58
59
«Сондай жаратқан Раббыңның атымен оқы!
Ол адам баласын ұйыған қаннан жаратқан. Оқы! Ол
Раббың аса ардақты. Сондай қаламмен үйреткен.
Адамзатқа білмеген нәрселерін үйреткен».
Қатты қорыққан Пайғамбар (с.а.с.) жүрегі дірілдеп
үйіне жүгіріп барады.
Жұбайы Хадиша анамызға
(р.а.) бара сала «Мені орап тастаңдар! Мені орап
тастаңдар!» дейді. Олар Пайғамбарымыздың (с.а.с.)
қорқынышы сейілгенше оны жылы орап тастайды.
Пайғамбар (с.а.с) өзі үшін қатты қорыққандығын
айтады. Сонда Хадиша анамыз (р.а.): «Қорықпа.
Сені Алла қор қылмас.
Өйткені сен тек ізгі істер
істейсің, туысқандарыңмен байланысыңды үзбейсің,
қиындықтарды көтере білесің, жарлы-жақыбайға
болысып, қонақтарға жомарттық көрсетесің» дейді.
Сосын Хадиша анамыз (р.а.)
Уарақа ибн Нуфил
деген бір білімдар туысын шақырып, болған жайды
баяндайды. Ол шынайы насара дінінде болатын.
Қасиетті кітаптарды оқи алатын.
Бірақ біраз жасқа
келіп қартайған шағы еді. Көзі де көрмей қалған.
Уарақа Пайғамбардың (с.а.с.) басынан өткен нәрсені
өз аузынан естіген соң: «Сенің көргенің Мұсаға түскен
Намус, яғни Жебірейіл періште. Әттең, сені өзіңнің
қауымың еліңнен қуып шыққанда тірі болсам ғой», –
дейді. Сонда Пайғамбар (с.а.с.) таңданып: «Сонда мені
өзімнің елім қуып шыға ма», – деп сұрайды.
Сонда
әлгі білімдар кісі: «Иә, Жебірейіл келген әрбір адам
(пайғамбар) қиын-қыспаққа түсіп, елінен қуылады.
Егер сол уақытқа жетсем саған көмектесер едім», –
дейді.
Расында да Уарақа ибн Нуфил айтқаны дәл келеді.
Хира үңгірінен басталған нұр бүкіл әлемге таралады.
Пайғамбар (с.а.с.) өз руластарынан, жақындарынан
көп құқай көреді.
Адамзатты адасудан, шайтанның азғыруынан
құтқарушы Құран осылай түскен еді. Алланың кәләмі
Кәрім Пайғамбарға (с.а.с.) осы кезден бастап жиырма
үш жыл бойы үзік-үзік болып нәзіл болды.
Қадір сүресінің бірінші аяты Құран Кәрімнің нақ
осы Қадір түні түскенін
айқындап, оның бұрыннан
құрметті, аса мәртебелі түн екендігін білдіріп тұр.
Кейбір ғұламалардың айтуынша,
Алла Тағала тара-
пынан түсірілген бұрынғы қасиетті кітаптар да осы
берекелі рамазан айында түсірілген. Ибраһимге (а.с.)
қасиетті парақшалар, Мұсаға (а.с.) Тәурат, Исаға (а.с.)
Інжіл берілген. Ал осы мүбәрәк айдың ішіндегі Қадір
түні барша адамзатқа Алла Тағаланың ең соңғы
жолдауы – Құран Кәрім жіберілді.
Ендеше Қадір сүресінің
алғашқы аяты Құран
Кәрімнің осы Қадір түні түсірілгендігін айқындап,
осынау түннің айрықша дәрежесін биіктетіп тұр.
Келесі аяттарда бұл түннің аса қасиетті түн екендігі
паш етіледі.
Екінші аятта
Алла Тағала Пайғамбарымыз
Мұхаммедтен (с.а.с.) және барша мүміндерден Қадір
түнінің қандай түн екендігін сұрайды.
«Қадір түнінің
Достарыңызбен бөлісу: