Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы оразағА Қатысты 200 СҰРАҚ Нұр-Сұлтан 2022


Сұрақ: Ораза кезінде жүрегі айнып құсса, ораза бұзыла



Pdf көрінісі
бет19/60
Дата24.03.2024
өлшемі1.03 Mb.
#496354
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   60
ОРАЗАҒА 200 СҰРАҚ

Сұрақ:
Ораза кезінде жүрегі айнып құсса, ораза бұзыла 
ма?
Жауап: 
Хадисте: «Кім еркінен тыс құсып қойған болса
оразасының орнын толтырмайды. Ал кімде-кім әдейілеп 
құсқан болса, сол күннің қазасын өтейді», – делінген 
(Әбу Дәуід). Демек еріксіз құсса, оразасы бұзылмайды. 
Ауыз толтырып құсқан жағдайда, жұтылсын-жұтылмасын, 
оразаны бұзады.
Сұрақ:
Ғайбат айту, өсек тасу немесе біреуге тіл тигізу 
оразаны бұза ма?
Жауап: 
Шариғатта біреудің сыртынан жамандап ғайбат 
айту, сөз тасу – үлкен күнә. Алайда оразаны бұзбайды. 
Хадисте: «Кімде-кім ораза ұстағанымен жаман әдеттерден 
тыйылмаса, оның оразасы бекер», – десе, басқа бір 
риуаятта: «Ораза – тозақтың қалқаны. Ғайбат айту 
арқылы бұзбайынша ораза оны қорғайды», – деген сияқты 
хадистердің мағынасын ғалымдар бір ауыздан ораза 
бұзады деп айтпаған. Алайда оразаның сауабын кемітеді 
деп түсіндірген. Демек оразаның негізгі хикметі тек ішіп-
жеуден ғана тыйылу емес. Сонымен қатар ғайбат, өсек, 
өтірік айту сияқты түрлі күнәлардан да тыйылу міндетті 
екендігін естен шығармаған жөн.
Оразаны бұзатын және бұзбайтын жағдайлар


28
ОРАЗАҒА ҚАТЫСТЫ ӘРТҮРЛІ МӘСЕЛЕЛЕР
Сұрақ:
«Оразаның уақытын хабарлаған адамға тозақ 
оты харам» деген хадис бар ма? 
Жауап: 
Соңғы жылдары жұрт: «Кімде-кім Рамазан айының 
басталуын ескертсе, оған тозақ оты харам етіледі» 
деген сөзді хадис деп таратуда. Алайда бұл – хадис 
емес, Алла Елшісіне (оған алланың салауаты мен сәлемі 
болсын) жала жабу. Біріншіден, мұндай сөз ешбір хадис 
жинақтарында келмеген және оның Алла Елшісіне (оған 
Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дейінгі иснады 
(хадисті жеткізушілердің тізбегі) көрсетілмеген. Екіншіден, 
Рамазан айының басталуы жаңа айды көрумен анықталады. 
Қазіргі таңда көпшілік мұсылман мемлекеттерде айдың 
туылуы осылайша белгіленеді. Сондықтан оны көрмей 
тұрып, алдын-ала нақты күнін айту дұрыс емес. Мұндай 
діни мейрамдар мен рәсімдерді орындау барысында әрбір 
азамат өзі тұратын елдің Діни басқармасы жариялаған 
мәлімдемеге (пәтуаға) мойынсұнғаны дұрыс.
Үшіншіден,
Рамазан айының басталуын хабарлаған адамның тозақ 
отынан құтыла салуы шариғат қағидаларына жанаспайды. 
Себебі, жәннатқа кіру мен тозаққа түсу мұндай істермен 
емес, шариғат міндеттеген істерді орындаумен белгіленеді.
Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі 
болсын) жала жабу, оның атынан біліп-білмей түрлі 
қисынсыз сөздерді айту – үлкен күнә. Мұндай іс-әрекет сол 
«хадисті» айтушы және таратушы адамның тозаққа түсуіне 
себеп болуы мүмкін. Өйткені Пайғамбарымыз (оған Алланың 
салауаты мен сәлемі болсын):
«Кімде-кім біле тұра менің 
атымнан жалған сөз сөйлесе, ол (баратын) жерін тозақтан 
дайындай берсін», – деген 
(Бұхари, Тирмизи)
. Тағы бір хадисте:
«Кімде-кім менің атымнан жалған екенін біле тұра бір 


29
хадисті айтса, онда ол – өтірікшілердің бірі»,
– делінген 
(Мүслим)
. Ғалымдар жалған хадис айтудан қайтарып, оны 
таратуға тыйым салған. Мұндай әрекетке барған адам тәубе 
етіп, Алла Тағаладан кешірім тілеуі керек деген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   60




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет