41
Сұрақ:
Қандай ауру түрлері ораза ұстамауға негіз бола
алады?
Жауап:
Адам баласы әдетте шыдай алмайтындай дең-
гейде ауырса, не ауруы болмаса
науқастың өміріне қауіп
төндіретіндей деңгейде болса,
ораза ұстамауына негіз
болады. Ауруынан айыққан соң қазасын өтейді.
Сұрақ:
Рамазан оразасын әдейі бұзған күні қатты
ауырып қалса каффарат мойнынан түсе ме?
Жауап:
Сол күні ауыз ашуға рұқсат етілетіндей дәрежеде
ауырып қалса, каффарат мойнынан түседі.
Сұрақ:
Инемен емделу оразаны бұза ма?
Жауап:
Инемен емделу оразаны бұзбайды. Ине адамның
терісіне, яғни жүйке нүктелеріне салынады. Бұл жағдайда
ағзаға ешқандай қорек бармайтыны белгілі.
Сұрақ:
Рамазанда хижама жасатқан адам «оразам
бұзылды» деп әдейі аузын ашса не болады?
Жауап:
«Хижама оразаны бұзады» деген хадистің
негізгі мағынасы: хижама қатты әлсіретеді. Бірақ, ораза
бұзылмайды. Сол себепті оразаның сауабынан айырылады.
Міне, осы хадистің түпкі мағынасын біле тұра аузын әдейі
ашқан кісі қазамен бірге каффарат өтеуі міндет.
Сұрақ:
Егер ораза кезінде әлсіздікті сезінсе, оразасын
бұза ала ма?
Жауап:
Егер аузы берік адамның оразаны жалғастыруы
ауыр болып жатса, ол күндері оразаны тоқтата тұруға болады.
Алайда жеңіл-желпі қиналғанға бола оразасын бұзуға тиым
салынады. Шын мәнінде өзін жайсыз сезініп, денсаулығына
қауіп
төнер болса, оразасын ашуға болады (мысалы,
мұсылман дәрігердің айтуымен). Құранда:
«Шынында,
Жолаушы және науқас адамдардың оразасы