12
13
Ақиқатында, сен – Алланың Елшісісің!» – деп көзден
ғайып болады.
Кітаптардың кітабы Құран Кәрім Пайғамбарға
(с.а.с.) сол түннен бастап жиырма үш жыл бойы
түсірілді. Алла Тағала
Құранның қадірі хақында
былай дейді:
«Уа, адамдар! Сендерге Раббыларың
тарапынан бір үгіт, жүректерге шипа және иман
келтіргендер үшін тура жол бастаушы әрі рахым
(Құран) түсті» (Жүніс, 57);
«Расында, осы Құран ең
тура жолға бастайды» (Исра, 9).
Пайғамбар (с.а.с.) үмбетіне Қасиетті Құран мен
өзінің сүннетін бекем
ұстануды аманат етіп былай
деген:
«Мен сендерге егер нық ұстасаңдар еш адаспайтын
екі нәрсе қалдырып барамын, ол – Алланың Кітабы
(Құран Кәрім) және менің сүннетім».
Алланың Елшісі (с.а.с.) бізге Құран Кәрімді ұдайы
оқып-үйренуді, жаттауды,
ондағы ұлағатқа амал
етуді бұйырды. Ондағы әрбір әріпте үлкен сауап бар
екендігін айтты:
«Сендердің ең қайырлыларың Құранды
үйреніп және басқаға үйреткендерің»; «Құраннан бір
әріп оқыған адамға бір жақсылық жазылады. Ал әрбір
жақсылықтың сауабы он еселенеді. Мен «Әлиф. Ләм.
Мим» бір әріп деп айтпаймын. Әлиф – бір әріп, ләм – бір
әріп, мим – бір әріп».
Рамазан айында Құран Кәрімге ерекше ден
қоюымыз керек. Себебі, осы айда Құран түскен. Осы
айда Жебірейіл періште (а.с.)
Алланың Елшісіне
(с.а.с.) келіп, Құран Кәрімді қайталап үйрететін.
Хақ Тағаланың Кітабын үйрену, Елшісін (с.а.с.)
сүю тәрбиенің негізгі қайнар көздері. Имам Табарани
таратқан хадисте былай делінген:
«Балаларыңды үш
түрлі қасиетке баулыңдар: Пайғамбарларыңды сүюге,
оның әулетін сүюге және Құран оқуға. Шындығында,
Құранды жаттағандар ешқандай көлеңке болмайтын
Қиямет күні Алланың Аршысының көлеңкесінде
болады».
Сонымен бірге, Қиямет күні
әрбір мұсылманға
тұтқан оразасы мен оқыған Құраны шапағатшы болады
екен. Имам Ахмет риуаят еткен хадисте Пайғамбар
(с.а.с.) былай дейді:
«Қияметтің күні Раббының
алдында ораза мен Құран пендеге арашашы болады. Ораза:
«Раббым! Мен оны күндіз ішіп-жемнен тыйған едім.
Енді мен оған арашашы болайын», – дейді. Құран болса:
«Мен оны түнде ұйқысынан айырып едім сол үшін оған
арашашы болайын», – дейді. Сөйтіп, екеуінің де шапағаты
қабыл етіледі».
Ислам
тарихындағы ғұламалар, ізгі пенделер
рамазан айында Құран Кәрімге ерекше ден қойып,
түгел оқып, зерделейтін болған. Төл мазһабымыздың
көшбасшысы, ұлық
имам Әбу Ханифа рамазан
айында Құранды бірнеше мәрте хатым еткен.
Достарыңызбен бөлісу: