Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы оразағА Қатысты 200 СҰРАҚ Нұр-Сұлтан 2022



Pdf көрінісі
бет45/60
Дата24.03.2024
өлшемі1.03 Mb.
#496354
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   60
ОРАЗАҒА 200 СҰРАҚ

Пітір садақасы


61
Сұрақ:
Пітір садақа қалай есептеледі?
Жауап: 
Пітір садақа 2 келі бидай (ұн, талқан т.б.) не 
мейізбен немесе 4 келі құрма не арпамен есептеледі. 
Дегенмен, қазіргі жағдайда мұқтаждың көп қажетін өтеу 
үшін, азық-түліктің орнына пітір садақаның құнын бергені 
абзал. Қазіргі таңда бидайдың өзі емес, ұн, талқан секілді 
оның өнімдері кең қолданылады. Сол себепті Қазақстан 
мұсылмандары діни басқармасы пітір садақаны ұнмен 
есептеуге пәтуа шығарды. Өйткені шариғатта бидаймен 
қатар оның өнімдерімен де пітір садақа беруге рұқсат 
етіледі.
Сұрақ:
Пітір садақасы кімдерге берілуі тиіс?
Жауап: 
Пітір садақаны Құранда айтылған жағдайы 
жоқ жандарға, ештеңесі жоқ міскінге, зекет жинауға 
тағайындалған белгілі адамдарға, қарызға батқандарға, 
Алла жолында қызмет етіп жүрген азаматтарға, қаржылары 
бітіп, жолда қалған жолаушыларға беріледі. Әке-шешесіне, 
ата-әжесіне, әйеліне, өзінің ұл-қыздарына, олардан туған 
немерелеріне садақа беру дұрыс емес. Бірақ пітір садақаны 
алдымен өз туыстарына, ағайындарына, көршілеріне бергені 
абзал. Одан артылып жатса немесе беретін жері болмаса, 
мешітке апарып берсе де болады. Бұл үрдіс бізде бұрыннан 
қалыптасқан. Мешіт оны мұқтаж жандарға үлестіреді және 
дін жолында пайдаланады.
Сұрақ:
Пітір садақаны қай уақытқа дейін беру қажет?
Жауап: 
Фиқһ ғалымдары пітір садақасын айт күні таң 
атқан соң айт намазын оқымай тұрып беру ұнамды амал 
дейді. Алайда, пітір садақаны Рамазан айы кіргеннен 
бастап, Ораза айт намазына дейін беруге болады. Көптеген 
адамдар соңғы күні пітір садақа беруді ұмытып, уақытынан 
кешіктіріп жатады. Сондықтан Рамазан айының ішінде пітір 
Пітір садақасы


62
садақасын беруге болатындығын ескерген жөн. Уақытында 
бере алмаған жағдайда кешіктіріп болса да пітір садақасын 
міндетті түрде беруі тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   60




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет