С: Иғтикәфін жұма намазы оқылмайтын кіш-
кентай мешітте жасаса жұма намазын қалай оқиды?
Ж: Жұма оқылатын мешітке барып оқып,
иғтикәфіне қайта оралады.
С: Иғтикәф жасаушыға не істеуге болады?
Ж: Оған мешітте ішуіне, жеуіне, ұйықтауына
болады. Мешіттің ішінде отырып, тауарды әкелмей
сауда істерін басқаруына болады.
С: Кейбір иғтикәф жасаушылардың сөйлемей
жүргендерін көреміз. Сөйлеу иғтикәфке керағар нәрсе
деп ойлайтындар да бар. Бұл жөнінде ғұламалар не
дейді?
Ж: Иғтикәф кезінде сөйлеуге, жақсы сөз айтуға
болады. Ал жаман сөз сөйлеуге қай уақытта да
тыйым салынғаны белгілі. Иғтикәфтың шарты екен
деп ойлап үндемей отыру мәкруһ.
Пітір садақасы С: Пітір садақасының үкімі қандай?
Ж: Пітір садақасы баспанасы, жиһаздары, көлігі,
құралдары мен киер киімінен бөлек артық мал-мүлкі
бар кез келген азат мұсылманға уәжіп.
С: Пітір садақасын кімдердің атынан шығарады?
Ж: Өзінің, жас балаларының, кәпір болса да
қызметші құлдарының атынан шығарады.
С: Жас баласының өзіне тиесілі мал-мүлкі болса
әкесі пітір садақасын соның есебінен шығара ма, әлде
өз малынан шығара ма?
Ж: Баланың мал-мүлкі болса содан шығарады.
Ал болмаса әкесі өзінің малынан шығарады.
С: Әйел мен балаларының атынан пітір садақасын
беруге бола ма?
Ж: Әрқайсысы өзі бергені дұрыс. Алайда
барлығының атынан отағасы берсе болады.
С: Пітір садақасын қашан беру керек?
Ж: Пітір садақасын беру рамазан айы бастал-
ғаннан берсе болады. Бірақ ораза айтының бірінші
күні таң атқаннан бастап беру уәжіп іс. Сол уақыттан
бұрын қайтыс болған кісі үшін пітір садақасын беру
міндетті емес. Сол сияқты таң атқанда иман келтірген
44
45
адам үшін немесе таң атқан соң туған бала үшін пітір
садақасын беру де уәжіп емес.