Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы оразағА Қатысты 200 СҰРАҚ Нұр-Сұлтан 2022



Pdf көрінісі
бет2/60
Дата24.03.2024
өлшемі1.03 Mb.
#496354
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60
ОРАЗАҒА 200 СҰРАҚ

РАМАЗАН ОРАЗАСЫНА ҚАТЫСТЫ
Сұрақ:
Ораза сөзінің анықтамасы қандай?
Жауап: 
Ораза сөзінің араб тіліндегі баламасы – «саум». 
Бұл – барлық нәрседен тыйылу деген мағынаны білдіреді. 
Ал шариғат терминінде – ораза ұстауға ниет етіп, көкжиекте 
көлденең атқан таңнан бастап, күн батқанға дейін ішіп-
жеуден және төсек қатынасынан тыйылу.
Сұрақ:
Рамазан оразасының парыздығына дәлел бар 
ма? 
Жауап: 
Рамазан оразасы – Исламдағы бес парыздың 
бірі. «Бақара» сүресінің 183-аятында Алла Тағала: 
«Уа, 
иман келтіргендер! Ораза бұрынғыларға парыз етілгендей, 
сендерге де парыз етілді», – деп бұйырады. Пайғамбарымыз 
(оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өз хадисінде: 
«Ислам бес негізге құрылған: Алладан басқа құдай жоқ 
екеніне, Мұхаммед Алланың құлы әрі Елшісі екеніне куәлік 
ету, намаз оқу, зекет беру, рамазан оразасын ұстау және 
шамасы жетсе қажылыққа бару», – деген 
(Бұхари)
.
Сұрақ:__Рамазан_оразасы_қашан_парыз_болды_Жауап'>Сұрақ:
Рамазан оразасы қашан парыз болды? 
Жауап: 
Рамазан оразасы Пайғамбарымыз (оған Алланың 
салауаты мен сәлемі болсын) Меккеден Мәдинаға қоныс 
аударған соң һижраның екінші жылы (миләди 624) парыз 
болды. Осы жылдан бастап мұсылмандар рамазан айында 
парыз оразаны ұстай бастады. 
Сұрақ:
Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі 
болсын) өмірінде неше рет парыз оразасын ұстаған? 
Жауап: 
Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен 
сәлемі болсын) өмірінде тоғыз рет ораза ұстаған.


6
Сұрақ:
Рамазан оразасының қандай пайдалары бар? 
Жауап: 
Басқа ғибадаттар секілді оразаның да адам 
баласы үшін сан түрлі пайдалары бар. Бірінші кезекте
ораза ұстаушы Алла Тағалаға бойұсыну арқылы өз 
бойына тақуалық дәнін егеді. Ораза – адамға өнегелі 
мінезді үйрететін тәрбие мектебі. Оразаның көмегімен 
адам жағымсыз әдеттерден арылады. Ораза сабырлы 
болуды және жүйелілік пен тәртіпті үйретеді. Аузы берік 
жан айналасындағы аш-жалаңаштардың күйіне еніп, 
бойындағы мейірімділік, жанашырлық, бауырмалдылық 
секілді сезімдерді оятады. Ораза – нәпсімен күрес әдісі. 
Бір ай бойы құмарлықтарымен күрескен адам бұл күрестің 
салиқалы өмірі мен ақырет бақыты үшін маңыздылығын 
түсініп, бірте-бірте нәпсісіне толық иелік етуге ұмтылады. 
Сондай-ақ рамазан айында Алла Тағаланың құлдарына 
деген рақымы мен мейірімі басқа айларға қарағанда 
ерекше болатынына көзі жетеді. Бұл кеңшіліктер құлдың 
Раббысына деген махаббатын арттырып, жасаған күнәлары 
үшін ұялуына, кешірім сұрап, тәубеге келуіне орасан 
септігін тигізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет