6
7
Жебірейіл періште (а.с.) келіп, Құранның алғашқы
аяттарын уахи етті. Сол түн мың айдан қадірлі Қадір
түні еді.
Иләһи пәрменнің мәніне үңілсек, рамазан
айының туғанына көрген, сол кезде тірі болған әрбір
мұсылманға ораза тұту парыз екендігін аңғарамыз.
Алла Тағала Өзінің қалауымен ораза құлшылығы
үшін жыл-он екі айдың ішінен рамазан айын таңдаған
екен. Олай болса, осынау
таңдаулы айдың өзіне тән
артықшылықтары да бар. Хақ Тағала ерекше айдағы
ғибадатты бұлжытпай орындаған құлдарының
мәртебесін де ерекше биіктетіп, мерейін асыруға уәде
еткен.
Енді осы айдың туғанын көре тұра оразаға
кіріспеген жан күнәһар болып есептеледі. Өйткені
ол Алла Тағаланың әмірін орындамай, оған жүрдім-
бардым, салғырт қараған. Ал мұндай жүгенсіздік
Жаратушы Хақ Тағаланың ашу-ызасын тудырып,
қаһарына ұшырауға себеп болуы ықтимал. Өйткені
аталмыш аятта иман
келтірген әрбір жаннан егер
сол айға аман-сау жетсе, ораза тұту талап етілді. Ал
Алланың әмірін екі етуге болмайды. Дініне салғырт-
салақ болып, соның себебінен ғибадаттан, Раббының
рахымына жеткізетін үлкен нығметтерден мақұрым
қалып жүрген мұсылмандарды Жаратқан Ие тура
жолға бастасын.
Аталған аятта Алла Тағаланың иман келтір-
гендерге тек жақсылық, жеңілдік қалайтындығы
айтылады. Расында да асыл дініміз үкімдерінде
қиындық жоқ. Бұл тұрғыда Пайғамбарымыз (с.а.с.):
«Шындығында дін – жеңіл», – деген. Ислам дініндегі
әрбір ғибадаттың, парыздың оңтайлы тұстары бар.
Өйткені аятта айтылғандай, Хақ Тағала пенделеріне
ауыр істі жүктеп,
қиындыққа душар етуді
қаламайды. Сондықтан егер бір кісі рамазан айында
науқас болса немесе сапарда жүрсе, кейінірек
сауыққанда немесе еліне қайтқанда қазасын өтеуіне
болады. Бұл Алла Тағала тарапынан берілген үлкен
нығмет, жеңілдік. Аяғы ауыр немесе етеккірі келген
әйелдердің үкімі де науқас жандыкіне ұқсас.
Сондай-ақ, отыз күн ораза тұтқан мүміндер
құлшылықты абыройлы орындап болған соң
Жаратқанға шүкірлері мен зікірлерін айтуы тиіс.
Тура жолға салып, дүниедегі ең басты бақыт – Ислам
дінінде болу нығметін сыйлағаны үшін әрі оразаны
аман-есен тұтуды нәсіп еткені үшін Жаратқанды
ұлықтап, тәкбір айтулары керек,
Ораза айтын
лайықты түрде тойлауы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: