Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мүБӘрак рамазан алматы 2013 ж



Pdf көрінісі
бет6/42
Дата13.10.2024
өлшемі0.81 Mb.
#504628
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42
279544 1387344107

Айрықша құлшылықтар айы
Бұдан бұрын айтылған хадисте былай делінген: 
«Осы айда Аллаға бір ізгі қасиетпен жақындаған жан 
басқа уақытта парыз орындағандай. Ал осы айда парыз 
амалын орындаған адам басқа уақытта жетпіс парыз 
орындағандай». Атақты ғұлама Ибн Ражаб әл-Ханбали 
өзінің «Латаифул-маъариф» атты кітабында былай 
дейді: «Ізгі амалдың сауабының ерекше еселенуінің 
себептері бар. Біріншісі, ізгілік жасалған жерге 
қатысты. Яғни орынның құрметтілігіне қарай 
онда орындалған іс-амалдың сауабы да еселенеді. 


14
15
Сондықтан да Мекке мен Мәдинадағы қасиетті 
мешіттерде оқылған намаздың сауабы айрықша. 
Пайғамбар (с.а.с.): «Менің мешітімде оқылған бір 
намаз әл-Харам мешітінен өзге мешіттерде оқылған 
мың намаздан артық», – деген. Қасиетті мешіттерде 
орындалған ғибадаттардың сауабы да үлкен.
Ізгі амалдың сауабының еселенуінің тағы бір 
сыры оның орындалған уақытына байланысты. 
Мысалы, зул-хижжа айының алғашқы онкүндігінде 
және рамазан айында жасалған қайырлы істердің 
мәртебесі биік. Бір хадисте «Қай садақа қайырлы?» 
– деп сұраған кісіге Пайғамбар (с.а.с.): «Рамазан 
айында берілген садақа», – деп жауап берген». Басқа 
бір хадисте адамзаттың ардақтысы (с.а.с.): «Рамазан 
айында орындалған ұмраның сауабы қажылықпен тең», 
– деген.
Олай болса, ақылды адам ұлық айдың осындай 
шарапатынан құр қалмаса керек.
Тәубе айы
Рамазан айы жылына бір рет келетін зор 
мүмкіндік. Ғибадат айында ерекше рухани атмос-
ферада іс-амалдарды електен өткізіп, иманды 
жаңартуға, ізгілік істер арқылы жүректі жұмсартуға 
болады. Ал осы бір мүмкіндікті кәдеге жарата алмау 
нағыз дімкәстікті білдіреді.
Әл-Хаким таратқан риуаят бойынша бірде 
Пайғамбар (с.а.с.) сахабаларына мінберді әкелуге 
бұйырады. Сосын әкелінген мінберге көтеріліп 
бара жатып: «Әмин», – деп үш рет айтады. Сосын 
қайтадан төмен түседі. Сахабалары мұның мәнісін 
сұрайды. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.) былай дейді: 
«Маған Жебірейіл (а.с.) көрініп: «Рамазанға жетсе де, 
күнәсі кешірілмеген жан аулақ кетсін!» – деді. Мен: 
«Әмин», – дедім. Екінші мәрте көтерілгенімде: «Сенің 
есімің аталғанда салауат айтпаған жан аулақ кетсін!» 
– деді. Мен: «Әмин», – дедім. Үшінші мәрте көтеріле 
бергенімде: «Ата-анасының екеуі, не біреуі көз алдында 
қартая тұра, жұмаққа кіруіне себепкер бола алмаған 
(ата-анасына лайықты қызмет ете алмаған) жан аулақ 
кетсін!» – деді. Мен тағы да: «Әмин» – дедім».


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет