Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мүБӘрак рамазан алматы 2013 ж



Pdf көрінісі
бет39/42
Дата13.10.2024
өлшемі0.81 Mb.
#504628
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42
279544 1387344107

Оқылу үлгісі: «Аллаһумма салли ала Мухаммад 
уа алә әли Мухаммад кәмә саллайта алә Ибраһим уа алә 
әли Ибраһим иннәкә хамидун мәжид. Аллаһумма бәрик 
ала Мухаммад уа алә әли Мухаммад кәмә бәрәкта алә 
Ибраһим уа алә әли Ибраһим иннәкә хамидун мәжид». 


74
75
§4 ОРАЗА АЙТЫ
Атақты ғұлама Ибн Абидин былай дейді: 
«Айттың ъиид аталу себебі оның «қарымта» деген 
мағынасына байланысты. Өйткені Алла Тағала 
онда әрбір игілік иесіне жасаған ихсан-игіліктерінің 
қарымтасын қайтарады. Яғни ораза айындағы ішіп-
жемнен тыйылудан, пітір садақасынан соң осы 
игіліктердің қарымтасы ретінде және қажылық 
рәсімдерінің қарымтасы ретінде қуаныш, шаттық 
күндері етіп айт мейрамдарын белгіледі. Және ондағы 
қуаныш шаттық, белсенділік әдеттеріне орай да солай 
аталған болу керек».
Айт намазын оқу һижраның бірінші жылынан 
бастап шариғатқа енді. Әнес ибн Мәлік (р.а.) былай 
деп риуаят еткен: «Алла Елшісі (с.а.с.) Мәдинаға 
келгенде қала жұртының екі күн тойлайтын мейрамы 
бар еді. Пайғамбар (с.а.с.) олардан: «Бұл екі күн қандай 
күн?» – деп сұрағанда мәдиналықтар: «Бұл екі күнді 
жәһилиет дәуірінде осылай тойлаушы едік», – деді. 
Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): «Алла сендерге ол екеуін 
олардан да қайырлы екі күнмен ауыстырды: құрбан және 
ораза айт күндерімен», – деген.
Айт намазының шариғаттағы үкімі
Алла Тағала былай дейді: «Сендерді тура жолға 
салған Аллаға шүкірлік етулерің үшін санын 
толтырыңдар. Әрі Алланы ұлықтаңдар» (Бақара, 
185).
Аяттағы Алланы ұлықтаудың мағынасы айт 
намазын оқуды білдіреді. Ұлы имам Әбу Ханифа 
мазһабының ғалымдары айт намаздары жұма намазы 
уәжіп болған адамдарға уәжіп деген үкімге тоқталған. 
Шарттары да нақ сол жұма намазының шарттарындай. 
Тек мұнда хұтпаның намаздан соң айтылуы сүннет. 
Пайғамбардың (с.а.с.) өз өмірінде оны қалдырмай 
ұдайы түрде орындауы айт намазының уәжіптігіне 
дәлел. Ханафи фиқһындағы уәжіп терминінің 
мағынасы Құран мен сүннеттен міндеттілігіне шүбәлі 
дәлелмен дәлелденген іс дегенді білдіреді. Уәжіптің 
үкімі әдейі тастап кетсе күнәлі болады, бірақ кәпір 
болмайды. Уәжіп амалдарға үтір, айт намаздары, 
пітір садақасы т.б. амалдар жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет