақ халқының ежелден келе жатқан әскери құрылымы. Бұрыннан келе жатқан тәртіп бойынша соғысқа сарбаз жинағанда, әр үйден 2 жігіттің біреуі, 3 жігіттің біреуі, 5 жігіттің үшеуі соғысқа алынған. Бір отбасындағы жалғыз жігіт соғысқа алынбаған. Бұл-шаңырақты сақтап қалу үшін жасалған заң. Бұл кеңем үкіметі тұсында, мысалы.1941-1945 жылдары қазақстан соғысқа бір үйде қанша жігіт болса соншасы, тіпті 41 жасар әкесі баласымен бірге алынған. Осында йсебептермен мыңдаған шаңырақ із-түссіз кетті.
Найзагер – Сарбаздар ұрыста өздерінің тамаша жауынгерлік өнерін көрсете білді. Солардың бірі- найзагерлік өнер.Олар қалың сайыста дұшпандарын найзамен түйреп түсіріп отырған. Кенесарының інісі, атақты батыр, Наурызбай найзагерлік өнерді жетік меңгергендігі сондай, ат үстінен ағып бара жатып, жердегі түйенің қу құмалағын шаншып алатын болған.
Мерген – «Құралайды көзге ататын мергендер» де ел арасында жиі кездескен. Олар садақпен де, мылтықпен де, қаруланып, соғыста да, аңшылықта да өздерінің мергендік өнерін паш еткен.
Балуан – қазақ елі батыр мен балуанды айырықша құрметтеп, оларды басқа адамдары жоғары қойған. Әр ел, жұрт өз балуандарымен мақтанған. Айтта, тойда елдің сыйлы адамдары өз балуандарымен барған.
Сал Сері – Бұл сөздер айтыла қалса, ел есіне Ақан сері, Біржан сал түседі. Себебі олар- елдің өнері мен мәдениетінің көркі әрі көшбасшысы. Сал-серілер халық мақтанышы мен сүйеніші, елдің еркесі, той бастар серкесі, ойын-сауығының ажары, ғажайып өнерінің базары. Серілер сұлу сүйіп, жүйрік ат, алғыр қыран, епті тазы ұстанған тазалық пен пәктіктің көрінісі болса, сал-дүниенің бетіне қарамай шашып-төгіп жүретін, мәрт те жомарт, мінез-құлқы да ерекше адамдар болған. Сал да , сері де сегіз қырлы, бір сырлы өнерпаздар. Әсіресе, серілер өзі күйші, өзі әнші, өзі ақын, өзі әнші, өзі ақын, өзі компазитор, өзі шебер, өзі мерген, өзі балуан, өзі шешен, өзі батыр, өзі ер, шабандоз бір сөзбен айтқанда, сирек жаратылыс, сирек бітімді біртуар азаматтар.
Ақын – қазақ табиғатында ақын халық. Ел ішінен шыққан ақындардың көп болуы осыдан-ақ болар. Ақындар шаруаға икемсіз болса да, өнер мұнарасын алтыннан соққан даланың дара дарындары екні қай кезде де жоғары бағаланған. Халық оларды төбесіне шығарып, төрге отырғызып, ханнан бетер сыйлаған. Олардың әр сөзін жерде қалдырмай жаттап алып, жалпақ елге таратып, насихаттап отырған.
Жырау – ақындар мен шешендердің өлең-жырларын жаттап алып, оның шып-шырғасын шығармай жырлап, кейінгіге өнегелі сөздерді өлтірмей сақтайтын, қажет кезінде өзі де толғап, жырлап айта алатын, бірегей өнер шебері. Ол-әнші, домбырашы, қобызшы. Қазақ халқының жүздеген, мыңдаған жырлардағы хисса, дастандарын, батырлар жырларын, толғауларды кейінгі ұрпақтарға жеткізген де осы жыраулар тобы болды. Халық мұндай адамдарға жырау деп ат берген.
Шешен – қызыл тілдің шебер ұстасы, зергері сөз өнерінің жүйрігі. Ердің құнын екі ауыз сөзбен шешетін шешендердің өзі де, сөзі де тым жоғары тұрады. Билер мен қазылар әдетте осы шешендік өнерпді жетік меңгерген шашендерден сайланған және бұл олардың тегіне, әлеуметтік жайы мен тұрмысына, бай ма, кедей ме, оған қарамаған.
Шежіреші – қазақ қауымында айтып, жазып, кейінгіге жеткізуші құймақұлақ, халық тұрмысы мен салт-дәстүрін жетік білетін білімді кісілер қатарына жатады. Ол жастарға ел тарихын, жеті атаны, ағайын, туыс, ілік, жекжатадамдарды біліп, оның жөн-жосығын түсіндіріп, хатқа жазып лтыратын сұңғыла шешен, айтқыр да тапқыр, зерделі адам.
Мүфти – Ислам қоғамының мемлекеттік дәрежедегі ең жоғары лауазымы дін басы. Ол мұсылман мемлекеттерінде дін қағидалары мен міндеттерінің орындарын басқарады және қадағалайды. Мешіттер мен медреселерде ислам жөн-жосықтары мен оқуының барысына бақылау жасайды. Дін орындарына имамдар мен қазыларды тағайындайды және өзгертеді.
Мүфти лауазымына білімді, парасатты, адамгершілігі зор, әділ адамдар сайланады.
Қазы – мұсылманның діни қағидаларының орындалуын жергілікті жерде бақылайтын және оны жүзеге асыратын, құқық жолдары мен тәртібін, ұлтсалт дәстүрі мен әдет-ғұрпын, тілін, тарихы мен тұрмысын жақсы білетін, арнайы дін оқу орнын бітірген, тәжірибесі мол, дін соты қызметін және билік айтушы әрі төреші міндетін атқару қазыға жүктелген. Қазы ешкімге тәуелді емес. Ол қара қылды қақ жарып, әділдігін айтатын, өз міндеті мен дін ісіне шын берілген тақуа адам болуға тиіс.
Ишан – медреселерде арнайы білім алған ислам дінінің білімпазы. Ол – ел ішінде исламның таза жолын нассихаттайтын әрі оқытып-үйрететін, әрі емшілік жасай білетін және сондай қызметі үшін ел арасында зор беделге ие болған дін қайраткері.
Шәкірт – медреселер мен ауыл мектептерінде оқыған жастарлы «шәкірт» деп атаған.
Жұлдызшы есепші – халық арасында аспан әлемі мен жердегі болатын табиғат құбылыстарын ерте болжай білетін талантты адамдар болған. Олар бұлтқа, жан-жануарлар мен жәндіктердің іс-әрекеттеріне, мінезіне қарап күнделікті ауа райын немесе келер қыс пен жаздың қалай болатынын бұрын біліп, халыққа айтып отырған. Бұл болжамжардың көпшілігі айна-қатесіз келіп отырған. Мұндай адамдарды «жұлдызшы» немесе «есепші» деп атаған.
Көріпкел – адам өмірі мен келешегін, ел ішінде болғалы тұрған жақсылық пен жамандықты, әртүрлі апатты жайларды күні бұрын білетін сирек талатты адамдарды халық «көріпкел» деп бағалап, сенім білдірген. Олардың қасиетті есімдері әлі ұмытылған жоқ. Қойлыбай бақсы – баянауылдық, Мәшһүр Жүсіп, Қималық Шерхан – осындай көріпкел кісілер болған.
Бақсы – тылсым күш иесі. Олар небір ғажайып көріністерді көз алдына әкеліп көрсететін, жынмен, аруақпен сөйлесетін ғажайыптар әлемінің құдыретін игерген.
Құмалақшы – алдын ала болжай білетін, яғни құпиялық, сезімдік сыры бар адамдардың бірі – осы құмалақшы. Бұлар құмалақ тарту арқылы болжап айта алады. Құмалақшыға халық сенім білдірген.
Жауырыншы - бақсы, құмалақшы сияқты жауырыншылар да болашақты болжап айта алған. Олар қойдың отқа күйдірген жауырынына қарап айтқан. Жауырыншылар және құмалақшылар туралы әңгімелер батырлар жырында жиі кездеседі.
Сынықшы - осы күнге дейін жалғасып және өз ісін дәлелдеп көрсетіп жүрген сирек мамандықтың бірі – осы сынықшылық. Сынықшылар арнайы білім, оқу орындарында оқымай-ақ сүйегі сынған адамдарды емдеудің ғажап өнері мен құпиясын толық игерген емсек адамдар. Олар сынған мүшелерді сырттай сипап отырып, уатылып кеткен сүйектерді орны-орнына салып, емдеген.
Емші – бұлар ауру-сырқауларды емдеп, адамдардың денсаулығы үшін қызмет еткен. Емшілер көкірек, буын, жүйке және балалар ауруын емдеудің әдіс-тәсілдерін меңгерген.
Үйші - киіз үй сүйектерін жасайтын үйшілердің қазақ қоғамында алатын орны өте жоғары. Қазақтың атын шығарған және оның ғасырлық баспанасы болған, әсемдің этнографиялық көрмелерде еуропалықтарды таң қалдырып, бірнеше дүркін жүлде алған киіз үйді осы үйшілер жасаған. Шеберлер үйді 4 қанатты 24, тіпті 30 қанатқа дейін құрастырып шығарған.
Ерші - қазақ елінің ең көп пайдаланатын мүлкі - кәдімгі ер. Оның шеберлерін халық «ерші» деп атаған. Ер қайың, емен, жөке сияқты қатты ағаштардан тұтас шабылып та немесе әр бөлшегі жеке-жеке құрастырылып жасалған. Мұндайды «Ер қосу» дейді. Ер қосылғаннан кейін оны былғарымен қаптап, алдыңғы қасын алтын, күміспен, сүйекпен зерлейді.
Бәдізші – тастан бұйым жасап, өрнек салатын адамдар . Олар көбінесе құлпытас қашап, диірмен жасау, тастан белгі орнату сияқты жұмыстармен айналысқан.
Зергер – алтын, күміс, асыл тастан тұратын әсемдік бұйымдарды жасайтын шебер. М, сақина, жүзік, қапсырма, өңіржиек, тана, сырға, кісе белбеу, күміс пышақ, т.б.
Өрімші – бұрын кең тараған, бұл күндері азайып келе жатқан сирек өнердің бірі. Олар көбінесе сиыр терісін илеп, одан көбіне ер тұрман әбзелдерін (қамшы, божы, тұсаман, шыбықты, бишік, шідер, шылбыр, жүген) жасаған. Өрімшілер иленген теріні таспалап тіліп, одан 3-тен бастап 40 таспаға дейін қамшы өрген.
Етікші – қой, ешкі , сиыр терілерін илеп, өндеп, етік, мәсі, кебіс сияқты аяқ киімдер тіккен. Аяқ киімдерді олар әр түрлі әсем жіптермен өрнектеп, яғни көксуырлап тіккен.
Тігінші – халақты ұлттық киім-кешектермен қамтамасыз етіп, киіндіруде тігіншілер атқарған жұмыстары өте зор. Бас киімдер, ішкі-сыртқы киімдер, соның ішінде қымбат тымақ, қаптал шапан, жылы ішік, әсем қамзол, желбіршек көйлек, ең ақыры жейде, ыстандарға дейінгі киімдерді тігіншілер тіккен.
Тоқымашы – кілем, алаша, басқұр, желбеу, таңғыштар тоқу арқылы жасайтын шеберлер. Текемет басу, оған әр түрлі ою салу, кестелеу сияқты қолөнердің түрлері бұрын ел ішінде жақсы дамып, оның шеберлерінің де қатары көп болған.
Ағаш шебері – ел ішінде ең көп дамыған өнер. Өйткені ел-жұрт ағаш бұйымдарын көп тұтынған. Ыдыс аяқ, күбі, бесік, адалбақан, ас, бұым сақтайтын қобди, сандық, абдыра, ең ақыры есік, терезеге дейңн ағаштан жасаған.
Ұста – темір соғып, одан өте қажетті бұйымдар мен заттар жасаған. Кетпен, күректен бастап, арбаға дейін ұста қолынан шыққан.
Шебер – он саусағынан өнер тамған шеберлер өткен ғасырларда, тіпті қазақ елінің тарихында өз тамаша туындылары арқылы халақ мұқтажын өтеп қан қойған жоқ. Сонымен бірге, қол өнері мен мәдени өнерді дамытуға теңдесі жоқ үлестерін қосты.
Қазақстан тарихы (Жаңа заманы) пәні бойынша тестілік тапсырмалар.
1. 1867-1868 ж.ж. реформа бойынша Орал және Торғай облыстары енген генерал- губернаторлық
1) Астрахань
2) Орынбор
3) Далалық
4) Батыс Сібір
5) Түркістан
2. Уақытша үкімет қандай әлеуметтік топтың мүддесін қорғады?
1) шаруалардың
2) жұмысшылар мен шаруалардың
3) буржуазияның
4) солдаттардың
5) жұмысшылардың
3. 1867-1868 ж.ж. реформа бойынша Қазақстанда қандай облыстар құрылды?
1) Ақмола, Семей.
2) Орал, Торғай, Семей.
3) Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Сырдария, Жетісу.
4) Ақмола, Семей, Жетісу.
5) Ақмола, Жетісу.
4. 1867-1868 ж.ж. реформа бойынша Қазақстанда полициялық билік және басқару билігі ақсақалдар қолына берілген облыс қалай аталады?
1) Торғай
2) Жетісу
3) Семей
4) Қостанай
5) Сырдария
5. 1867-1868 ж.ж. реформа бойынша салықтан кімдер босатылды?
1) батырлар
2) молдалар мен имамдар
3) байлар
4) билер
5) Шыңғысхан ұрпақтары.
6. Қазақтардың арасында алғашқы Орыс Географиялық қоғамының мүшесі болған кім? Оның аты Мұхаммед-Ханафия
1) Уәлиханов
2) Жантөрин
3) Бөкейханов
4) Кенесарин
5)Тынышпаев
7. 1868 ж. «Жетісуға шаруаларды қоныс аудару туралы Уақытша ережені» бекіткен кім?
1) Перовский
2) Веревкин
3) Рукин
4) Крыжановский
5) Г.А. Колпаковский
8. Александр ІІ «Орал, Торғай, Ақмола және Семей облыстарын уақытша басқару ережесі» туралы құжатты қашан бекітті?
1) 1868ж. 21 қыркүйекте.
2) 1868ж. 21 желтоқсанда.
3) 1868ж. 21 қарашада.
4) 1868ж. 21 тамызда.
5) 1868ж. 21 қазанда.
9. Қазақстанда 1886 жылғы ережеге сай құрылған төменгі сот буынын атаңыз?
1) Халық соттары.
2) Империялық сот.
3) Төтенше соттар.
4) Қазылар соты.
5) Билер соты.
10. 1870 ж. Маңғыстаудағы шаруалар көтерілісін басқарған?
1) Ж. Нұрмұхамедұлы және Е. Көтібарұлы.
2) Е. Дастайұлы және К. Қырайжігітұлы.
3) Б. Маяұлы және Бекметұлы.
4) С. Түркебайұлы және И. Тіленбайұлы.
5) Д. Тәжіұлы және И. Тіленбайұлы.
11. 1891 ж. «Ережеге» сай құрылған жергілікті мұсылман тұрғындарының ісін қарайтын төменгі сот буыны қалай аталады?
1) Соттар төтенше съезі.
2) Уездік сот.
3) Облыстық сот.
4) Халық соттары.
5) Бітістіруші сот.
12. ІІ Александр патша «Жетісу және Сырдария» облыстарының басқару ережесін қашан бекітті?
1) 1867 ж. 11 сәуір.
2) 1867 ж. 11 мамыр.
3) 1867 ж. 11 маусым.
4) 1867 ж. 11 наурыз.
5) 1867 ж. 11 шілде.
13. 1881 жылдың 24 ақпанында Петербор келісімшарты қабылданды. Оның бір бабында былай делінген: “Іле өлкесінің тұрғындарына қытай азаматтығында қазіргі мекенжайларында қалуына болады, немесе Ресей жеріне көшіп, Ресей азаматтығын алу құқы беріледі” Бұл бапта қай тұрғындар туралы айтылған:
1) Қызай руының қазақтары
2) Алтай өңірінің қазақтары
3) Қытайдың Іле өлкесіндегі қытайлардың отарлау саясатына қарсы өтеріліске қатысқан ұйғырлар мен дүнгендер
4) Іле сұлтаны тарапынан қысымшылықтан қорқатын қытай құлдары
5) Қытайда тұратын қазақтар мен қырғыздар
14. 1864 ж. Ресей өкіметінің Қоқан хандығына қарсы отрядын басқарған полковник:
1) М. Черняев
2) П. Капцевич
3) Г.А .Колпаковский
4) М. Перемышельский
5) К. Гутковский
15. Қоқан езгісіне қарсы ең ірі көтеріліс болған қай жер?
1) Шымкент маңында
2) Мерке маңында
3) Ұзынағаш маңында
4) Әулиеата маңында
5) Түркістан маңында
16. 1860 ж. Г.А.Колпаковский басқарған орыс әскерлері қоқан әскерлеріне қай жерде соққы берді?
1) Пішпекте
2) Ұзынағаш түбінде
3) Түркістанда
4) Әулиеатада
5) Тоқмақта
17. Ұлы жүздің әкімшілік орталығы Қапалдан Верныйға ауыстырылған жылын көрсет?
1) 1857 ж.
2) 1858 ж.
3) 1854 ж.
4) 1853 ж.
5) 1855 ж.
18. 1881-1883 ж.ж. Қазақстанға қанша дүнген қоныс аударды?
1) 10000
2) 15000
3) 12000
4) 5000
5) 20000
19. 1891 жылғы Ақмола, Семей, Жетісу, Орал, Торғай облыстарын басқару жөніндегі “Дала Ережесі” негізінен:
1) Қазақ өлкесін басқару жөніндегі мүлдем жаңа реформа болды
2) Қазақтар мен орыстардың арасындағы қарым-қатынастарды реттейтін негі3гі құжат
3) Бұрын қабылданған құжаттарға қосымша толықтырулар
4) Көшіп-қонуды реттейтін құжат
5) Әкімшілік басқару құжаты
20. 1881-1883 ж.ж. Қазақстанға қанша ұйғыр қоныс аударды?
1) 45000
2) 5000
3) 25000
4) 30000
5) 40000
21. “Уақытша Ереже” Маңғыстауға қай жылы енгізілді?
1) 1870 ж.
2) 1850 ж.
3) 1849 ж.
4) 1860 ж.
5) 1841 ж.
22 . Маңғыстауда 1870 ж. неше мыңға жуық адайлар шаңырағы қоныстанған?
1) 20 000
2) 10 000
3) 30 000
4) 15 000
5) 45 000
23. 1867-1868 ж.ж. революцияны дайындауға қатысқан, Жетісуды ол шетінен бұл шетіне аралап өткен кім?
1) Ш. Уалиханов
2) М. Левшин
3) А. Гейнс
4) М. Черняев
5) Г. Потанин
24. 1865 ж .Ресей империясының патшасы кім болды?
1) І Павел
2) ІІ Александр
3) Романовтар әулеті
4) А. Иоановна
5) А. Гейнс
25. XIXғ. ІІ-жартысында Қазақстанның экономикалық-әлеуметтік дамуына ықпал жасаған көрші мемлекет?
1) Англия
2) Қытай
3) Ресей
4) Франция
5) Германия
26. 1887 ж. Торғай облысында қыздар училищесі кімнің атсалысуымен ашылды?
1) М-Ж. Көпеев
2) А. Құнанбаев
3) Ш. Құдайбердіұлы
4) Ы. Алтынсарин
5) Х. Досмұхамедұлы
27. Революцияға дейінгі Қазақстанның басты темір жолын белгілеңіз?
1) Троицк-Қостанай
2) Түркістан-Сібір
3) Орынбор-Ташкент
4) Транссібір магистралі
5) Троицк-Ташкент
28. XVIII-XIX ғасырлардағы ғалымдар мен саяхатшылардың еңбектерінен қазақтардың қыс жағдайында мал бағу жүйесі қандай болғаны туралы оқуға болады. Қазақтар қатаң қыс жағдайында малын қалай сақтаған?
1) Алдымен жылқыларды жайған, олар қарды ашып, шөптердің басымен қоректенген, сосын ірі қара мал өсімдіктердің ортаңғы бөлігімен қоректенген, ал қой отарлары шөптің тамырына жақын қалдығымен қоректенген
2) Жайылымдарды мұз бен қардан күректермен және басқа да құрал-саймандармен тазалаған, аттарға арқанмен байланған ауыр бөренелерді пайдаланған
3) Жылқы табындарын қар үстін таптап өткізген
4) Осы аталған барлық әдістерді қолданған
5) Жылқылар тебіндеген
29. XIX ғ. 40 жылдарында тек қана казактар қоныстандырылған Жетісуда 60-шы жылдарда кімнің бастамасы бойынша “өлкені орыстандыру мақсатында” шаруаларды орналастыруға рұқсат етілді?
1) Ш. Уәлиханов
2) Г. Колпаковский
3) Рукин
4) А.И. Левшин
5) Т. Седельников
30. Қай жылдан бастап Ақмола облысында І-ші межелеу партиясы жұмыс істей бастады?
1) 1893 ж.
2) 1864 ж.
3) 1737 ж.
4) 1826 ж.
5) 1902 ж.
31. 1886 жылғы қабылданған Түркістан өлкесін басқару туралы жарғысына орыстың қай патшасы қол қойды?
1) ІІ Александр
2) Г. Колпаковский
3) Б. Годунов
4) ІІІ Александр
5) А. Ивановна
32. Жетісу облысы 6 уезден тұрғаны белгілі; олар қандай уездер?
1) Верный, Жаркент, Шымкент, Қапал, Ақшат, Тарбағатай
2) Верный, Қапал, Лепсі, Пішпек, Пржевальский, Жаркент
3) Пішпек, Верный, Пржевальский, Лепсі, Орал, Ақмола
4) Жаркени, Ақшатау, Тараз, Жетісу, Верный, Қызылорда
5) Орал, Ақтөбе, Сырдария, Верный, Лепсі, Жаркент
33.”Құлагер” әнінің авторын атаңыз?
1) Жаяу Мұса
2) Біржан сал
3) Ақан сері
4) Мұхит
5) Абай
34. 1891 жылғы Ереже жер мәселесі бойынша қандай сипатта болды?
1) Ашықтан ашық отаршылдық сипатта
2) Шаруалардың мүддесінде
3) Уақытша Ережеге сай келді
4) Үстем тапқа қиын болды
5) Жауаптар дұрыс емес
35. 1896 жылы Торғай облысында қанша болыс болды?
1) 68
2) 47
3) 51
4) 13
5) 24
36. ХІХ ғасырда қазақ ауылында “сауын қатынастары” кең тарады. Сауын дегеніміз не?
1) Жерді жалға беру
2) Кедейдің бай қожалыққа жұмыс істеуге жалдануы
3) Малды жайылмаға жалға беру
4) Батырақты мерзімдік жұмысқа бай шаруашылыққа жалдау
5) Жылқыны мал бағуға беру
37. 1867-68 жылдардағы әкімшілік реформа бойынша Қазақстан аумағы қанша генерал-губернаторлыққа қарады?
1) 6
2) 3
3) 5
4) 7
5) 1
38. Қай жылы Ақмола, Семей, Жетісу облыстары құрамында Дала генерал-губернаторлығы құрылды?
1) 1882 ж. 25 мамыр
2) 1864 ж. 1 тамыз
3) 1872 ж. 25 қараша
4) 1855 ж. 12 шілде
5) 1860 ж. 25 шілде
39. Түркістан әскери округы қай жылы құрылды?
1) 1832 ж
2) 1867 ж
3) 1855 ж
4) 1849 ж
5) 1861 ж
40.1870 жылы Маңғыстаудағы көтерілісті кім басқарды?
1) Беркін Оспанұлы және Сейіл Түркебайұлы
2) Досан Тәжіұлы және Иса Тіленбайұлы
3) Есет Көтібарұлы
4) Хангелді Арсыланұлы және Мұңайтпасұлы
5)Тұрар Рысқұлұлы
41. 1891 жылы «Ережеге» сай Дала генерал-гебернаторлығына кірген үш облыстың орталығы қай қала болды?
1) Торғай
2) Ақмола
3) Семей
4) Омбы
5) Орынбор
42. 1891 жылы егіннің шықпай қалуы туғызған қаржылық қиыншылық салдарынан жаңа ережені қай жылы және қай күні енгізу мүмкін болды?
1) 1891 ж. 25 наурыз
2) 1893 ж. 11 қазан
3) 1893 ж. 17 қараша
4) 1891 ж. 2 маусым
5) 1897 ж. 17 қараша
43. Түркістан өлкесін басқару туралы 1886 жылы 2 маусымда қол қойған жарлығы кең байтақ өлкені басқарудың бүкіл құрылымына реформа жасауды бастап берген қай патша?
1) Петр І
2) Николай ІІІ
3) Александр ІІІ
4) Екатерина ІІ
5) Павел ІІІ
44. Жаңа ережеге сәйкес Түркістан генерал губернаторлығына үш облыс: Сырдария, Ферғана, Самарқанд облыстары кіргізілді. Кейін 1897 жылы қай облыс жаңа генерал-губернаторлықтың құрамына берілді?
1) Торғай
2) Ақмола
3) Жетісу
4) Семей
5) Ташкент
45. Түркістан генерал-губернаторлығының басқару туралы 1867 жылғы Уақытша ереженің қолданылу мерзімі қай жылы бітті?
1) 1870 ж.
2) 1873 ж.
3) 1875 ж.
4) 1874 ж.
5) 1871 ж.
46. 1870 ж. Маңғыстауға Адай руларының көтерісшілері жеңіліске ұшыратқан округ приставының отряд басшысы кім?
1) Мартынов
2) Комаров
3) Веревкеин
4) Морозов
5) Рукин
47. ХІХ ғасырдың екінші жартысында орыс кәсіпкерлері бай кен орындарын өте арзан бағамен сатып алып жатты. Жезқазған кен орны қанша сомға сатып алынған еді?
1) 100 сом
2) 114 сом
3) 255 сом
4) 375 сом
5) 200 сом
48. 1886 ж. 2 маусымда “Түркістан өлкесін басқару жағдайы” туралы ережеге байланысты оның құрамына кірген облыстар:
1) Сырдария, Ферғана, Самарқанд
2) Шымкент, Орал
3) Шымкент, Ташкент
4) Верный, Перовск
5) Жетісу, Қапал, Черняев
49. 1867-1868 жылдардағы реформалар бойынша би соты неше деңгейден тұрды?
1) 5
2) 3
3) 4
4) 2
5) 8
50. Ұйғырлар мен дүнегендердің Жетісу мен Солтүстік Қырғызтанға көшірілуі қашан жүзеге асырылды?
1) 1881-1883 ж.ж.
2) 1881-1885 ж.ж.
3) 1883-1885 ж.ж.
4) 1877 ж.
5) 1888 ж.
51. 1867-1868 жылдарындағы ережемен билер неше жылға сайланды?
1) 2 жыл мерзімге
2) 1 жыл мерзімге
3) 4 жыл мерзімге
4) 3 жыл мерзімге
5) 7 жыл мерзімге
52. 1867-1868 жылдарындағы Уақытша ереже бойынша би болып сайлана алады -
1) Халықтың құрметі мен сеніміне ие болған, сот бойынша айыпты болып, жауапқа тартылмаған, туғанына кемінде 25 жыл толған кез келген адам
2) Ақсүйектер болып сайланғандар
3) Әскери шені бар адамдар
4) Әскери шені бар, 25-ке толған ақсүйек ұрпағы
5) Дұрыс жауабы жоқ
53. Маңғыстауда “Уақытша Ереже” қай жылы енгізілді?
1) 1860 ж.
2) 1880 ж.
3) 1870 ж.
4) 1850 ж.
5) 1890 ж.
54. Маңғыстаудың негізгі халқы қай рудан шыққан?
1) Тобықты
2) Адай
3) Қыпшақ
4) Қарақалпақ
5) Сүгір
55. 1868-1880 ж.ж. аралығындағы кезеңде Жетісуда қанша шаруа селолары пайда болды?
1) 30
2) 33
3) 35
4) 34
5) 36
56. Егер ХІХ ғасырдың аяғында тау-кен өнеркәсібінде 19 мың жұмысшы болса, 1902 жылға қарай олардың саны қанша болды?
1) 25 мың адам
2) 30 мың адам
3) 40 мың адам
4) 45 мың адам
5) 50 мың адам
57. Түркістан өлкесін басқару туралы 1886 жылғы 2 маусымда қол қойған жарлығы кең-байтақ өлкені басқарудың бүкіл құрылымына, реформа жасауды бастап берген қай патша?
1) І Павел
2) ІІ Александр
3) ІІІ Александар
4) ІІ Николай
5) ІІ Екатерина
58. 1870 ж. Маңғыстаудағы реформаға қарсы көтерісшілерді жеңіліске ұшыратқан округ приставының отряд басшысы?
1) Мартынов
2) Комаров
3) Веревкин
4) Морозов
5) Рукин
59. Досан Тәжіұлы және Иса Тіленбайұлы басқарған Маңғыстаудағы көтеріліс қай жылы болды?
1) 1875 ж.
2) 1885 ж.
3) 1880 ж.
4) 1870 ж.
5) 1873 ж.
-
Қытаймен Петербург шарты бойынша, Ресей Монғолияның бүкіл аумағында баж салынбайтын саудаға және қобда мен Улясутамда консулдықтар құруға қай жылы құқығын алды?
1) 1888 ж.
2) 1884 ж.
3) 1881 ж.
4) 1886 ж.
5) 1880 ж.
-
Қазақстанның көршілес Қытаймен сауданың даму шарттарының бірі не болды?
1) Нәсілдік ұқсастығы
2) Шекараластық
3) Саяси жағдай
4) Аумақтық шектестігі
5) Демографиялық жағдай
-
Қазақстанға Қытай экспортының ең басты бөлігін қандай тауар құрады?
1) Шай
2) Қант
3) Бидай
4) Ұн
5) Жібек
-
Жәрмеңкемен сауданың тұрақтылығын немен түсіндіруге болады?
1) Ең алдымен рынокты малмен қамтымас етуші қазақтар мен малмен сауда жасаушылар тұрақты саудасы
2) Бұл жәрмеңкемен сауданың қалыптасқан дәстүрлі талаптармен көшпелілердің жеткілікті түрде болуы
3) Сол кездегі даладағы байырғы мекеменің көшпелі тұрмыс салты
4) Жәрмеңке көшпелі халыққа өте қажетті күнделікті тұтынылатын тауарларды ұсынуы
5) Жауаптардың бәрі дұрыс
-
Ресей, Орталық Азия, Сібір, Оңтүстік Оралдан, Моңғолиядан Қазақстанның әртүрлі аудандарынан саудагерлерді тартқан ірі жәрмеңкелер -
1) Қарқаралы уезінде
2) Атбасар-Петровск
3) Қоянды Батов
4) Верный-Қарқара
5) Бәрі дұрыс
-
Ресей империясының қазақ жерлерін толығымен отарлау кезеңі қай жылдары болды?
1) 18 ғасырдың 30-40 жылдары
2) 18 ғасырдың елуінші жылдары – 19 ғасырдың басы
3) 19 ғасырдың 20-шы жылдары – 50-ші жылдарының ортасы
4) 18 ғасырдың аяғы
5) 19 ғасырдың 50-ші жылдарының аяғы мен 60-шы жылдары
-
XIX ғ-ң аяғында ашылған ірі жәрмеңкелердің бірі?
1) Қарқара
2) Қытай
3) Монғолия
4) Торғай
5) Ресей
-
Ш. Уәлиханов қай оқу орнын бітірген?
1) Неплюев кадет корпусы
2) Троицк кадет корпусы
3) Петербор императорлық әскери мектебінің Омбыдағы филиалы
4) Омбы кадет корпусы
5) Дұрыс жауабы жоқ
-
Мал шаруашылығы шикізатын өңдеу жөніндегі алғашқы кәсіптердің негізгі ошақтары?
1) Павлодар-Семей
2) Сырдария
3) Ақмола-Семей
4) Павлодар
5) Зайсан-Семей
-
19 ғасырдың 20-60 жылдарындағы оқиғаларға байланысты туындаған шығармаларды анықтаңыз.
1) “Батыр Нияз”, “Айман-Шолпан”, “Бекет батыр”, “Кенесары-аурызбай”
2) “Айман-Шолпан”, “Қозы Көрпеш-Баян сұлу”, “Бекет батыр”
3) “Қобыланды батыр”, “Кенесары-Наурызбай”
4) “Ер Сайын”, “Ер Едіге”, “Бекет батыр”
5) “Едіге батыр”
-
Табиғи ресурстарға өте бай Қазақстан біртіндеп қалыптасып жатқан өнеркәсіптік келбеті 1-ші қай саламен анықталды?
1) Кен зауыт
2) Тұз өнеркәсібі
3) Темір өнеркәсібі
4) Мұнай
5) Көмір
-
Қай жылы Семей облысының Павлодар уезінде “Воскресенск” кен өнеркәсібі қоғамы құрылды?
1) 1896 ж.
2) 1894 ж.
3) 1892 ж.
4) 1895 ж.
5) 1898 ж.
72. 1897жылғы Ресей империясының Бірінші жалпыға бірдей халық санағына сай, бүкіл Қазақстан бойынша қазақтардың саны қанша болды?
1) 90,7%
2) 81.7%
3) 67,7%
4) 50,7%
5) 45,7%
-
1899 ж. Торғай облысының құрамына кірген солтүстікте өндірілген тауарлардың сомасы 99090 сомға жетті, ал қанша сол жылы өнеркәсіп жұмыс істеді?
1) 270
2) 250
3) 272
4) 265
5) 271
74. 1871 ж.ең көп капиталды Петропавлдағы құрылған банк қалай аталады?
1) Қалалық қоғамдық банкі
2) Мемлекеттік банкі
3) Сібір сауда банкі
4) Қазақстан банкі
5) Петропавл банкі
75. Шағын кәсіпшіліктер Қазақстанда қашан пайда болды?
1) XX ғ.басы
2) XXI ғ.
3) XIX ғ. аяғы
4) XIX ғ.
5) XVIII ғ.соңы
76. XIX ғ.жазғы және күзгі болып бөлінген жәрмеңкелер саны бойынша қай облыс жетекші жағдайда болды?
1) Қарақаралы уезі
2) Верный
3) Жаркент қаласы
4) Семей уезі
5) Ақмола
77. Айырбасты сауданы көбінесе кімдер жасады?
1) Отырықшылар
2) Қала адамдары
3) Жатақтар
4) Көшпелілер
5) Егіншілер
78. XIX ғ. аяғында қай ғалым XV-XVI ғ.ғ.Қазақ хандығы тарихы және XVIII ғ. ортасындағы Кіші жүз тарихына көңіл бөлді
1) И. Мушкетов
2) Н. Северцев
3) А. Левшин
4) Н. Арисов
5) В. Вельяминов-Зернов
79. 1867-1868 ж.ж. реформаның отаршыл сипатына қарсы Қазақстанның қай бөлігінде көтеріліс, толқулар болды?
1) Сыр бойы мен Семейде
2) Жетісуда
3) Ақмола мен Семейде
4) Сыр бойы мен Ақмолада
5) Орал мен Торғайда
80. 1860 ж. Қазақстанда құрылған орыстың тұңғыш коммерциялық фирмасы қалай аталды?
1) “Савва Морозов және оның ұлдары”
2) “Ургада” (Улан-батор)
3) “Маньчжур”
4) “Константиновск-Еленовск”
5) Дұрыс жауап жоқ
Достарыңызбен бөлісу: |